6+
Құйыршық

Электронная книга - 796 ₽

Объем: 6 бумажных стр.

Формат: epub, fb2, pdfRead, mobi

Подробнее
О книгеотзывыОглавлениеУ этой книги нет оглавленияЧитать фрагмент

Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Балалары болмапты. Мал дегенде, бес ешкі, бір қартайған қара нары ғана бар екен.

Бес ешкінің біреуі қашаған болыпты. Бір күні шал оны сауғызайын деп, қуаласа, оңайлықпен ұстатпайды. Діңкесі құрып, ыза болған шал:

— Әй, шешек келгір! — деп, құйрығынан шап беріп ұстай алыпты. Қаттырақ жұлқып қалса керек, құйрық үзіліп, қолында қалып қойыпты.

Ешкіден өшін алып, айызы қанған шал құйыршықты өзінің қара лашығының жабығына тыға салыпты.

Ешкілерді сауып болғаннан кейін, кемпір от жағып, сүт пісіреді. Піскен сүттен айран ұйытады да қазанның қаспағын қырып отырып:

— Көзі соқыр Құдай, тым құрыса осы қаспақты жейтін бір бала да бермедің-ау, — деп налиды.

Сол кезде жабықтан:

— Шешеке-ау, мен ше? Мен бар емеспін бе? — деген жіңішке дауыс естіледі.

— Сен болсаң, жей ғой, — дейді, кемпір сенер-сенбесін білмей. Құйыршық жабықтан шығып, секіріп жерге түседі де табаққа салған қаспақты алдына алып, жей бастайды.

Бесплатный фрагмент закончился.

Купите книгу, чтобы продолжить чтение.