18+
Mademoiselle
Введите сумму не менее null ₽, если хотите поддержать автора, или скачайте книгу бесплатно.Подробнее

Объем: 42 бумажных стр.

Формат: epub, fb2, pdfRead, mobi

Подробнее

Атырау облысы Мақат ауданы

Mademoiselle
2020 жыл

Авторы: Жақсыбергенова Ақерке


Қолдау көрсеткенкендері үшін, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ — нің 2020 — жылғы «Қазақ Филологиясы» факультетінің бірінші курс студенттеріне алғыс айтамын!!!


Алғашқы күн

Түн. Қала ұйқыға батқан уақыт. Аспандағы толған ай мен көше жарықтары қалаға жарық беріп тұр. Көп қабатты үйлердің терезесінің бірінен осы бір керемет көрініске ойлана қарадым. Қолыма ұстаған кітабыма көзім түсті. Терең ойға беріліп кеткенімді түсініп дереу есімді жидым да, кереуетіме жақындадым. Кітапты жастығымның астына қойып, өзім жылы көрпеге оранып ұйқыға кеттім.

Күн сәулесін шашып, таңғы таза ауа керемет көңіл күй сыйлауда. Алайда, оятқыш сағат олай ойламайды. Сағаттың дауысынан мезі болған қыз:

— Үніңді өшірші! — деп, сағаттың тетігін басып тыншытандырды. Керіле орнынан тұрған бикеш көздерін уқалай, жуынатын бөлмеге беттеді.

Айнадағы түріне ұйқылы-ояу қарап, тісін жуа бастады. Беті қолын әбден жуып болған соң, сергек түрмен айнаға қарап жымиды. Ас бөлмеге келіп, жеңіл-желпі ас әзірлеген басты кейіпкерімізді таныстыра өтейін.

Бұл кішкентай бойлы, шашы иықтан түскен аруымыз — Манзура. Аты да, өзі де ерекше қыздың жасы бар болғаны он жетіде. Жуналистика Факультетінің бірінші күрс студенті болғанына қарамастан, әділдік десе жанын беруге дайын. Керек десе митингке де шығады. Ия, біздің басты кейіпкеріміз батыл, қырсықтау келген ару.

Осы уақытқа дейін қашықтықтан оқыған студенттер, бүгін университетте оқымақшы. Көптен күткен студенттердің кездесуі. Манзура да осы үшін қуанышты. Тамақтанып, киімін ауыстырды. Ақ блузка мен қара классика шалбар киген қыз, қоңыр-қара шашын төбесіне түйді. Аздаған макияж жасап, қара курткасын кие, иығына рюкзагын ілді. Киім үлгісі өзіне құйып қойғандай. Бас киімін дұрыстап, пәтерден шықты.

Жол бойы. Көліктер әрлі-берлі зулап өтуде. Адамдар да оқуларына, жұмыстарына асығуда. Манзура күздің соңғы айының салқын табиғатын тамашалай, оқу орнына да жетті. Ия, Манзура университетке жақын тұрады.

Университет дәлізі студенттерге лық толы. Көбі бірінші курс студенттері. Манзура да осы көпшіліктің ішінде. Өзінің группаластарын көрген қыз, қадамдарын тездете бастады. Бәрі бір-бірімен құшақтаса амандасып, хал сұрасты. Көптен күткен кездесу.

Универдегі алғашқы күннің алғашқы лекциясы да басталды. Аудиторияда ине шаншыр орын жоқ. Бәрінің назары лекторда. Манзура да өзгелердей лекция жазып отыр. Лекцияның алғашқы жиырма минуты қызықты болған. Ал одан соң қызықсыз сабаққа айналды. Студенттер бір-бірімен сыбырлап, әңгімелесуде. Міне, қоңырау соғылып, студенттер терең дем алды. Студенттер дәптерлерін жинап, шығуға асықты.

Дәліз бойында 102-топ қыздары келе жатыр. Бәрі бірінен бірі өткен сұлу. Түрлеріне қарап, бірінші курс деп айта алмайсың. Осы қыздардың арасында Манзура да бар. Қыздардың бәрі жиналып, асханаға келді. Көңілді күйде дәм жалғауда. Шырынын іш берген Манзура өзін біртүрлі сезінді. Біреу аңдып тұрғандай. Манзура жылдам жан-жағына қарады.

— Эй, Манзу, не бллды? — деді, жанындағы группаласы Ақгүл. Манзура жәй жимиып:

— Ой, ештеңе. Жәй, бірдеңе естілгендей. — деп алдына қарады. Бұл уақытта асхана есігінің артында бір жігіт жымиып тұр еді.

Асханадан шыққан қыздардың әңгімесі әлі бітпеген. Жарты жолды жүріп тастағанда ғана Манзура

— Телефоным! Асханада қалып қойыыпты! — деді. Жанындағы қыздардың бірі Зульфат:

— Бірақ, қоңырауға үш минут қалды ғой, — деді.

Манзура: -Сендер бара беріңдер! Мен тез келем! — деп кейін жүгірді.

Асханаға кірген Манзура күдікпен жан-жағына қарап шықты. Көзімен бір шолып шыққаннан кейін, өздері отырған үстелге келді. Телефоны орнында жатыр екен. Жымия қалтасына салды да, асханадан шықты. Қыз асханадан ұзағаннан кейін,

— Керемет! — деген, жігіттің даусы естілді. Қара туфли, қара классикалық шалбар мен жеңі қайырылған көк жейделі, бойы ұзын, көзі шоколадтай қоңыр, ал шаштары аздап бұйра келген жігіт қыздың артынан жымия қарады. Бұл жігіт — Әлішер. Програмист мамандығының үшінші курс студенті. Неге екені белгісіз, Манзураны таңнан бері бақылап жүр.

Паралар аяқталып, студенттер тарап жатыр. Манзура бәрімен қоштасып, көшенің ар жағындағы пәтеріне асықты. Қүлаққа құлаққабын салып, жәймен әуендетіп келе жатырған бойжеткен жоллан өте бергенде, қатты жылдамдықпен келе жатырған көлікті көріп, қорықаннан қатып қалды. Көлік барынша дабыл қағуда. Қыз орнынан қозғалар емес. Аяғы жерге желімденіп қалғандай. Көлік те жақын. Манзураның екі көзі көлік терезесінде. Жол шетіндегілер телефонға түсіріп тұр. Манзура іштей: «Өлгенім бе?» — деп, көзін жұмды. Көзін жұмған сәтте біреудің құшақтап алғанын сезді.

— Өле алмай жүрсің бе?! — деген жігіт даусын естіген Манзура жәймен көздерін ашты. Соққан желмен тербелген қара шашты Әлішердің қабағы түйілген екен. Манзура жан-жағына қараса, екеуі жол шетінде және Әлішер оны құшақтап отыр екен. Ұялып кеткен қыз орнынан атып тұрды.

Манзура: -Құ….құтқарып қалғаныңызға рахмет! — деп, үйіне жүгіре жөнелді. Әлішер басын шайқап, өз жолымен кете барды.

Манзура бөлмесіне кіре сала, сөмкесін лақтырып, кереуетке құлады. Көзін енді жұмса, өзіне қарай келе жатырған көлікті көреді. Шошынып қалған қыздың саусақтары дірілдеп тұр. Манзура төбеге қарап жатып, өзін құтқарған жігітті есіне алды. Шоколадтай қоңыр көздері күнмен шағылысқанда тіптен ерекше. Бұйра қара шаштары желмен ойнағандай. Қалың қара қасы, қыр мұрыны жігіттің сымбаттылығын арттыртып тұр.

— Саған не болған, Манзу! — деп, қыз өз бетінен ұрып қалды. Телефонын қолына алғанда қыз түсініксіз жағдайда болды. Тіпті, «Бұл менің телефоным ба?» — деп, айналдырып та қарады. Расымен өз телефоны. Алайда, телефон ішінді қызға таныс емес программа жүктелген екен. Манзура күдіктеніп қалды.

— Бұны кім жүктеуі мүмкін? — деп, программаға кірді. Сол-ақ екен, айнала тұманданып, бөлме іші жоғала бастады. Манзура өзінің не істеп қойғанын түсінбесе де, шығуға асығуда. Бір сәтте тұман сейіліп, Манзура құлап түсті.

Өзге әлем

Қыз көзін ашып, айналасына қарады. Жап-жасыл орман, шырылдаған құстар, самал жел, көгілдір аспан. Манзура құласа да, еш жері ауырамағнына таңданды. Кенеттен орман ішінен пайда болған қыздың миы ештеңені қорытар емес. Бірақ, табиғат сұлулығы қызды бар ойынан арылуға көмектескендей. Орман ішін аралап жүрген қыз ағып жатырған өзенге кезікті. Сарқырап ағып жатқан өзен суы мөп-мөлдір. Манзура суға еңкейе бергенде, өз түрін көріп шошыды. Қыздың бір көзі әдеттегідей қоңыр болса, екінші көзі аспан түстес көгілдірге айналған. Шашының ұшы да көгілдір түспен боялғаны қыздың аузын аштырды. Не болғанын түсінбеген қыз жынданып тұр.

Манзура: -Енді жетпегені осы еді! Оуф!

Жынданғанын басу үшін, бетін ағып жатырған салқын сумен жуып алды. Терең тыныстай, бәрін ой елегінен өткізді. Енді орнынан тұра бергенде, артында біреу тұрғанын сезді. Жәймен артына қараса, сары шашты жігіт мойнына қылыш тақап тұр екен. Алтындай сары шашы қайырылған, теңіздей көк көзімен қыздың әр ісін бақылап тұр. Бойшаң келген жігіттің киім үлгісі де ерекше. Тіпті қай ұлттың киімі екенін анықтау қиын.

Жігіт: -Сен кімсің?

Манзура: -Өзің кімсің?

Жігіт: -Сұраққа сұрақпен жауап берме!

Манзура: -«Кімсің?» дедім! — деді қабағын түйе. Жігіт енді сөйлейін дегенде, орманнан үш атты кісі шықты. Олар жылдам Манзураның жанына жетті. Бастап келген орта жастағы ер адам, ал жанындағы екі жас жігіт екен. Бастап келген кісі аттан секіріп түсе сала, Манзураға бас иді. Манзура іштей:

— Мынауың сау ма? — деп ойлады. Әлгі кісі басын көтеріп:

— Кешіріңіз, ханшайым! Сізді көргеніме қуаныштымын! — деді. Жанындағы екі жігіт те бас иіп тұр. Алтын шашты жігіт қылышын түсіріп:

— Ханшайымын де… — деді. Манзура төртеуіне кезекпен қарады.

Кісі: -Ханшайым…. — дей бергенде, Манзура:

— Тоқтаңыз! Сіздер кімсіздер?! — деді.

— Мен? Ханшайым, сіз бізді танымадыңыз ба? Мен бас қолбасшы — Роланмын! — деп, бастап келген кісі өзін таныстырды. Ролан алтын шашты жігітке қарап:

— Ханшайымға қару көтеруге қалай дәтің барды?! Ұстаңдар! — деді де, жанындағы екеуіне қарады. Жігіт қарсыласпады да. Екі көмекші жігітті қолынан қайырып, тізерлетіп отырғызды.

Жігіт: -Эй, ханшайым! — деді. Манзура назарын соған бұрды.

Жігіт: -Әлі көрісеміз, мадмуазель! — деп миығынан жымиды.

Ролан: -Мәртебелім, сізді сарайда күтіп отыр. Атқа мініңіз! — деп, өз атын Манзураға ұсынды. Манзура түк түсінбесе де, атқа мінді. Ролан бір жігітке мінгессе, алтын шашты жігітті екінші жігітке мінгізді. Манзура арттарынан еріп келеді. Өзіне өзі таң. Өмірі жылқыға мініп көрмеген қыз емін-еркін келе жатыр. Орманнан шыққаннан кейін үлкен қаланы көріп, аузын ашты. Қала дәл ежелгі замандағыдай. Тарихты ұнататын қызға бұл қызық болып көрінді.

Қала іші у-шу. Халық құмырсқадай еңбек етіп жүр. Қаланың бір шетінде көзідің жауын алатын әшекейлер мен түрлі-түсті маталар, енді бір шетінде түрлі жеміс-жидектер сатылуда. Қала ортасында келе жатырған Манзура қызу тірліктерден көз алмады. Осылай келе жатырғанда, алдындағы алып хан сарайын көргенде, көзі шарасынан шығардай болды. Сарай есігі ашылып, ішке кірді. Бәрі Манзураны көріп, бас иіп жатыр. Аттар тоқтап, Ролан Манзураны аттан түсірді.

Ролан: -Зыңдаңға тастаңдар! — деп, жанындағы екеуіне бұйыра сөйледі. Екеуі бастарын иіп, алтын шашты жігітті сүйреп әкетті. Манзура жігіттің артынан қарап, оның көк көздерін есіне алды. Манзураның ойын Ролан бұзды.

Ролан: -Мәртебелім, жүріңіз! — деп, Манзураны сарайға кіргізді.

Алтын-күміспен көмкерілген хан сарайы көздің жауын алады. Жиһаздардың дизайындары да бөлек. Дәл бір ертегідей. Манзура Роланның артынан ере берді. Екеуі үшінгі қатарға көтерілді. Төр жақтағы бөлмелердің бірінің алдына келгенде, Ролан:

— Мәртебелім, ханзада келгенге дейін, бөлмеңізде болыңыз! — деп, есікті ашты. Манзура кинодағыдай тағзым жасап, бөлмеге кірді. Ролан бөлме есігін жауып, өз жұмысына кетіп қалды.

Кең, әрі жарық бөлме дизайны ақ пен сары түстерден құралған екен. Үш бірдей үлкен шкаф, гүлдермен безендірілген айна, үстін түрлі әшкейлер көмкерген камод, үлкен терезе мен мамық құс төсек. Манзура бөлмені көзбен шолып шыққаннан кейін, айна алдына келді. Бәрін рет-ретімен есіне түсірген қыздың қарны ашып тұрған болатын. Айна алдындағы жеміс-жидек салынған вазадан шиені алып, аузына салды. Сол сәтте бөлме іші бір мезетте салқын да, ыссы да болып, Манзураның көз алды тұманданып кетті. Манзура көзін тарс жұмып алды.

18+

Книга предназначена
для читателей старше 18 лет

Бесплатный фрагмент закончился.

Купите книгу, чтобы продолжить чтение.

Введите сумму не менее null ₽, если хотите поддержать автора, или скачайте книгу бесплатно.Подробнее