Тұран дүниетанымы
«Әубаста шежіресі»
I. Өлгеннен
1. Әубаста, тек жаратқанның өзі болды.
2. Ол шын дүние, және мәңгі болып қалады. Ол дүниенің өзі де, заты да, негізі да Жаратқан.
Адам баласы өз ой санасының тарлығынан, өзін жаратқанға жақындату ойымен, шын дүниені бөлек, ал жаратқанды тек ол дүниенің билеушісі ретінде қарайды, бірақ ол қате көзқарас.
3. Сол әубаста уақытына қатысты, жаратқанның тұңғыш есімін «Өлген» -ді айтады.
4. Жаратқанның бұл есіміне сүйене, адам баласы жалғаннан дүние салып, жаратқанның құшағына қайтқан жаратылысты «өлген» дейді.
5. Жан салғанды жаратқанның есімімен атау жәйдан жәй емес, ол ақ бата, өйткені жан салған адам баласы болсын, басқа жаратылыс болсын, ол жаратқаннан кері айналып, алғысын айтпаған сорлы болуы мүмкін, сондықтан жаратқан қайтқанның күнәларын кешіріп жанын құшағына алсын деген ниетімен оны «Өлген» дейді.
6. Жаратқанның екінші есімі «Құдай», жалған дүние жаратылу уақыт барысына қатысты айтылады. Ол кезеңге қатысты жаратқанды «Құдай» деу себебі келесіде, өйткені, жаратқанның жалған дүниені жаратуы адамзат үшін өте құдды болды, сондықтан адам баласы сол кезеңді сөз еткенде жаратқанды «Құдай»
дейді, егер жаратқан жалған дүниені жаратпағанда, кәзір адамзат та болмас еді.
7. Жалған дүниені жарату жолында, Құдай ең бірінші алып рухты жаратады, ол рухтың есімі «Ерлік», бұл рухты Құдай жалған дүниеде елшісі және құт-құдыретін таратушы болсын деп жаратты.
8. Содан соң, Құдай бүткіл жалған дүниені жаратты, жалған ол тұтасты толық дүние, адамзаттың бастамасына дейінгі өткен жолын, жалғанның да тарихы ретінде қарау қателік, өйткені, жалғанның ішінде адамзат бастамасынан ақырына дейін бір тамшымен тең, ал шын дүниеде күлтіктен де әлде қайда кіші.
9. Сол жалғанның ішінде кейіннен адамзатқа үй болатын жер де болады. Бастапқыда, жер қараң болды, бірақ Құдай Ерлікке жерді жәннәтқа айналдыруды бұйырады.
10. Ерлік алдымен жер сыртын суға толтырады, солай мұхиттар пайда болды, сосын су астынан сазды алып оны жердің үстіне төкті, солай түзу жерде таулар мен жартастар пайда болды.
11. Өз ісіне көңілі толып, Ерлік мақтанышпен Құдайға оралды, бірақ жаратқан алып рухтың ісін толық деп санамады. Құдай жерді өсімдіктермен жануарларға толтырды және жалғандағы әр тірі жаратылыс қараң болмасын деп құт көздерін жаратты, жерге басты құт көздері — күн мен ай болды.
12. Бірақ Ерлік күн мен айды жерге қимады, оларды алып қайтармауға тырысты, ол қылығы үшін Құдай оны жазалды, жалғанда елші болудан және құт-құдыреті таратушы болудан шеттетті.
13. Күн мен айды орындарына қондырған соң, Құдай жалғанда елші болатын, құт-құдыретін тарататын екінші рухты жаратты, ол махаббатқа толы рух болды, ол рухтың есімі «Ұмай-ене». Бұл рухты шежірешілер әр дәуірде әр түрлі атады, мысалы «Табиғат ана», «Жер-су» және «Құддық» деген атаулары әлі күнге дейін бар, бірақ ең тұңғышы және дұрысы «Ұмай-ене».
14. «Ұмай-ене» жалғанды қамқорлығына алған соң Құдай адамды жаратты, және анықтай кететін жәйт «адам» ол есім емес, ол «рух» дегендей жаратылыстың зат болмысы, «адам» сөзі «қызыл ет» деген мағнаны білдіреді, Тұңғыш адамда есім болған жоқ, сондықтан шежірешілер оны ерекшелеу үшін «Адам-қан» деп атады, «Қан» сөзін қосу ол адамның алдында жаратылған рухтардан, зат болмысы басқа екенін белгілеу.
15. Жаратылған адам бірден тірі болған жоқ, бастапқыда ол ұйқыда болды. Ұйқы ол шын дүние мен жалғанның аралығы. Сол ұйқы күйінде Құдай оны жерге қондырады да, осы адам осы жер-жәннәтті мекендейтін болады деп жариялап итке сол ұйқыдағы адамды күзетуді бұйырады.
16. Жазаланған үшін Құдайға ызаланған Ерлік жер-жәннәтін адам мекендейтінін білгенде, оны адамға қимай, итті алдап, ұйықыдағы адамға барды, оны өз құлы қылдыру үшін. Алдымен ол ұйқыдағы адамды оятып тірілтті. Тұңғыш адамды Ерлік оятқандықтан ол «Ер» болды, оны оятуы Ерліктің жаратқан Құдайға кегі болғандықтан, адам «Еркек» болып тірілді. Тірілткен соң Ерлік адамның зат болмысын да, жанында кірлетіп, ластады. Содан кейін ол адамды Құдайдың берген келбетінен айыру үшін үстіне жүн өсіріп, бетін кәртәйтті, және адамның беті соншалықты жеркенішті болып шықты. Ерлік өзі адамнан жеркеніп «Бұндай бетімен бас болғанынан көрі болмағаны жақсы, бұл Албасты, құл болуғада жарамайды» деп адамды сол түрімен тастап кетеді.
17. Ерліктің істегенін Құдай көрді де, білді де, ол албасты болып жатқан адамды жүнінен тазартып, бет әлпетін қалпына келтірді. Лас болған зат болмысын да, жанын да тазартты. Бірақ адамның ішінде бәрі бір «ерлікпен кекшілдік» қалды, ал заты «Ер» болғаннан өзгермеді.
18. Адамды қайта адам қылдырған соң, Құдай барлық жаратылыстарынан алғыс сұрады. Сонда барлық жаратылыстар Құдайға табынып алғыс айтты, тек Ерлік олай жасамады. Ол Құдайға «мен сенімен теңмін, құдыретім сенікінен кем емес, сондықтан саған табынып, алғыс айтпамын» дейді.
Сонда Құдай тастың суын шығарып, сол судан тағы бір рухты жаратады, ол рухтың есімі «Мықты» еді.
«Егер сенің құдыретің менікімен тең болса осы рухты жең» деді Құдай Ерлікке.
19. Мықты мен Ерліктің арасында шайқас басталды, бастапқыда Ерлік басымдықты алып жеңетіндей болды, бірақ Мықты өзін судан жаратылғанын ескере тұра, қу айла тәсілменен Ерлікті жерді ораған мұхитқа батырып, шайқасты су астына көшірді. Су астында Мықты басым болды, және Ерлікті жеңді, бірақ Мықты онын көзін жоймады. Жеңілген Ерлікке «сен жаратқанның бергенін және сені жаратқанын бағаламадың, сол үшін сені жер астына қамаймын, неден айырғанын көру, сол саған жаза!» деп Мықты оны жер астына қамады.
20. Мықты жеңімпаз болып Құдайдың алдына келді, Құдай оның шайқастағы айлакерлігін бағалап оған «батыр» деген лақабат береді, солай Мықты рух тұңғыш батыр болды және Ерлікке жасаған жазасында дұрыс санап, иемділігіне ұлы күшті және әділдікті беріп Мықты батырды жалғанның қорғаушысы қылдырды, кей шежірелерде семсермен кітап берілді делінеді. Мықты батыр рух болса да, ол Адам-қаннан кейін жаратылды, демек Адам-қаннан кіші, сондықтан адам баласы рухтың «батыр» лақабатын атақ ретінде емін-еркін пайдаланады.
21. Барлық жаратылыстар Құдайға табынып алғыстарын айтқан соң, барлық жаратылыстар өз орын мекендеріне, ұяларына қонды. Адамда адам болып, жәннәтқа аяқ басты, сол сәттен бастап жаратқанның үшінші есімі айтылады, ол есім «Тәңір».
«Тәңір» сөзі «ең жоғарғы» деген мағнаны білдіреді, демек жаратқан әр жаратылыстан, жер-жәннәтінен және бүткіл жалғаннан да жоғары деген мағынада айтылады, және «Тәңір» сөзін «шыңғыс» сөзімен теңестіруге болмайды. Мағналары ұқсас болсада « шыңғыс» сөзі тек өлшемді жалғанға және жаратылыстарға қатысты айтылады.
II. Келін
22. Кең жер-жәннәтта Ұмай-ене таратқан Тәңірдің құт-құдіретін тарататын көп және әр түрлі құт көздері болды. Олардың ең үлкені — ол тамырларын жер астына жіберген, өзі аспанға созылған, жуан және үлкен ағаш еді. Бұл ағашқа жаратылыстар келіп оның жемістерінен, шырынынан, жапырақтарынан және қабығынан дәм татып, өздеріне сай құтқа иемденетін. Жер-жәннәтта ең үлкен құт тарататын көз болғандықтан шежірешілер ол ағашты «бай» деп атады, бұл сөздің мағнасы «өзгенің өміріне жауапкершілік алу және жауапты болу».
23. Сол ағашқа Адам-қан да келеді, оны қызара пісіп тұрған жемістер қызықтырады. Біреуін жұлып алу үшін ол ағашқа жақындай берген кезде, оның алдынан Ұмай-ене шығады. Адам-қан одан ағашта өсіп тұрған жемісті сұрап, алақандарын созады, сонда Ұмай-ене оған «Тәңір сені рухтармен теңдестіріп мәңгі өмір сүретін қылдырып жаратты, сондықтан саған бұл құт көзінен дәм тату да қажет емес, және бұл жемістерді де алма» деп айтады. Сол сәтте Адам-қанға ол жемістерді алуға тыиым салынды, және ол жмістер «алма» деп аталды. Ағаштағы жемістерді бермесе де Ұмай-ене Адам-қанды бос қол жібермеді, алақандарына көсіп жер салып берді де «алтын сенің иелігің» деді, Адам-қан алғанымен жолын жалғастырды. «Алтын» сөзі кәзіргіде металл атауы ретінде кеңінен таралған, және әдебиетте екі көнелеу мағыналары да сақталды, олар «өз өзіне жеткілікті — баршылық» және «барға риза болу — шүкіршілік», бірақ «алтын» сөзінің негізгі мағынасы ол «жәннәт» кейіннен жер-жәннәт жер-табиғатқа айналған соң, бұл сөздің негізгі мағынасы бұрмаланып басталды.
24. Жолын жалғастырған Адам-қанның жанын жалғыздық мазалайды, әбден қинала ол өзіне серік жасауға бел буады. Өз болашақ серігін өзіне ұқсайтын қылдырады. Бас, бет, құлақ, мойын, бел, табан, шектеріне дейін жасайды, тірілсін деп өз жанымен бөліседі, бірақ ол жанды жаратылыс емес аспап болып шығады. Еңбегінің нәтижесіне қанағат болмай, Адам-қан ашуланып ол аспапты лақтырып жібереді, жерге дүп деп түскен аспаптан домбыраланған дыбыстар шығады. Ерекше дыбыстарға қызыққан Адам-қан аспапты жерден алып «домбыра» деп атап, шектерін тартқаннан төгілгенүнге ерекше толқып, аспапта ойнай бастайды. Өз ойынымен жалғыздық күйін сыртқа жар салады. Домбырадан төгілген күйді естіген әр жаратылыс Адам-қанның жан жалғыздығын сезеді. Төгілген күйді Ұмай-енеде естиді. Күйдің әсері соншалықты ол Адам-қанды аяп, оған серік болсын деп әйелді жаратады. Әйел жалғандағы Ұмай-ененің кейпі. Тұңғыш әйелде есім болған жоқ, бірақ шежірешілер оны «келін» деп атады, өйткені ол Адам-қанға серік болу үшін, өміріне келуші болып табылады. Адам-қанның өміріне әйелдің келуін «бет ашар» салты суреттейді.
25. Адам-қанның өміріне әйел келгенннен оның өмірі бақытқа толды, және бұл бақыт мәңгі болатындай еді. Бірақ бір уақытта жалғыз жүрген әйел алма ағашқа келеді. Қызарған алмаларға қызығып қараған әйелді көрген жылан оны алманы жеуге азғырады. Ақ көңіл әйел жыланның сөзіне көніп, алмадан дәм татып, Ұмай-ененің тыйымын бұзады. Соған жаза ретінде Ұмай-ене жер-жәннәтті жер-табиғатқа айналдырады. Адам-қанды мәңгі өмірінен айырды, ал оның ұрпағын жалғастыру әйелге жүктелді. Кейбір шежілелерде бұл тыйымды салғанда, оны бұзған үшін жазалағанда жаратқан Тәңір деп айтылады. Бұны түсіну үшін, білу керек, Ұмай-ене ол Тәңірдің жалғандағы елшісі және оның әр ісі Тәңірдің бұйрығы.
III. Қам-баба
26. Жер-жәннәт жер-табиғатқа айналған соң, Адам-қан мен әйел ұрпақ жалғастырып тіршілігін жасады, және оларға бөлінген уақыт біткен кезде Тәңірге қайтты, ол адам баласы ұрпақтан ұрпаққа көбейіп үлкен халыққа айналды.
27. Тұңғыш халықтың коғамында өте маңызды орын бақсыларда еді, олардың жауапкершілігінде бүкіл жұртты дұрыс жолдан тайдыртқызбайтын әр нәрсе болды, және ең басты міндеті адам баласына Тәңірге деген алғысты ұмытқызбау. Бірінші болып адам баласына Тәңірге деген алғысты ұмытпау насихатын жасаған Адам-қанның өзі. «Бақсы» сөздің мағынасы «бақ жолын көрсетуші». Әрине бақсылар тек насихатпен шектелген емес, өлшеумен зерттеуден бастап ұстаздыққа дейін солардың ісі және ерекше айта кететін іс ол емдеу немесе «құтқару» демек, олар Тәңірдің құт күшін емдеуге жарата білген. Бұл жерде анықтай кететін жәйт, кәзіргі ұлт-қазақ тілінде «қару» сөзі «қирататын немесе зақым келтіретін зат» деген мағынада бейімделді, бірақ бұл сөздің негізгі мағынасы «қолданатын нәтижелі аспап», ал ол нәтижелікті дұрысқа немесе бұрысқа жарату ол аспаптың пайдаланушысына байланысты. Бақсылардың қолындағы ондай аспап «құт» еді.
28. Адам баласы үшін Тәңірге деген алғысты жадында, жанында және жүрегңнде сақтау ең бастысы «алғыс» Тәңірдің жаратылыстарына басты талаб. Алғысымыз бар болғанша адамзатта бар болады, ал алғысымыздан айырылсақ қараң болып жойыламыз. Сондықтан бақсылардың басты міндеті Тәңірге деген алғысты ұмытқызбау болды, олардың бұл міндеті Ерліктің кегіне қарсылық.
29. Себебі, жер-жәннәт жер-табиғатқа айналған кезде, Ерлік ыңғайлы сәтті пайдаланып көптеген өз жаратылыстарын, Адам-қан мен әйелді нәпсі ойлармен істерге азғыртып Тәңірге деген алғыстарын ұмытсын деп жер бетіне жіберді. Бұрыс ағымдарда ол жаратылыстардың есімдері аталып, олар Ерліктің ұрпағы делінеді, бірақ ол мәселені талқылауға және олардың есмімдерін атауға, адам баласына тыйм салынған. Кейіннен ол жаратылыстарды шежірешілер «жын» деп атады. «Жын» сөзі « Тәңірдің жаратылысынан кем» деген мағнаны білдіреді, өйткені оларды Ерлік жаратты.
30. Жындар Тәңір өзі жаратқан, Ерлік өзі тірліткен Адам-қанды азғырта алмады, ал ол жындардан әйелді қорғасын деп Ұмай-ене оған құт көзінен — жарқыраған күннен, бір тамшысын — отты алып берді. Екеуінде азғырта алмаған жындар, олардың ұрпағын азғыртып алғыстарынан айырып қараң қылдыруға бел буды. Бұл ойлары іске аспасын деп Адам-қан балаларына Тәңірге деген алғысты ұмытпау насихатты өзі бастады, ол бастаманың жалғасы бақсылардың мойында еді.
31. Сол бақсылардың үздіктерінің бірі Қам есімді бақсы болды, шежірешілер оны Қам-баба деп атайды.
Оның басты кәсібі құт күшімен емдеу — «құтқару» еді. Күндердің бірінде оған қарт әке мен ана өздерінің дертке ұшыраған бойжеткен қызын әкеледі, бірақ Қам-баба қалай тырысса да дерт кетер емес болды. Қыз қиналған сайын қарт әкесімен анасыда қиналды, оны көрген Қам-баба тәуекелге барады.
32. Түн жамылып ол жынмен тілдеседі, жын арқылы Ерліктен ауырған қызды емдейтін күш сұрайды. Ерлік көмектесу үшін шарт қояды, Қам-бабаның уақыты келе, жаны Тәңірге қайтпай Ерліктің иемділігіне бұйырады. Бақсы шартқа келіседі, оның келісуі өзіне қорлық жасау еді. Осыдан өзіне қорлық жасап өзгеге көмектесуді жұрт «қамқорлық» деп атады.
Бесплатный фрагмент закончился.
Купите книгу, чтобы продолжить чтение.