6+
Казахские пословицы и поговорки с переводом

Бесплатный фрагмент - Казахские пословицы и поговорки с переводом

Объем: 138 бумажных стр.

Формат: epub, fb2, pdfRead, mobi

Подробнее

А

Ағайынның алтын сарайынан ананың жыртық лашығы артық

— Дырявый шалаш матери лучше, чем золотой дворец родичей.

Ағаш тамырымен, адам досымен мықты

— Дерево крепко корнями, человек — друзьями.


Ағын судың арамдығы жоқ — В проточной воде грязь не держится.

Адам сөзінен жазады, сиыр мүйізінен жазады

Корова страдает из-за рогов, человек — из-за своих слов.


Адамды еңбек көркейтеді — Труд красит человека.

Адамды тарлық шынықтырады, адамгершілікті барлық ұмыттырады

— Нужда закаляет, богатство о человечности забывает.

Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады

— Бывает, что друзья расходятся из-за щепотки насыбая.

Адасқанға — жұлдыз айдай, карны ашқанға — көже майдай

— Когда заблудишься, звезды луной кажутся; а проголодаешься и лапша маслом кажется.

Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң

— Не велико заблуждение, коль назад нашел дорогу к своим.

Адатықтан ұдкен ат жоқ, наннан ұлкен ас жоқ

— Самое святое имя — человек, самая свята пища — хлеб


Ажал ажарға қарамайды- Смерть на лица не смотрит.

Аз жұмысты қиынсыңсаң, көп жұмысқатап боларсың

— Будешь выбирать легкую работу, трудная достанется.

Аз қайғыны ас басады, көп қайғыны дос басады

— Малая печаль за едой забывается, большая — за беседой с другом.


Аз сөйлесең де саз сөйле — Говори редко, но метко.


Азғын денеге ауру үйір — Истощенному телу все болезни товарищи.

Аздің азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол

— Чем десятком людей руководить, лучше для сотни людей кашу варить.


Ай бетінде де дақ бар — И на луне есть пятна.

Ай көрмесең туысың жат, жыл көрмесең жолдасың жат

— Если месяц с родственниками не видишься, становятся чужими,

если год с друзьями не видишься, становятся чужими


Айлалы батыр алдырмас — Ловкого батыра силой не возьмешь.


Айна айна емес, халық айна — Зеркало правды — народ.

Айран ұйытса, іріткен, тері илесе, шіріткен

— Взялся простоквашу ставить — молоко прокисло, взялся кожу дубить — шкуру сгноил.


Айтуға оңай, істеуге қиын — Легко сказать, да трудно сделать.

Айырылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа

— Другу неразлучному не говори слов разлучающих.

Ақша ашпайтын құлып жоқ

— Нет такого замка, который бы против денег устоял.

Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады

— Деньги стараются уплыть, а счет старается их удержать.


Ақша тиыннан құралады — Копейка рубль бережет.


Ақшада көз жоқ — У денег нет глаз.

Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын көл

— Ум — шуба, которая не изнашивается, знания –неисчерпаемое озеро.

Ақылдан асар амал жоқ, батылдар алмас қамал жоқ

— Нет хитрости, которой ум бы не разгадал; нет крепости, которой смелый бы не взял.

Ақылды арын қорғайды, сараң малын қорғайды

— Умный честь свою оберегает, скупой скот свой оберегает.

Ақылды көргенін айтады, ақмақ ішкенін айтады

— Мудрец рассказывает, что повидать успел, глупец рассказывает, что и когда он ел.

Ақымақ күлкіге тоймайды, жалқау ұйқыға тоймайды

— Дурень смеется постоянно, а лодырь спит непрестанно.

Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік

— Слово акына острее клинка и нежнее волоска.

Аман болса бұл басым, тағы шығар бұл шашым

— Была бы голова цела, а волосы сами отрастут.


Алаған қолым береген — Рука, умеющая брать, умеет и сама давать.


Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп — Берущему шести мало, дающему и пяти много.


Алла бермегенді молда да бермейді — Чего аллах не дал, того и мулла не даст.

Аллаға жағайын десең — қазаның болсын, қазыға жағайын десең — қазаның болсын

— Хочешь понравиться аллаху — час молитвы не пропускай, хочешь понравиться казию — котел с огня не снимай.


Алмақтың да салмағы бар — Любишь брать, умей и сам давать


Алпыс қарсақ ат болмас — И шестьдесят корсаков коня не заменят.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. төртеу түгел болса, төбедегі келеді

— Если шестеро врозь, лежащее во рту теряют;

если четверо за одно, улетевшее в небо достают.


Алтын алма, білім ал — Не гонись за золотом, гонись за знаниями.


Алтын көрсе періште жолдан таяды — Увидев золото, и ангел свернул с дороги.


Алтын тапсаң, санап ал — Если и золото нашел, пересчитай.


Алтын тыққан адам аштан өлер — Дрожащий над золотом с голода умирает.


Алтынды ала білген бөле де біледі — Кто золото добыть сумел, сумеет и поделить.


Алтынды тот баспайды — Золото не ржавеет.

Алып анадан туады, ат биеден туады

— Скакун родится от кобылицы, батыр — от женщины.

Алыс жол атты сынайды, ауыр жол ерді сынайды

— Дальняя дорога — испытание коню, тяжкий путь — испытание джигиту.


Алыссаң атаң да болса жық — Если схватился, и отца родного вали с ног.

Алыстан арбалағанша жақыннан дорбала

— Чем из далека возить арбой, лучше сблизи натаскать торбой.


Анасын көріп қызын ал — Возьми замуж дочь, прежде узнав, кто ее мать.

Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың

— Даже если трижды мать на себе в Мекку перевезешь, с долгом перед ней не рассчитаешься.


Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі — Болтающий не думая, умирает не болея.


Аңқау елге — арамза молда — Для темных людей и плут — мулла.


Арық атқа қамшы — ауыр — Тощему коню и плеть — ноша.

Арық атқа қамшы жау, жыртық үйге тамшы жау

— Худому коню плетка — враг, худой юрте — дождь.


Арымақ, семірмек көңілден- Худеть или полнеть, зависит от настроения..


Арыстанды арыстандай жігіт алар — Льва одолеет джигит с львиным сердцем.

Аспаннан киіз жауғанда, сорлыға ұлтарақ та тимепті

— Когда с неба тюками валили кошма, бедняку не хватило кусочка на стельку.

Астың дәмін тұз келтірер, ауылдың сәнін қыз келтірер

— Вкус пищи — соль, краса аула — девушки.


Асу бермес асқар жоқ — Нет вершины недоступной.


Асы жоқ үйді ит те сүймейді — Голодный дом и собака обходит стороной.

Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар

— Сколько б конь не кружил, к коновязи своей вернется;

сколько б джигит не бродил, на Родину вернется.

Ат басына күн туса, ауыздығымен су ішер; Ер басына күн туса, етігімен су кешер

— Конь при нужде в удилах воду пьет, джигит при нужде в сапогах реку перейдет.

Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай, ер өнері білінбес, қоян-қолтық алыспай

Резвость коня скачки покажут, силу джигита борьба докажет.

Ат сүрінбей жер танымас, ер сүрінбей ел танымас

— Конь не споткнувшись, дорогу не изучит; джигит, не споткнувшись, мир не узнает.

Ата — асқар тау, Ана — бауырындағы бұлақ, бала — жағасындағы құрақ

— Отец — неприступная гора, мать — родник у подножия горы, дитя — тростник, растущий на берегу реки


Ата — балаға сыншы — Отец главный критик своего ребенка.


Ата өнері — балаға мұра — Искусство отца — сыну наследие.


Атаның жүгі — атанның жүгі — Ноша отца тяжела, как вьюк верблюда.


Атаңның баласы болма, адамның баласы бол — Не будь сыном отца, будь сыном народа.


Атаның жүгі — атанның жүгі — Ноша отца тяжела, как вьюк верблюда.

Атадан ұл қалса — өзі қалғаны, қыз қалса — ізі қалғаны

— Если после отца остался сын — значит, остался он сам,

если осталась дочь, значит остался след.


Аталастан ауылдас жақын — Хороший сосед родней далеких родственников.


Атқыштан ажал қашады — От меткого стрелка смерть бежит.

Аттан тай озады, атадан бала озады

— Придет время жеребенок обгонит коня, а сын — отца.


Аттыға жаяу жолдас болмас — Конный пешему не товарищ.

Атын алдырған ерін жоқтамайды, басын алдырған сақалын жоқтамайды

— Лишившись коня, по седлу не плачут; лишившись головы, по бороде не плачут.


Аттың жемін жеп, тайдың ойынын ойнау — Ест, как конь, резвится, как жеребенок.

Аты аталмаған жігіттен, аты аталған төбе артық

— Чем быть джигитом, никому неизвестным, лучше быть бугорком, именем отмеченным.

Атың арақ болса, бір шап, отының аз болса, бір жақ

— Конь худой — проскачи раз, да во весь опор; дров мало — разожги раз, да пожарче.


Атыңнан айрылсаң да, ер-тоқымыңнан айрылма;

Қатыныңнан айрылсаң да, қазан-ошағыңнан айрылма;

Қазан-ошағыңнан айырылсаң да, халқыңнан айрылма

— Лишившись коня, седло не бросай; лишившись жены, очаг свой не покидай;

лишившись очага, народ свой не покидай.

Ауыз — дарбаза, сөз — самал, құдай ұрғанға не амал

Рот — ворота, слово — ветер, когда бог карает, закрыть ворота забывают.


Ауызбен орақ орғанның белі ауырмайды — Языком хлеб молотить — спина не за болит.


Ауызы күйген үрлеп ішер — Кто уже обжигался, тот сперва подует, потом пьет.

Ауызы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін

— Хоть и рожа кривая, пусть сын бая говорит.

Ауызымен астау шапқан, қолымен жаңқа жара алмас

— Языком корыто выдалбливает, а руками щепку не расколет.

Ауызына келгенді сөйлеу — ақымақтың ісі, алдына келгеннін жеу — айуанның ісі

— Зверь жрет, что на глаза попадет, дурак плетет, что на ум взбредет.


Ауру атанды да шөктірер — Болезнь пришла — беда в дом вошла.

Ауру желмен келіп, термен шығады

— Болезнь входит вместе со сквозняком, выходит вместе с потом.


Ауру кірді — әлек кірді — Болезнь и верблюда с ног валит.

Ауру кісі күлкі сүймес, ауыр жүкті жылқы сүймес

— Больной не выносит смеха, конь — тяжелую ношу.

Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ

— Не бывает приятной болезни, не бывает и вкусного лекарства.


Ауруын жасырған бөледі — Кто болезнь свою скрывает, тот со смертью играет.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

— Чем лекарство от болезни искать, лучше думай, как не заболеть.


Ауыл итінің достығы сүйек тастағанша — Дружба аульных собак — до первой косточки.


Ауыл итінің қүйрығы қайқы — В своем ауле и собака хвост трубой держит.

Ауылдың иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді

— Завидев волка, аульные собаки забывают свою вражду.


Аш ақылмен тоқ болмайды — Голодный сочувствием сыт не будет.

Аш атасын тыңдамас —

Голодный и отца не слушаешь (От А.- Для голода нет голоса разума.)

Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды

— Голодному мальчику с сытым некогда играть, сытый не думает, что и он будет голодать.


Ашаршылықта бай баласы бірінші өледі — В голод байский сын раньше всех умирает.

Ашаршылықты көп көрген өзі тоймай «мә» демес

Кто голод пережил, не скажет «на», пока сам не насытится.

Аштың ақылы тамағында, жаяудың ақылы табанында

— Голодный думает о еде, пеший — о боли в ноге.

Ә

Әзілде кек жоқ, өсекте шек жоқ — Шутка на месте остается, сплетня дальше несется.


Әзілің жарасса, атаңмен ойна — Если шутка уместна, и с отцом шути.


Әке көрген оқ жонар — Сын воспитанный отцом, сам смастерит стрелу.


Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер — сын берет пример с отца, дочь — с матери


Әкесі құрдастың, баласы құрдас — У настоящих друзей и дети дружны.

Әкесіз жетім — жартылай жетім, шешесіз жетім — бүтін жетім

— Сирота без отца — полусирота, сирота без матери круглая сирота.

Әліппенің аржағы — білім бағы

— С последней страницей букваря открываются двери в сад знаний.


Әңгіме жол қысқартады — Приятная беседа дорогу сокращает

Әр елдін салты басқа, иттері қарақасқа

— У каждого народа свои (разные) традиции и даже собаки разные.

Әр нәрсеге асық болғанша, бір нәрсеге машық бол

— Чем во многих делах быть учеником, лучше в одном деле быть мастером.


Әркімнің өз жері — жұмақ — Каждому родная земля — рай.

Б

Бағайын десе малы жоқ, ауырайын десе ауруы жоқ

— Хотел бы пасти, да скота нет, хотел бы постонать, да болезни нет.

Базар ақшалыға базар, ақшасызға назар

Базар с деньгами — базар, а без денег какой он базар.


Базар бай, алушы кедей — Базар богат, да покупатель беден.

Базарда мың кісі бар, әркім танығанына сәлем береді

— На базаре тысячи людей, а здороваются только со знакомыми.


Базары жақын байымас — С базара жить — деньги не нажить.

Бай атқа мінсе құтты болсын дейді, кедей атка мінсе қайдан алдың дейді

— Бай на коня сядет — доброго пути желают, бедняк на коня сядет — где взял спрашивают.


Бай аузында семіз сөз — Вся щедрость богача только на языке.

Бай бауырын танымас, сауда досқа қарамас

— Богатый брат бедного не признает, купец дружбы не признает.

Байға жағынамын деп жарлының тоқтылы қойы шығыпты

— Бедняк хотел понравиться баю и остался остался без овцы с ягненком.

Байдан пайда артылмас, қудан пайла артылмас

— У бая выгоду не урвешь, хитреца хитростью не проведешь.

Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық

— Лучше умный молчун, чем речистый болтун.

Байлық — байлық емес, бірлік — байлық

 Истинное богатство не в достатке, а в единстве.

Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт елінде патша

— Лягушка — на болоте царь, рыба — в воде, джигит — на Родине.

Балалы үй — базар, баласыз үй — мазар

— Дом с детьми- базар, дом без детей- могила.


Балық аулай алмаған, суды лайлар — Горе-рыбак только воду мутит.


Балық жаны суда — Рыбе без воды жизни нет.


Балық жоқта бақа да балық — Когда рыбы нет, и лягушка — рыба

Балықшының аты шөлден өледі

— У рыбака конь от жажды сдохнет (От А.- сапожник без сапог)

Барлық жарастырады, жоқтық талстырады

— Достаток недостатки сглаживает, нужда еще больше оголяет.

Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті

Пока здоров — добро дорого, заболеешь — жизнь дорога.


Бас ауырса жан қорқады — Голова начинает болеть — душа покой теряет.

Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде

— Не бойся, что голову проломят — под шапкой она,

не трусь что руку сломают — в рукаве она.


Басы аманның малы түгел — Была бы голова цела, а добро наживется.


Басқа пәле тілден — Язык мой — враг мой.


Басқа түссе — баспақшыл — Нужда заставит — про неумение забудешь.


Батыл болсаң батыр да боласың — Смелость — к героизму дорога.


Батыр бір оқтық, бай бір жұттық — Батыр до первой пули, бай — до первого джута.

Батыр туса — ел ырысы, жаңбыр жауса — жер ырысы

Дождь пойдет — земле счастье, батыр родится — народу счастье.

Батырға да жан керек, пақырға да жан керек

— И батыру жизнь нужна, и бедняку жизнь дорога.

Батырға оқ дарымайды, батылға жау жоламайды

— Батыра пуля не берет, храброго враг сторонится.


Батырға таяқ та — жарақ — Батыру и палка оружие.

Батырдың атын жау шығарады, шешеннің атын дау шығарады

— Имя оратора спор выявляет, имя батыра враг называет.


Батырдың басы екеу болмайды — У батыра — не две головы.


Батырлық айқаста танылар — Поле боя называет имя героя.


Бейнет қыл да зейнет қыл — Потрудись, а потом и требуй.


Берген жомарт емес, алмаған жомарт — Не тот щедр, кто дает, а тот кто не берет.

Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле

— Не ищи благодати на небе, ищи ее в единстве народа.


Бермегенді беріп ұялт — Чтобы пристыдить скупого, сам его одари.

Берместің асы піспес, қазаны оттан түспес

— У скопого обед не сварится, пока гость не уйдет.


Берместің сылтауы көп — У скупого много оправданий для отказа.

Бестің басы болғанша, алтыныңаяғы бол

— Чем быть главой пяти человек, лучше быть слугой шести человек.


Бие көп болса, құлын көп — Когда кобылиц много, и жеребят много.


Болат біз қап түбінде қалмас — Стальное шило в мешке не утаишь.


Болат бүгілмес, шорт сынар — Сталь ломается, но не гнётся.

Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады

— Сталь закаляется в огне, батыр — на войне.


Бұқаның арамзасы бұзау арасында жүреді — Ленивый бык вместе с телятами пасется.


Білегіңе сенбе, біліміңе сен — Расчитывай не на свою силу, а на свои знания.


Білек бірді, білім мыңды жығады — Сильный победит одного, ученый тысячу.


Білім арзан, білу қымбат — Ученье ничего не стоит, да выучиться трудно.

Білімге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп

— Для ученного мир светел, для неуча мир тёмен.

Білімді бесіктен тесікке дейін ізден

— Знаний набирайся с пеленок и накапливай до дней последних.


Білімі жоқ ұл — жұпары жоқ гүл — Человек без знаний, что цветок без запаха.

Білімнің басы — бейнет, соңы — зейнет

— В учении трудно, да плоды учения сладки.

Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жол азық ал

— Отправляясь путь на день, бери запасы на три дня.

Бірге тумақ болса да, бірге өлмек жоқ

— Родиться вместе — не значит, что и умирать вместе.

Біреу бетінен жазады, біреу ниетінен жазады

— Один страдает из-за внешности, другой из-за жадности.

Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас

— Один друг- душевный, другой друг- корыстный.

Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді

— Один прыгает от сытости, другой — от стужи.

Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы

— Один трясется за жизнь свою, другой — добро свое.

Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады

— Народ, не знающий единства, с нуждой дружит; народ сильный единством, со счастьем дружит.


Бірлік болмай тірлік болмас — Без единства жизни нет.

Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ. ұйым жоқ болса, күйің жоқ

Нет согласия — нет единства, нет единства — нет счастья.


Бесплатный фрагмент закончился.

Купите книгу, чтобы продолжить чтение.