12+
Бағалым

Электронная книга - Бесплатно

Введите сумму не менее null ₽, если хотите поддержать автора, или скачайте книгу бесплатно.Подробнее

Объем: 144 бумажных стр.

Формат: epub, fb2, pdfRead, mobi

Подробнее

Жас ақын, филолог, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Эльмира Сәрсенбайқызы Есхожаева 1987 жылы 18- маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қазыбек би ауыл аймағында дүниеге келген. Жастайынан өнерге құштар Эльмира бала күнінен өлең жазып, өлеңдері түрлі аудандық газеттерге ұсынылып отырған.

2015 жылы «Бір мұңым бар» атты электрондық жеке жыр жинағы шықты.

2017 жылы «Жүрекке жылы жүз өлең» электрондық жыр жинаққа көптеген өлеңдері іріктеліп алынды.

2018 жылы «Жауқазын гүлдегенде» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрді.

2019 жылдың қараша айында «Іңкәрім» өлеңдер жинағы жарыққа шықты.

Бағалым


Тағатым таусылып сағынып, аңсаудан,

Сіз үшін ақын боп жыр жазып, ән салғам.

Тағы да көшеге шықтым бір үмітпен,

Шығар ма деп сізді күлімдеп қарсы алдан.


Маңайым көп адам, қозғалыс көлденең,

Таңырқай қараймын қарбалас елге мен.

Ұқсатқан екем ғой, тағы да сіз емес,

Ең алғаш кездескен жерге мен келген ем.


Көздерім іздейді… әлі де қарап тұр,

Таяуда келмейсіз… таусылды тағат құр.

Сағыныш сезімін өлеңге қосып ап,

Осылай жырлайды екен ғой әр автор.


Дәрменсіз күй кешіп, көңілді жүдеттім,

Суықтан өн бойым тоңды ма… дір еттім.

Сізден бір смс келіпті… алақай,

Шаттанып, жаураған жүрекке гүл ектім…


«Қарақат көзім- ау, сағынам, үздігем,

Сен үшін сүйем ғой көңілсіз күзді мен, —

дегенді жазыпсыз, күткенім осы еді,

Сол үшін бағалап өтемін сізді мен…


Бағалым

Үндемейсіз, үнсіздік пе досыңыз,

Болмай жүр ме әлде көңіл- хошыңыз?

Жау көрердей не жазып ем сізге мен,

Мұндай күйге қашан түстік осы біз?


Қаламайсыз, тағы үнсіздік арада,

Тұз сепкендей онсыз да ауыр жараға.

Бір ашылып сөйлемейсіз қырсығып,

Қайтсем екен, сізді мынау, жан аға?


Сезім жатыр арамызда… іркілген,

Көкте Күн де арылмады- ау күркірден.

Жек көрді ме, бәлкім, бізді бұл өмір,

Көп көрді ме, кезімізді бір күлген?


Бақытты сәт өтті талай бізде көп,

Жалын еді- ау, сөнбейтұғын біздегі от.

Мен бе, бәрін аңдаусызда бүлдірген,

Көрінбестей үнсіз кеткен сіз бе, жоқ?


«Келеді әлі» дейді бір кез үмітім,

Ал, түйсігім «жалған» дейді мұны тым.

Солай, солай күндер зулап өтуде,

Күтуменен жолға қарай күні- түн.


Бүгін тағы жылап алдым, не етейін,

Жылап тұрып, сырымды айтып кетейін.

Сізге деген сағынышын баса алмай,

Тілім- тілім шерге толды көкейім.


Махаббаттың білемісіз, көркі не,

Жылау… шыдау мұң- қасірет, дертіне.

Сағыныштың сары алқасын іліп ап,

Күйіп, тіпті, жанып кету өртіне.


Жараландым, білемісіз, аға, мың,

Бір ашылмай қойды- ау бүгін қабағым.

Кім не айтса, айта берсін, бәрібір,

Мен сүйген жан өзіңізсіз, Бағалым!

Ақын жаны

Оратылып жатқанда дала мұңға,

Қара күздің қаяу бар қабағында.

Біртүрлілеу бір өксік тіреліп тұр,

Ақынның жүрегі мен жанарында.


Сыр шертті демеші оны өлеңіне,

Өлеңінің қара үңіліп, тереңіне!

Жылап жатса бір ақын сұрама да,

«Себебі не» дей көрме… керегі не?


Жақынының көп көріп қиянатын,

Жанарынан ащы жас жиі ағатын.

Ғашық болса біреуге, таңырқама,

Ақында да жүрек бар сүйе алатын.


Жұмбақтау шығар елге, не сіз үшін,

Ақынның жаны нәзік, негізі шын.

Ақынды жақсы көру жақсы шығар,

Ал, оның жанын ұқсаң… егізісің!!!


Эльмира Сәрсенбайқызы


— Ой иірімі

— Тағы атты таң,

— күңгірт қала, боз дала,

— Ағаштар тұр сыбыр- сыбыр қозғала.

— Ақ қар түсіп, қайта еріп жоқ болды,

— Шаттық сыйлап көңілдерге аз ғана…

— Жарық әлем,

— жарық дүние, жарық күн,

— Бірақ, бүгін неге екенін… жабықтым.

— Сағыныштан сары моншақ тақтырған,

— Сары ала күз екендігін тағы ұқтым…

— Жұмбақ сезім,

— жұмбақ көңіл, жұмбақ жан,

— Жырын арнап келетұғын күнде ақшам.

— Өкпелетіп қойдым ба екен, сірә, мен,

— Түсінбестен сырын келіп түнде ашқан…

— Алаң көңіл,

— жалаң өмір, алдамшы,

— Мұңды өлең… ескі әніне салды әнші.

— Құр сөзге құлазымай, ей, көңіл,

— Жылы сөзге тым болмаса, алданшы…

— Жаным деймін,

— бағым деймін, жан деймін,

— Таптырсаң да, бір басыма нендей мұң.

— Ақын болып тумасам да, жырыммен,

— Ақындарша жан- жараңды емдеймін…

— Сездің білем,

— сездім мен де, түсінем,

— Махаббаттың қорықпа дедің күшінен.

— Жұрт сөзіне қайтем босқа елеңдеп,

— Көре алғандар көріп жүр ғой, ісімнен…

— Тылсым әуен,

— күлсін әлем, Күн жайнап,

— Күнде, сірә, бола бермес мұндай бақ.

— Күлімдейік, жүзімізде күлкі ойнап,

— Көңілдерді тұрса- дағы мұң жайлап…

3. Өлең жазам…


Жырға толып тұрған шақта көмейім,

Шашылып бір жырдан жақұт төгейін.

Бұл ақындық- маған келген дара жол,

Осы жолда тасып- толар мерейім…


Ойрандалып ойым қалмас, тәйірі,

Жыр төгілсе, «ақын» атқа сай, ірі.

Жаратқанның қолдауынсыз әй, бірақ,

Болар дейсің, қайбір істің қайыры???


Күмбірлетіп, сазды әуенді күйлетіп,

Қызыл тілді сатыр- сұтыр сөйлетіп.

Жақсыларды тамсандырып бір сәтте,

Жамандардың «жаман ойын» күйретіп…


Күншілдердің үнін басып күндеген,

Міншілдердің мінін басып жырменен.

Сонау белден титтей сәуле көрінсе,

Сол сәулені мен шығатын шың дегем…


Шаң жуытпай жүрген әрбір жолыма,

Сынай қарап оңым менен солыма.

Жаратқанға бір сыйынып алам да,

Мықтап ұстап қағаз- қалам қолыма…


Өлең жазып, күллі әлемді таң қылам,

Шөлдегеннің шөлін жырмен қандырам.

«Шіркін- ай» деп тамсандырып елімді,

Дұшпанымның ішін өртеп, жандырам…


Дүр сілкінтіп, он сегіз мың ғаламды,

Мен де бір күн көрсетермін шамамды.

Бүгін, ертең болмаса да… бір күні,

Өлең жазам елге ұнарлық, жарамды!!!


Ал, содан соң қос бақытым әкем мен,

Өлең жазам қоса жырлап анамды!


— Ақын ойы

— Жаңылдым ба, сірә, мен есебімнен,

— Бүгінгі күн тым ауыр кешегімнен.

— Көз іліне бастаса түнде осылай,

— Шошып, тұрып кетемін төсегімнен…

— Қара түннің пердесін ашып тағы,

— Көңілім тұр алаңдап, жасып хәлі.

— Жарқ етті де, бір жұлдыз әні сөнді,

— Әлдекімнің кеткендей қашып бағы.

— Суық самал тоңдырып өне бойды,

— Кенеттен бір қара бұлт төне қойды.

— Тырс- тырс етіп жауынның

— ..ақ тамшысы,

— Ұрлады кеп мендегі «өлең- ойды».

— Сиқыр сезім арбайды кейде мені,

— Көк теңізге батырады ой- кемені.

— Нені танып- біліп мен осы күні,

— Нені ұға алмадым, ә, кейде нені?

— Қара шашын таранып қара түнім,

— Дегендей, «мен келдім, ал, ақыным».

— Кеш қарайса, мөлдір мұң тұсап алып,

— Әдетім ғой, мұңға батып қалатыным.

— Көзді жұмсам, не сезіп, не көремін,

— Жанға жақын бұл күнде тек өлеңім.

— Мейлі бақсыз, бақытсыз боп өтейін,

— Өлсем, бірақ «өлеңім» деп өлемін…

— Қара қыздан қара өлең

— Бүгін сондай көңілдімін, ей, пенде,

— Меніменен қуанып тұр кең дала!

— Шатқа толы сезім тулап кеудемде,

— Жоғалғандай жүректегі шер- нала.

— Қолым созып аспандағы Айға мен,

— Текке өткізіп жүріппін- ау уақытты.

— Құрып алып өз өзімнен қайғы әлем,

— Байқамаппын басымдағы бақытты.

— Болмашыға жүрегімді мұң жайлап,

— Тарылғандай болушы еді тынысым.

— «Тағдыр- ағай» өз дегенін ыңғайлап,

— Сыйлай берді одан сайын ұлы сын.

— Мұңнан соғып әлемімнің қақпасын,

— Ұмытқандай күй де кештім күлкімді.

— Мұның бәрі жанға аяусыз батқасын,

— Жүрек жылап, іштей ғана бұлқынды.

— Іштей сөгіп жүрген қанша пенделер,

— Ұға алмаған болар менің халімді.

— Өлең жазып, түндерде тек сенделер,

— Ақын жүрек ұлы дертке шалынды.

— Мейлі, кетті, өткен өтті, ұмыт бәрін,

— Қазіргі күнім жарық, сол бастысы!

— Қарашы, атты тағы тұнық таңым,

— Әр күнім- тағдырымның қолбасшысы!

— Бойымды бір керемет сезім билеп,

— Салқынын сезінбедім қара күздің.

— Тағдырдың «бөрте біткен безін» түйреп,

— Бақытты күні келді қара қыздың!!!

— Сәби сүйсем…

— Іздегенде, бағыт берер жол шықпай,

— Тағдыр тезі мені талай қорқытты- ай.

— Бар мұңымды ұмытар ем, егер де,

— Сәби сүйсем, шекесі бар торсықтай…

— Дейсіздер ғой, мына мені бақ тапты,

— Иемдендім «ана» деген жақсы атты.

— Шүкір деймін, артық болмас бірақ та,

— Сәби сүйсем, шырындайын тәп- тәтті…

— Бес жасымда шашымды анам өріпті,

— Анам менен өз бейнесін көріпті.

— Ұлға- бауыр, қызға- серік дегендей,

— Сәби сүйсем, көз тойдырар көрікті…

— Таймай келем шүкір менен тәубәдан,

— Жан- дүниемді жақсы ниет баураған.

— Жақсылардың қалмай ерген ізінен,

— Сәби сүйсем, әкесінен аумаған…

— Тілеуімді берсін Аллам жалтартпай,

— Қалмайыншы көкке қарап жалтақтай.

— Сыңғырлаған шат күлкіге тойдырар,

— Бір керемет сәби сүйсем, балпақтай…

— Бұл айтқанға келіс, мейлі, келіспе,

— Айта берем, сақтамаймын тегі іште.

— Бар әлемді тек шаттыққа бөлеген,

— Сәби деген- періште ғой періште…

6. АЛЛА, саған ризамын,

өмірде мынау барым үшін!

АНА, саған ризамын,

бойымдағы әппақ арым үшін!

ӘКЕ, саған ризамын,

тамырымда аққан қаның үшін!

БАУЫР, саған ризамын,

қашанда құрбан жаның үшін!

СҮЙГЕНІМ, саған ризамын,

сыйлаған мінсіз бағың үшін!

ДОСЫМ, саған ризамын,

бір болған әркез шағың үшін!

ТАҒДЫР, саған ризамын,

таттырған у мен балың үшін!

ӨМІР, саған ризамын,

үйреткен маған барың үшін!

Ризамын шексіз ризамын,

кеудемде тұрған жаным үшін!

Ризамын Алла, ризамын саған,

арайлап атқан таңым үшін…

Шүкір!!!


7. Диалог


Жігіт:

Жанарыңнан мөлдіреген мұң көріп,

Шыдай алмай жүрмін ботам, күнде «өліп».

Сенің мәңгі болсам егер жаныңда,

Қараушы едім көңілімді шын бөліп…


Қыз:

Не көрдіңіз жанарымнан тұңғиық,

Тағдыр шығар берген маған мұңды үйіп.

Әттең, сіздегі орындар ем тілекті,

Түсінші, аға, арым менің тым биік…


Жігіт:

Сеземін ғой, сезіп жүрмін ақ гүлім,

Сенсің қазір жазар жырым, шаттығым.

Мың сұлудың арасынан бір саған,

Көзім түсіп, есім кетті тап бүгін…


Қыз:

Сезім, шіркін, білемін ғой, тамаша,

Махаббаттың тым жоғары, бағасы, ә?

Бал бақыттың құшағында оянып,

Қуанасың, шаттанасың балаша…


Жігіт:

Кел ендеше, саған сезім сыйлайын,

Сен дегенде «жүрек» дейтін сый дайын.

Сені көріп көңіл толқып бүгінде,

Түсініксіз болып кетті күй- жайым…


Қыз:

Қайтсем екен, күнді мынау көңілсіз,

Ұға алмайсыз, жайымның бұл жөнін сіз.

Сізге деген көңілде бір жылу бар,

Ал, жүрек ше, үндемейді, неге үнсіз?


Жігіт:

Уақыты бар әр нәрсенің діттеген,

Құлай көрме, соққан желге «үп» деген.

Қара да тұр, бәрі жақсы болады,

Бақыт алда, біздер әлі күтпеген…


Қыз:

Шерім төгіп өзіңізге жылап ем,

Үміт сыйлап қойдым ба екен сірә, мен?

Кінәм болса, ол мендегі, жан аға,

Ұнағаным үшін сізге кінәлі ем…


Жігіт:

Арың биік, бір мен үшін бар бағаң,

Сендей жанды іздеп, ғалам шарлағам.

Сенің кінәң емес еді, гүлім- ау,

Кінәлі мен- сені сүйген жарлы ағаң…


Қыз:

Қиялыммен теңіз кешіп, қыр асам,

Құлпырамын, гүлдей жайнап, бүр ашам.

Жақсы шығар, ақын аға, не дейін,

Ақ жүректі сіздей жанға ұнасам…


8. Адамдар арасынан адам іздеп…


Көңілдің алып- ұшып пернелері,

Жүрегім сұлу жырға шөлдегені.

Бір үміт жетелейді алып шыңға,

Ұшырып әкетердей жел де мені.


Алыстап кетті неге өлең менен,

Досым да, серігім де өлең дегем.

Өмірдің «таяғын» жеп өкінсем де,

Өлеңмен өріс кеңіп, өнем деп ем.


Шаттығы жоғалса да көңілімнің,

Демеймін, өшті, бітті, өмірім мұң.

Қараңғы күндерімді жарық еткен,

Сәулесі көп те шығар өмірімнің.


Алдамшы бәрі бүгін, жалған бәрі,

Дертіме- өлеңім ем, болған дәрі.

Адал дос қана қалды меніменен,

Амал дос екендер ә, қалғандары?


Бір пайдаң тиіп жатса аламыз деп,

Тимесе, оп- оңай- ақ араны үз деп.

Мен тағы әлек болып жүрмін бүгін,

«Адамдар» арасынан «адам» іздеп…

9. Бақыттымын


Кетті менен жабырқау да, тұнжырау,

Жоқ ендігі жалған күліп, шын жылау.

Мейлі, мейлі, кім не десе, о десін,

Бақыттымын бәрінен де құрбым- ау!


Сынақ келсе, сарыламын, сарқылам,

Ерке өстім, сол ғой- менің бар кінәм.

«Бақыт» әркез болады енді жанымда,

Күндер өтіп, ай жылжысын артынан.


Ашу- ыза, жоқ менде еш «кек» деген,

Кінә артпадым ешкімге де текке мен.

Құшағымды аштым барлық адамға,

Жатсынбадым, өзектен еш теппегем.


Мақсатым бар, алға қойған өзіндік,

Көзім ашық, шүкір етем, сөзім нық.

Сабыр қылдым, үміт ете жақсыдан,

Көрсем- дағы өмірімде не «сұмдық».


Махаббат па, ол да болған бір кезде,

Сүйгеніме сыйлап талай «жырдесте».

Азабы мен ғажабы оның бар екен,

Кетпестейін естелік боп тұрды есте.


Ал, қазір ше, мүлде бөлек жағдайым,

Бақыттымын, ашық бүгін маңдайым.

Жабырқасам, көңілім түсіп сәл ғана,

Көзімдегі жасым сүртер ЖАН дайын.


Бақыттымын, тағы қалай шаттанам,

Қайғы- мұң да, бәрі бүгін жат маған.

Сүйгенімнің «жаным» деген сөзінен,

Қуаныштан Көкке «ұшуға» шақ қалам.


Мен осындай өміріммен мақтанам!!!


10. Серт

Кеш түсті. Тағы бір күн өтіп,

Санамды сансыз ой тербеген.

Жүзімді сағыныш түнертіп,

Жүректі кернейді шер деген.


Бақытқа бөлендік кеше біз,

«Махаббат» аралын мекендеп.

Өтсе де неше жаз, неше күз,

Серт еттік шын сүйіп өтем деп.


Білем ғой, бәрі де жасырын,

Жымиып қарайсыз ұрланып.

Тамсанып тұрғандай ақырын,

Көкте Күн қарайды нұрланып.


Қимастық кернеген жүректі,

Қоштасу сәті де таяды.

Ал, бүгін сондай бір күн өтті,

Еске алып сол кезді баяғы.


Сүйгендер бір жүрсе егілмей,

Өмірдің білгенге, сол мәні.

Сағыныш дертіне жегілмей,

Мәңгілік бір болса болғаны.

11. Ой түрткі

Кездерім көп жылаған да, күлген де,

өмір- жалған, мен осыны білгем бе?

Жан құлазып, көңіл сынып бір мезет,

жүрегімнен атқып шығар жыр демде.


Десем- дағы көңіл- дархан, от- кеудем,

тауқыметін тағдырымның көп көргем.

Таңғажайып әлемім, ол- жалғанда,

«өлең- жырым» маған демеу боп келген.


Соқпағында сан сүрініп жалғанның,

«арнасында» өмір сүрдім арманның.

Бақыт іздеп, қолым созып биікке,

мақсатымды «қару» етіп қармандым.


Жүрегімде жырым жатыр жұлқынған,

жанарымнан ұғып қара сыр тұнған!

Өлеңді емес, өмірімді талқылап,

өсек айтып жүргендер көп сыртымнан.


Көзқарасын маған деген түрлі етіп,

шаң баспаған көңілімді кірлетіп.

«Екі жүзді» адамдар жүр жанымда,

бетінде бір ұяты жоқ мүлде түк.


Тарам- тарам жолдарында тағдырдың,

Ұға алмайсың, әлжуаз кім, алғыр кім.

Жыға алғанды шалып мені аяқтан,

Бір Алланың еншісіне қалдырдым…


12. Әдемі бас қосудан кейін туған ой

Осылай өтіп жатса мәңгі, ә, күнің,

Тапқандай бір ерекше жанға тыным.

Тәңірім өзі қолдап барша ақынның,

Төрінде басын қосты Алматының…


Барлығының жүзінде шаттық есіп,

Тұрғандай бір- біріне бақ тілесіп.

Ән шырқап, жырлағанда әр көңілде,

Ақ пейіл, таза тілек жатты нешік…


Жар болды жаратқаным мына бізге,

Қайтемін қуанышты сұрап өзге?

Көктегі Күн де шуақ шашып тұрды,

Төккендей мейірімін сірә, күз де…


Көңілде мәңгі көктем тұратындай,

Жыласаң, қуаныштан жыла тынбай!

Есімі біраз жерге мәлім болған,

Мың алғыс ағамызға Бөрі ақындай!


Еш етпес, мейлі, аздау болса да айып,

Жанардан бақыт жасы қоса тайып.

Қуансақ, бізбен бірге шын қуанған,

Ағам бар, ақ көңіл жан- Пошатаев!!!


Арамыз үзілместей жол арқандай,

Әлі алда тек жақсылық болар қандай!

Көңілі жас баладай аңқылдаған,

Мың алғыс, ағамызға Омархандай!!!


Кеудемде жаным барда, хақым барда,

Жырлаймын «ақын» деген атым барда.

Келесі кездескенше бар болайық,

Тілегім осы болсын, ақындарға!!!

13. КҮЗ КӨҢІЛ

Сансыз ой сананы қинауда текке кеп,

Тағатсыз күй кешті жабырқау хәлім де.

Өзіңмен өзің қап бұртиып, өкпелеп,

Жүрегім, айтшы енді, ренжідің ә, кімге?


Таңырқап отырмын жайыңа мен бүгін,

Кеудемді ұрғылап, дамылсыз соққаның.

Құдай- ау, араша болады енді кім,

Түскендей күйдемін өртенген отқа мың…


Талқысын тағдырдың тәрк етіп бес елі,

Жаныма жетсе ғой… аңсарым, аяулым.

Санамда жаңғырып өткенім кешегі,

Сандалып кетердей күйдемін таяу күн…


Арманым алыстап кетті ме тым жырақ,

Әлде, мен ұға алмай қойдым ба қадірін?

Күз еніп келгелі жүргенім тұнжырап,

Таусылып бара ма, құдай- ау, сабырым…


Енді бір бақытқа жеткенде сан- сынақ,

Желіккен желменен жарысып жеткені.

Жанардан жақұттай бір үзік тамшылап,

Құдды бір кінәлап жатқандай тек мені…


(Жазықсыз жанардан бекерге жас төгіп,

Тағдырдың дәл бұлай еткені неткені???)


14. Мен әйелмін…

Жаны нәзік, ерекше… дара туған,

Бар сұлулық өн бойына таратылған.

Мейірімін шашатұғын маңайына,

Мен әйелмін…

Күн нұрынан жаратылған…


Бүкіл әлем бір өзіне қаратылған,

Әйел- Ана, қашан да дара тұлғаң.

Сол анадан туылып өніп- өскен,

Мен әйелмін…

Әйел боп жаратылғам…

15. ТҮС

Түндегі сансыз жұлдызы сынды көгімнің,

Көкейіме кеп өлең боп әсем өрілдің.

Жанымды сенсің тәтті бір мұңға бөлеген,

Нұрым да өзің ажарын ашқан көңілдің…


Сезімім тасып, жүректе сұлу күй тұнған,

Серігім бүгін «сағыныш» атты сүйкімді ән.

Өзіңмен, жаным, бақытқа жетіп қуанғам,

Түсім бе, қайдам, оята көрме ұйқымнан!


Алқынды сірә, баса алмай жүрек аптығын,

Өзіңдей жаным, көңілдің кілтін тапты кім?

Таңым да күліп атқандай бірге өзіңмен,

Шуағын төгіп, қызарып барып батты күн…


Жүректі ғажап тербетер еді расында ән,

Табылып жүрсең үнемі менің қасымнан.

Сен екен деймін сағынып жеткен өзімді,

Самалы күздің сипаса келіп шашымнан…


Сезімге шомып тұрғанда біздер жараса,

«Қоя тұр» — дедің, «үндеме, бәрі тамаша».

Көзіме қарап, көзіңді сол сәт ала алмай,

Бөлендің бе екен, бір ерек күйге жаңаша?


Тапқандай едім өмірден мінсіз бағымды,

— Сындыра көрме, Жаратқан ием, сағымды-

деп іштей өзім күбірлеп қоям,

…сол сәтте

Оянып кеттім, түс екен бәрі… жағымды…

Мейлі…

16. Сынық көңіл


Құдай- ау, не деген сәтсіз өмір,

Кеше ғана басқа еді бәрі де.

Күрсінісін жүрегімнің бір пенде,

Ұға алмай жүр әлі де…


Тыныс бітіп, маза кетті тағы да,

Ұғар екен күйімді бұл енді кім?

Тіктей алмай құлазыған көңілді,

Жылап алдым мен бүгін…


Сары ала күз келді тағы күрсініп,

Жапырақ та жерге түсіп қуарған.

Мен отырмын түсініксіз хәлімде,

Күйге түсіп жыларман…


Кімге жетер жанайқайым іштегі,

Құлақ асар пенде бар ма сөзіме?

Бәрі өзімнің кінәм болса

…қайтейін,

Өз обалым өзіме…

17. Күз- сағыныш. Күз- сезім

Көңілімнен кетті ұшып,

Қуанышым. Неліктен?

Жүрегімді дерт қысып,

Тыныс бітіп, деміккем.


Күз күрсініп, бағымның,

Солдырды ма, ақ гүлін?

Бақытты, мәз шағымның,

Болғаны ма, жат бүгін?


Кімге еркелеп, мұңданам,

Кімдерге аян жайым шын?

Жоқ та шығар мұңды адам,

Менен өткен уайымшыл…


Ыршып түстім шошынып,

Өз ойымнан бір мезет.

Жылап алдым қосылып,

Жауынменен бірге кеп…


Жәутеңдеген қарашық,

Кімді аңсады? Білмедім.

Кейбіреудің бағы асып,

Жылады екен бірде кім?


Ойларымды растайды,

Суық самал Күз де елеп.

Жанарымнан жас тайды,

Ренішім көп сізге деп…


Ойлар мені жетектеп,

Өткеніме болдым тап.

Естеліктер өбектеп,

Елестеді солғын бақ…


Түсті есіме сол бір сәт,

Сұр көйлекті қыз кезім.

Ол бір әсем, мөлдір шақ,

Күз- сағыныш, Күз- сезім…

18. Сағыныш

Күз- сағыныш. Күз- сезім


Көңілімнен кетті ұшып,

Қуанышым. Неліктен?

Жүрегімді дерт қысып,

Тыныс бітіп, деміккем.


Күз күрсініп, бағымның,

Солдырды ма, ақ гүлін?

Бақытты, мәз шағымның,

Болғаны ма, жат бүгін?


Кімге еркелеп, мұңданам,

Кімдерге аян жайым шын?

Жоқ та шығар мұңды адам,

Менен өткен уайымшыл…


Ыршып түстім шошынып,

Өз ойымнан бір мезет.

Жылап алдым қосылып,

Жауынменен бірге кеп…


Жәутеңдеген қарашық,

Кімді аңсады? Білмедім.

Кейбіреудің бағы асып,

Жылады екен бірде кім?


Ойларымды растайды,

Суық самал Күз де елеп.

Жанарымнан жас тайды,

Ренішім көп сізге деп…


Ойлар мені жетектеп,

Өткеніме болдым тап.

Естеліктер өбектеп,

Елестеді солғын бақ…


Түсті есіме сол бір сәт,

Сұр көйлекті қыз кезім.

Ол бір әсем, мөлдір шақ,

Күз- сағыныш, Күз- сезім…

19. Мөлдір сыр

Қарашы, аға, Күз де келді сұрланған,

Жанарымнан не көресіз мұңданған?

Түнге барып ашсам ба екен сырымды,

Күнге барып айтсам ба екен нұрланған?


Ұрлап алып балдай тәтті ұйқымды,

Көңіліме бір ғажайып күй тұнды.

Қайта ғашық болсам ба екен еріксіз,

Айға ғашық болсам ба екен, сүйкімді?


Соқпағында бұл өмірдің сан қырлы,

Бірде дауыл, бірде атқан таң нұрлы.

Сізді ұнатып қалсам ба екен, не етейін,

Күзді ұнатып қалсам ба екен жаңбырлы?


Сезім шіркін, армандарға бастаған,

Сүйе де алар жүзге жеткен жаста адам.

Жүрегімді сізге ұсынып көрсем бе,

Түнегімді жарық еткен жақсы адам!?


Жапырақтай жерге түсіп қуарған,

Күйге түстім жабырқаулы, жыларман.

Қайта бастап сүрсем бе екен өмірді,

Қайда бастап барады екен бұл арман?


Қайтер едік, сезім шіркін, міз бақса,

Мұны, сірә, ойладық па, біз баста?

Сізді сүйіп қалсам ба екен ертерек,

Қызды сүйіп қалмай тұрып сіз басқа?


Ғажап екен, шын беріліп сүйсең- ай,

Сезім деген қос жүрекке енсе оңай.

Асып өтіп қамалдардан ойланбай,

Ғашық етіп алғам сізді… мен солай…


Өзгешесіз, ұқсамайсыз басқаға,

Махаббаттың жолы неткен асқақ, ә?

Жырым осы сізге арнаған ең нәзік,

Сырым осы, тек ешкімге ашпа аға!


21. Алам десең, сырқатын ал анамның!

Я, Раббым!

Жебеушісі жеті қат Көк ғаламның,

Естимісің, жалынайын саған мың.

Сенен күшті, сенен зорын көрмедім,

Тілеуін бер, қолын жайған адамның!

Сенің ғана қолдауыңнан нәр алып,

Көңілге де мың жұбаныш табармын.

Беретін де, алатын да өзіңсің,

Таға алмаспын ол жағынан саған мін.

Бес күн мынау тіршілікте мың құлап,

Сынағына тағдырдың бір таландым.

Тілеуім бар енді өзіңнен, я, Раббым,

Өзге ештеңе қажет емес маған дым.

Жалынайын, жалбарынып, жылайын,

Құдіреті күшті Аллам, бір саған,

Алам десең, сырқатын ал, анамның,

Берем десең, дауасын бер, жарамның!


Алам десең, сырқатын ал, анамның!!!


Аналар ауырмасын! Балалар жыламасын!

22. Әзіл- шыны аралас

Жасырғанмен іштегі шер- мұңымды,

Кім түсінер жағдайымды бүгінгі?

«Необычный» жыр жазайын деп едім,

Көңіл- күйім бүгін аздап бүлінді…


Әр таңымды бақытым деп қарағам,

Тілеуімді беріп Аллам қалаған.

Бірақ, кейбір адамдардың пиғылын,

Түсіне алмай қатты талай «головам»…


Өткендерім көз алдымда бұлдырап,

Өзегімді мың өкініш ұрғылап.

Дегенменен, жақсы шығар деп қоям,

Орыстардың «бедасынан» бұл бірақ…


«Көзің сұлу, өзің сұлу, әппағым,

Сенен өзге бір жақсыны таппадым» —

Деп біреулер «суперский» сезімін,

Паш етсе де, елең етіп жатпадым…


Өлең жазып жүрсем- дағы салмақтап,

Баға берер жандар да бар ардақтап.

Арасында гүл шоқтарын лақтырып,

Біреулер жүр «сердцелері» қалбақтап…


Ойымды айтсам, кім түсініп, күлер кім,

Махаббат деп өлеңдеттім бірер күн.

«Ғашықсың ба, кімді ұнаттың» демеңдер,

А так мен де «женасымын» бір ердің…


Құс емеспін, әрине, мен тордағы,

Демес те едім, бағым басқа қонбады.

«В браке» деген маңдайшаға қараңыз,

Көз жүгіртпей суретіме фондағы…


Тақтырмаспын бойымдағы арға мін,

Шүкір еттім қолымдағы барға мың.

Туралығын айтамын деп ренжітсем,

«Характерім» осы менің, талғамым…


Кім жақтырар бөспе мінез, мыжыңды,

Деп жүрмегін іштей кейіп «ту, жынды».

Осыменен аяқтайын, тоқтайын,

Қызғандырып алмай тұрып «мужымды».

23. Бақыт таңы

Бүгінгі бал күнім- бақыттың нышаны,

Көгімде Күн күліп, өбектеп қарады.

Бесплатный фрагмент закончился.

Купите книгу, чтобы продолжить чтение.

Введите сумму не менее null ₽, если хотите поддержать автора, или скачайте книгу бесплатно.Подробнее