6+
Компьютерлік графика

Бесплатный фрагмент - Компьютерлік графика

Оқу құралы

Кіріспе

Компьютерлік графика курсының әр сабағында сен жаңа бір нәрсемен танысасың және үйге келген соң өтілген материалдарды қайталап, үй тапсырмасын орындайсың. Осы ретте бұл хрестоматия көмекші бола алады. Хрестоматиядан сен көп нәрсені: компьютердің негізгі құрылғыларын іске қосуды және оның жұмыстарын басқаруды, графикалық редакторда сурет салуды, құралдарын еркін қолдана алуды үйренесің.

Әр тақырып теориялық мағлұматтармен басталып, сенің толық түсінгеніңе кепіл бола алатын қорытынды сұрақтармен аяқталады.

Мультимедиялық кабинетте
қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау

Компьютерлік сыныпта сенің міндетті түрде сақтауыңа тиісті қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысуын қажет.

Жұмыстың алдында рұқсат етілмейді:

Кабинетке сырт киіммен, лас аяқкиіммен кіруге,

Кабинетте жүгіруге, секіруге

Портфельді үстелдің үстіне қоюға,

өту жолдарын ыбырсытып тастауға,

жүйелік қоректі қосуға,

компьютердің құрылғыларын қосуға, сөндіруге.

Жұмыс уақытында рұқсат етілмейді:

жүйелік қоректі қосуға

кабельдерді қосуға, ажыратуға

лас немесе дымқыл қолмен жұмыс істеуге

монитор, кабельдер, ажыратқыштар, трубалар, батареяларға қол тигізуге

монитор мен жүйелік блокты орнынан қозғауға

пернетақтаны кездейсоқ басуға

ақауларды өз бетімен түзеуге


Қайталау сұрақтары

Компьютерлік сыныпта қандай ереже сақтау керек?

Экраннан неше см қашықтықта отыру керек?

Мұғалімнің рұқсатымен не істеу керек?
Компьютердің құрылғылары. Негізгі бөліктері және қызметтері

Компьютер — бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы.

Негізгі құрылғыларға: монитор, жүйелік қорап, пернетақта, тінтуір жатады.

Қосымша құрылғыларға: мәтіналғы (сканер), принтер, колонкалар, модем, т.б.

Монитор (немесе дисплей) мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге арналған.

Мониторлар әлектронды-сәулелі, түтікшелі және сұйық кристалды дисплейлі, түрлі-түсті және монохромды болады, бір-бірінен көлемі жағынан ерекшеленеді (әдетте кинескоп немесе матрица диагоналы — 9—42 дюйм (немесе 23—106 см) болады).

Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын қамтиды:

жүйелік (аналық) тақша;

процессор;

оперативті жады;

тұрғылықты диск;

иілгіш дисктермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі;

CD және DVD диск жетектері;

бейнесызбалық бейімдеуш;

дыбыстауыш (дыбыстық бейімдеуіш);

желілік тақша;

енгізу-шығару порттары (ажыратқыштар);

қоректену блогы.


Пернетақта пайдаланушыдан ақпаратты компьютерге енгізуге арналған.

Тінтуір — басқарушы ақпаратты енгізу құрылғысы. Қазіргі кездегі графикалық тілдесу бар амалдық жүйелерді басқару үшін аса қажет құрылғы.

Ақпаратты сақтауға арналған тасымалдаушылар

«Иілгіш диск» (флоппи-диск) немесе дискета. Дискетаға 1,44 Мб ақпарат сыяды.

USB диск немесе флеш-диск. Бүгінгі таңда флеш-дисктер флоппи-дисктерді толығымен ығыстырды. Флеш-дискке 128 МБ-тан 32 ГБ дейін ақпарат сыяды.


CD-диск немесе компакт-диск. CD-дискке 400 Мб ақпарат сыяды.


Модем — компьютерлерге өзара (телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы) мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы — мәліметтерді жеткізу жылдамдығы (бит/секундына). Dial-Up модем — 56 кб/с дейін, ADSL модем — 128 кб/с бастап.

Мәтіналғы (сканер) сызбалық ақпаратты қағаздан, үлгіден, фотосуреттен оқып, ДК-ға сандық пішімде енгізуге арналған құрылғы. Мәтіналғылар қолмен істелетін, планшет тәрізді және барабанды болып бөлінеді. Мәтіналғы кескінді компьютерге көптеген нүктелер жиынтығы ретінде, әр нүктеге өзіндік координата және түс нөмерін бере отырып енгізеді. Осы мәліметтер бойынша кескіннің көшірмесі мониторға шығарылады.

Басып шығарғыш (принтер) ақпаратты шығаруға арналған. Басып шығарғыштар ақпаратты өткізу тәсілі бойынша ерекшеленеді, недәуір кңінен қолданылатын мыналар: матрицалық, ағымды, лазерлік және жарықдиодты. Басып шығарғыштар сондай-ақ түрлі түсті және монохромды болып бөлінеді.

Колонка — дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.


Қайталау сұрақтары

Компьютердің құрылғылары неше топқа бөлінеді?

Негізгі құрылғыларын ата?

Ақпарат сақтауға арналған қандай тасымалдауыштарды білесің?

Компьютерді қосу және өшіру

Егерде компьютер үзіліссіз электрлік қоректену құрылғысы (UPS) арқылы желіге қосылса, онда оны компьютерге кернеу беру режіміне ауыстыру керек. Егерде компьютер кернеу тұрақтандырғыш арқылы желіге қосылса, онда осы тұрақтандырғышты қосу керек. Осыдан кейін:

принтерді қосу керек (егерде ол керек болса);

компьютердің мониторын қосу керек;

өздерің жұмыс істегілерің келетін сыртқы құрылғыларды қосу керек (сыртқы модем, сканер, магниттік оптикалық дискілерге арналған сыртқы дискжетек және т.б.);

компьютерді қосу керек (компьютердің корпусындағы ажыратып-қосқышпен).

Осыдан кейін компьютердің экранында компьютердің жабдықтарын тексеру бағдарламасының жұмысы мен компьютердің операциялық жүйесінің бастапқы жүктелуі туралы хабар пайда болады. Компьютердің бастапқы жүктелу процесі егжей-тегжейлі төменде сипатталған.

Компьютерді желіден ажырату үшін мыналарды орындау керек:

жұмыс істейтін бағдарламаны аяқтау;

егерде операциялық жүйенің шығу процедурасы бар болса, онда мына процедураны орындау: бас меню-дегі Start (Пуск — Іске қосу) батырмасын басу кезінде шығатын Shut Down (Завершение работы — жұмысты аяқтау) пунктін таңдау керек.

Қайталау сұрақтары

Компьютерді іске қосу ретін ата.

«Іске қосу» батырмасының қызметін ата.

Ctrl+Alt+Del пернелері арқылы компьютерді қайта жүктеу. Reset батырмасы. Тінтуір және жұмыс істеу ережелері

Кейбір бағдарламалар жұмысы сенімсіз болса немесе командаға жауап бермеген жағдайларда қайта жүктеу әрекетін орындауға болады. Ол жағдайда пер-нетақтадан Ctrl+Alt+Del пернелерінің комбинациясын немесе жүйелік қораптағы RESET батырмасын басып компьютерді қайта жүктеуге болады. Мұндай әрекетті «жылы күйде» қосу деп те атайды.

Тінтуір құрылғысымен компьютердің барлық жұмысын басқарамыз.

Тінтуір — қолға ұсталынатын компьютердің басу құрылғысы.

Үстіңгі бетінде 2 немесе 3 батырмасы бар. Қазір екі батырмалы тінтуірмен жұмыс істейміз. Ол сол және оң жақ батырма деп аталады. Сол жақ батырмасы — негізгі батырма, ал оң жақ батырмасы — қосымша батырма.

Жазық беттегі тінтуірдің қозғалысы монитор экранындағы объектіні (тінтуір нұсқағышының) қозғалысымен сәйкес келеді.

Компьютердің көптеген жұмысы тінтуірдің көмегімен орындалады. Экрандағы кез келген нысананы белгілеу үшін, тінтуірді бос жерге алып барып, сол жағын бір рет басу керек. Басу құрылғысы ретінде тінтуірдің жазық беттегі жылжуымен және оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытта басу қолданылады.

Тінтуірмен жұмыс жасаудың мынадай түрлері бар:

Оң жақ батырмасын 1 рет басу.

Сол жақ батырмасын 1 рет басу.

Сол жақ батырмасын 2 рет басу.

Сол жақ батырманы басып тұрып жылжыту.

Бұл жұмыс түрлерінің қолданылуы нұсқалған нысанамен не істеу керек екенін анықтайды.

Тінтуір батырмасын 2 рет басу дегеніміз өте аз уақытта батырманы 2 рет қайталап басу болып табылады.

Егер 1 және 2 рет басудың аралығындағы уақыт созылып кеткен болса, онда ол 2 рет басу емес, 2 рет 1 реттен басу болып табылады.


Қайталау сұрақтары

Тінтуір қандай қызмет атқарады?

Тінтуірдің неше батырмасы бар?

Тінтуірдің қозғалысы нені білдіреді?

Тінтуірдің негізгі батырмасы деп қай батырмасын айтады?

Компьютерді пернетақта арқылы басқару
және берілгендерді енгізу

Пернетақта — компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол компьютерге цифр және әріп пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Пернетақтада 100-ден аса перне бар.

Әр перненің өзінің қызметі бар.

Функционалдық пернелер символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындайды. Әртүрлі бағдарламаларда әртүрлі қызмет атқарады.

Пернетақтаның ортасында орналасқан пернелер әріптер және символдарды теруге арналған пернелер.

Цифрлық — қосымша пернетақта. Num Losk арқылы қосылып, ажыратылады.

Enter — енгізу пернесі белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Shift — Бұл кіші әріптерді үлкен етуге, үлкен әріптерді кішірейтуге арналған перне. Delete — меңзердің оң жағында орналасқан символды өшіреді.

Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.