аннотация
Мектеп партасынан басталатын коммунистік үгіт-насихат пен идеологияның советтік дәуірде мұғалімдердің сана-сезімдеріне мықтап орныққаны сондай, ол жас ұрпақты тәрбиелеуде күні бүгінге дейін өз үстемдігін жоя қойған жоқ.
Пьесада махаббат деп аталатын тылсым сезіммен алғаш рет ұшырасқан мектеп оқушысы, жасөспірім Рабиғаның үлкендер әлеміне аяқ басқан сәттердегі басынан кешкендері және оны қазіргі тәрбие, білім беру жүйесінің қалай қабыл алғаны бейнеленеді.