12+
Өлеңге ынтық өмірім

Бесплатный фрагмент - Өлеңге ынтық өмірім

Шабыт, Өлең және Мен…

Өлең жазбай кетімғой көптен бері

Шабыттарым жоғалды көктемдегі.

Қолыма қалам алмай кеткеніммен,

Өлеңімді санамда шектемеді.

                  *****

Шабыт келмей қойған-ау сірә, маған,

Өлеңімсіз қалайша тұрам аман.

Өлең менің досымда, сырласымда,

Қиналғанда мұңыма жыр арнаған.

                  *****

Ақынмын деп айта алмаймын өзімді.

Аңсап жүрмін АҚЫН болар кезімді,

Сол сәттерде шабыт келіп тоқтамай,

Бәрін жазам, таусытканша сөзімді.

                  *****

Жылы шырай танытса екен өлеңдерім,

Өлеңіме көбейіп көрерменім,

Мәңгі жазам өлеңді өлгенімше,

Ақындығым, өлгенде сөнер менің!

Бақыт туралы ойым

Күндерім-ау, бос кеткен айларым-ау,

Оралмасқа кетті екен қайда мынау?

Сол күндерді сағынып еске алумен,

Тағы кетіп барады күндерім-ау.

                  *****

Уақыт кетті босқа ермек боп,

Ойнадық-қой балалық пен теуіп доп.

Қызығына жете алмай жүргенімде,

Оралмасқа кетіп қапты уақыт көп.

                  *****

Сол уақыттар қайтса екен шіркін-ай,

Кетер адам бақытты боп сол күні-ай.

Қуанышпен күлкі кетпей жүзінен,

Қайғы-мұңсыз өтер ма еді бұл күн-ай.

                  *****

Сол күндері кітап оқып, жаттасам,

Балалықты сол арада тастасам.

Қиналпас па ем кім біледі бұл күнде,

Арманым ғой ана сүтін ақтасам.

                  *****

Ақтай-алмай өтермінбе қайтермін,

Ақтап мүмкін сол бақытқа жетермін.

Кім біледі сол бір күндер жақындап,

Армансыз боп, бұл өмірден өтермін.

                  *****

Мен бір жанмын сорлаған сормаңдаймын,

Айдалада жалғыз мен қалғандаймын.

Бәлкім, сірә бақытты мен бола алмаспын,

Бәлкім, сірә бақытымды көре алмаймын.

                  *****

Бақытымды іздедім көктен-жерден,

Сұрадым қариядан көпті көрген,

Айтты маған:

Ата-ана, бауырларың бақыт-деген,

Болмас- деді бақытты ақшаға сенген,

Сол ақшаны бәрінен артық көрген,

Өкініп бір кездері қалады- деп.

                  *****

Бақытты мен жазайын ізгі-өлеңмен,

Таба алмайсың бақытты іздегенмен.

Таба алмайсың ағайн себебі бар,

Бақытың жүр қасыңда көзге ілмеген.

                  *****

Бақыт-деген ойлаңдаршы адамдар?

Жүріп келем бақытым деп қараңдар,

Бақыт-деген отбасы, бала емеспе,

Жете алмай жүр сол бақытқа кей адамдар.

Арман-балалығым

Жетелейді, көкке бізді-арман,

Бәріде болды екен кейде жалған.

Сол арманның жетегінде қиялдаған,

Сенімге үміт оты ұялаған,

Жәутеңдеген жастық шақ балалығын,

Оралмайды жақсығой, бірақ, қиялдаған.

Бағаламады адамдар

Жасап жүрмін-дей, алмаймын жақсылық,

Жасасамда істемеппін қатырып.

Бағаламай келеке қып кей кезде,

Кететінде мазақ етіп лақтырып.

Өмір-дедім, көнемізғой қайтеміз,

Сүремізғой одан әрмен кетеміз,

Қайтпасада адамдардан қайрылмай,

Алла барғой, бір Алладан күтеміз.

Ең қиын ауру

Жүргенімде асыр салып, құтырып,

Ғашық-деген ауруды алдым жұқтырып.

Жазылмайтын емі жоқ, бұл-аурудың,

Айта-алмай сезімдерді бұқтырып.

                  *****

Маза кетті, мән кетті өмірден,

Талай жерден емін іздеп көрдім мен.

Іздесем мен; айдан, жерден, теңізден,

Жүр екенғой емі менің жанымда,

Жаңа ғана, жаңа ғана сездім мен.

Жүрегіңде бір мұң бар-ау шамасы?

Жүрегіңде бір мұң бар-ау, шамасы?

Бақыттсызсың сондада, бақытқа оны балашы,

Бақытсыздық-деп жүргеннің өзі де,

Бақыт емеспе, өзгелерге қарашы?

                  *****

Жүрек шіркін жасқанумен өтеді,

Жасқанумен әйтеуір бір жетеді,

Жасқанам деп бақытсыз боп өтеді,

Жүрегіңе айт жасқанбасын,

                                       Жасқанбасые жетеді.

                  *****

Жылайсыңда, күлесіңде қоярсың,

Мына әлемнің қызығына тоярсың,

Күресе біл, күресе бер тайынбай,

Бақытсыздық жаулап алған санаңды,

Әйтеуір бір…

Әйтеуір бір жоярсың.

Ей, өмір

Ей, өмір,

Сен неге осындайсың?

Неге менімен дос емес қасымдайсың?

Қатты сынбас таулардың тасындайсың,

Кейде ғажап керемет бір асылдайсың,

Кейде алынбас биік сен асудайсың,

Дауыл болып, сен неге таудайсың

Неге менен зымырап қашудайсың.

Ана

Мен үшін уайым жеген,

Аман-болсын балам-деген,

Анамды Алла сақтасын.

Мен үшін төртке бөлген түн ұйқысын,

Мен үшін ұмыттығой ұйқы менен күлкісін,

Аналар аман болып әрқашанда,

Көрейікші мәңгі бақи күлкісін.

Аман болып, мың жасағын ана,

Ойлайтыны тек баласы ғана,

Еркеліктің барлығында көтерген,

Мәңгі сені сүйіп өтем ана.

Әкеме

Тәрбиенің исі аңқиды сөзіңнен,

Асқан қамқор табылмайды өзіңнен.

Қанша қатал болсаң дағы жан әкем,

Мейірім төгіп тұратұғын   көзіңнен.

                  *****

Сәл ауырсақ ет жүрегің езілген,

Сол аурумен, ауырғандай сезінген.

Балаң-үшін жаның шығып, әр кезде,

Уайым жеп, жүрек жасың төгілген.

                  *****

Бала сырын әке ғана ұғатын,

Жанашырым шыңға біткен шынарсың.

«Табаныңа кірген тікен неге осы»

Маңдайыма кірмеді- деп тұратын.

                  *****

 Болсадағы мінезі оның сұрапыл.

Әкем менің өзім үшін шын асыл.

Асқар тауым, ақылманым әкешім.

Балаң ақтар үмітіңді тұра тұр!

*************************

Қалған едім өзіңді ұнатып-ақ,

Кете бардың көңілді жылатып-ақ.

Сүйген едім өзіңді шын жүректен,

Бола алмадық біз бірге ұзақ-шыдап.

                  *****

Сен -дегенде жүрегім тұрар тулап,

Алған едің өзіңе құмартып-ақ.

Сезімімді байқамай шыр-пыр еткен,

Кеттің енді сезімді құлатып-ақ,

                  *****

Сезім, ол-маxаббаттан келген шырақ,

Ал, қайғы ол өмірден келген сынақ.

Ғашық қылып өзіне ынтық еткен,

Ұмытар ем, көнбейді жүрек бірақ.

*************************

Алға қойған биік-биік арманыма жетембе,

Алдымдағы асулардан аман-есен өтембе,

Мақсаттарым орындалып, эх, шіркін,

Мынау Фәни*  жалғаннанда өтембе.

                  *****

Өтпей мәңгі осы Фәниде қалып, шіркін кетембе,

Жоқ кетемін, кету үшін келгенде,

Жәй жалғаннан О дүниеге де баруғада қорқамын,

Өлмей тұрып, өлімді ойлау қорқынышты екенде.

                  *****

Тағдыр қиын мынау жалпақ, мынау жантақ мекенде,

Қиналасың бәрібірде шын өмірге кетерде.

Байлық іздеп, дүние іздеп Фәниден,

Құр кетірме, ей, ағайын уақытыңды бекерге.

Фәни*-дүние, өмір, тағдыр-деген мағынада.

Білмеймін

Өлімінбе, тірімінбе білмемін,

Өмірімді қорқынышты түн деймін,

Өмір ғажап десе егер кімде-кім,

Өтірік-деп айтқанына сенбеймін.

Қара-түнек ештеңені көрмеймін,

Сипап тіпті қолыммен де сезбеймін,

Мен тек қана қорқынышты дыбысты,

Құлағыммен зорға ғана естимін.

Бүйтіп жүріп, бақытыма жетпеймін

Бақытыма жете тұра сезбеймін,

Себебі адам бағаламас бақытты,

Қалайша мен бақытымды іздеймін.

Бақытымнан бәрібір үміт үзбемін,

Қара-түнек қорқынышты өмірді,

Жаңбыр жауған, құстар қайтқан күз-деймін.

************************************

Өмір шіркін керметқой ғажапқой,

Өмір-деген қысқа ғана аз-ақ қой.

Сол өмңрде бос өткенше ерігіп,

Намаз оқы, ақыретті ойлап қой.

                  *****

Өмір-деген қысқа ғана кетерсің,

О дүниеге бір күндері жетерсің.

Бес амал, бес парызды даында,

О дүниеге барғаныңда не дерсің?

Түсінбей жүрсің

Түсінбей жүрсің, түсіне алмайсың сен-мені,

Сезімдер от боп, алаулап жатыр мендегі.

Кеудемді менің тұмшалаған жүрегім,

Адамды басқа көрмейді мына жердегі.

                  *****

Түсінбей жүрсің, түсіне алмайсың сірә да,

Өмір сүр жүрек, қайғыма менің шыдада.

Жалғыз боп өту, жазылса егер маңдайға,

Жалынам жүрек сұранам енді жылама.

                  *****

Түсінбей жүрсің, түсіне алмай өтерсің,

Қалқатай мынау сезімдерімді қайтерсің.

Тағдырғой енді, тағдырға енді не шара?

Жаралы болып, жалғыздықпен өтерсің.

***************************

Жатыр мені сезім жаралап,

Көптен бері жүрғой мазалап,

Көп жасаған күнәлар үшін,

Жатырма әлде өмір жазалап?

                  *****

Отырмынғой ойды саралап,

Бұйырама маған дара бақ?

Қайғырам деп бір-ақ сәтте,

Жасқа тола салды жанар-ақ.

                  *****

Қара көңіл қашан ағарад (ы),

Қайғы шерім қашан тарамақ,

Көңілімнің терезесінен,

Жүрме әлде бақыт сығалап?

Сағынышым

Сағынышым жүрегіме орнаған,

Сағынышым жүрегімнен орын алған,

Сағынышым әппақ арай таңымсың,

Сағынышым сенің менің аңсаған.

                  *****

Сағыныштан мына жүрек шаршаған,

Сағынышқа арнап көп мен ән салғам,

Сағынышым сенсің менің жалғанда,

Сағыныштың өзі, бірақ, қанша арман?

                  *****

Сағынышым жүреімді жаулаған,

Сағынышым алау от боп лаулаған,

Сағыныштан сенсіз менің жүрегім,

Сағынумен жылы күнде жаураған.

                  *****

Сағынышым арман болған әнімсің,

Сағынышым өмірімнің мәнісің,

Сағындырмай келші қалқам тезірек,

Сағынышым қайда жүрсің, кәнісің?

Қасқағым сәтте өтер өмір

Бала кезде ойнадық қой, күлдік қой, **

Еш уайымсыз, қайғы-мұңсыз жүрдік қой.

Қызық еді сол шақтарда бәріде,

Болмағанда санамызда жыртық ой.

                  *****

Қазір бәрі керісінше боп кеткен ғой,

Қайғы-мұңдар бізді іздеп жеткен ғой,

Балалықтың бәріде артта қалып,

Санамызда сағыныш қалып кеткенғой.

                  *****

Өмір осы сағынышпен өтеді,

Осы сәтте артта қалып кетеді.

Осылайша сағынумен жүргенде,

Қастарына қарттық келіп жетеді.

                  *****