12+
Ел Шоңы. Сәскелік шақ
Введите сумму не менее null ₽, если хотите поддержать автора, или скачайте книгу бесплатно.Подробнее

Объем: 486 бумажных стр.

Формат: epub, fb2, pdfRead, mobi

Подробнее

Сәскелік шақ

Бірінші кітап

Әділдік қусаң-Шоңға бар,

шариғат қусан-Алсай Кенежанға бар

(Би Тойымбек)


Шоңнын ауызға ілінуі

Қараағашта сонау 1834 Жылқы жылы, Тәңірбердінің Қорысбайының тоғыз болыс елінен адамдар келген, ел аузында қалған асынан кейінгі үлкен той осы болды… Бұл бас қосуды өткізіп отырған Ерназардың мықтысы, тоқсаннан асып бара жатқан Жанкелді би еді. Оның шөбересі Шоң Акмола қаласындағы үш жылдық орыс мектебінің бірінші жылын бітіріп келіп, бұл той соның құрметіне жасалып жатқан. Тойға исі Қуандық, Айтқожа, Барғана, Сатыпалдыдан тараған ағайындардың бәрі шақырылған еді, ал Қараағаштан отыз шақырымдай жердегі Балықтыкөл-Байатардағы отырған Елгелділерден ешкім шақырылмады, Бесімнен тараған ағайындар Елгелдіні ұмытып мәре-сәре болып тойға дайындалып жатқан. Сатыпалды балаларының ішіндегі үлкені осы Елгелділері еді. Баяғы заманда Сатыпалды Сыр бойынан келіп осы жаққа қоныс аударғанда аталары жаңа туған балаға Елгелді деп есім қойған еді. Сондықтан Елгелді ат тартып мінген шамада Қараағаш іргесіндегі Балықтыкөл жағасынан әкесі Сатыпалды баласына қоныс берген еді. Неге екенін кім білген, мал құтаймады. Сатыпалды балаларының ішіндегі ең кедейі осы Елгелді болатын. Қазақ әр уақытта байлықты қадір тұтқан халық қой. Бертін келе ағайындары Елгелділерді менсінбейтін болды. Мына тойға сол ағайындарының шақырылмауы соның бір белгісіндей еді. Елгелділіктерге айтпаса да, ұзын құлақтан Жанкелдінің Телқозыдан туған шөбересі Шоңға үлкен той жасап жатқанынан олар да хабардан болып отырған. Ал іргеде отырған туысқандары Ерназарлықтардың қылығына қарай-қылық жасауды көздеді. Кедей Елгелділіктер есе қайтаруды ойлады. Жанкелді балаларының үйір-үйір жылқыларын айдап әкетіп жаңадан қала болған Ақмола базарына апарып сатуды жоспарлаған болатын. Алайда, ауыл жастары үлкендерден ұялды. Ертеңгі күні олар біліп қалса үлкен жанжал болатынын түсініп, ақыры ауыл басшысы, Елгелділердің ең үлкені Таубаймен ақылдасуды жөн көрді. Оның тоғыз баласы болатын. Ақылымен де, батыл-жігерімен де бүкіл Сатыпалды руларының арасында аты шыққан адам еді. Шыққан тегі жақсы болатын. Балаларының есімдерін Айсары, Ақсары, Тоқсары, Еркесары, Тексары, Телсары, Ерсары, Байсары деп бір біріне ұқсас әрі ұйқас қойып еді. Таубай сонымен қатар батырлығымен де ел арасында танылған адам еді. Сонғы кезде жасы келіп қалған, қарт адамның ел алдында қанша қадірі бар екенін елемейтін, кейбір қазақтың мән бермейтін әдеті бар емес пе? Таубай да сондай күйді басынан кешіп отырған. Ерназарлық туыстарының жасап жатқанын естігінде, ол кісі де ренжіп қалған. Бірақ онысын балаларына да, ауылдастарына да сездірмеді. Ертеңіне, таңертең Таубай ауыл жастарын шақырып болы да:

— Сендер ертең бір-біріңді көрмейтіндей болмаңдар. Онда ағайын арасындағы туыстық кетеді. Шақырмаса шақырмасын, біз өзіміз барамыз, -деді. Ауыл ақсақалының бұл сөзіне ешкім қарсы келген жоқ. Түс ауа Таубайдың өзі бас болып жолға дайындалған еді. Жарысқа қатысатын жүйрік аттарын, әнші, күйшілерін қоса ала шыққан. Сол кезде ауылда аты ауызға ілінген Жәмке атты он үштегі баланы ертіп алған еді Тойға бара жатқандардың ішіндегі ең кішісі де осы еді.

Таубайдың батылдығы қазақ-қалмақ Аңырақай жотасындағы соғыстан кейін шыққан. Қалмақтар тас талқаны шығып жеңілсе де есе қайтару соғысын әлі қойған жоқ еді. Қазақтың да топ құрып оларға қарсы соғысып жүрген кезі. Тоқалардан шыққан осындай бір топты Таубай бастаған еді. Таубай он бес жасында атқа мініп, содан елуден асқанша аттан түспеген. Талай шайқастарға қатысып, батыр атанған. Қазір ел арасындағы құрметті ақсақалдардың бірі осы Таубай батыр еді. Жас келген соң ауру айналдырып, жүріс-тұрысы азайып отырып қалған болатын. Жанкелдіге өкпелі, барғысы келмей отырса да, жастар жанжалдасып қалмасын деген оймен өзі де атқа мінген еді. Шөбересінің құрметіне болып жатқан той атын естігені болмаса, басқасын онша біле қоймайтын еді. Кімдерді шақырып жатқаның толық білмейтін. Жолай келе жатқан кіші баласы Байсары естіген, оның айтуынша ағайындардың бәрі шақырылып, солардан өздерін қалдырғанын баласынан білді. Таубай түсініп болмайтын жағдайда беріліп келе жатыр еді. Содан соң барып сұрады.

— Осынша үлкен той не үшін жасап жатыр?

Баласы бәрін түсіндіріп айтты.

— Көке, мына Жанкелді замандасыңыздың шөбересі Ақмоладан орысша оқу оқып келгеніне той жасап жатқан көрінеді.

Баласының бұл сөзі оған ұнамады:

— Орысша оқығанға неге той жасайды? — Жақтырмаған сияқты.

— Кім білген, баланың оқуға баруына Жанкелдінің өзі себепші болыпты ғой.

Мына сөзге Таубай ойланып қалды да:

— Ол көреген, ертеңгі күнді болжап отырған шығар…

— Солай болса солай шығар. Кім білген, қазір Нұра бойына барсаңыз жер шолып жүрген орыстарды көресіз. Сол Жанкелді ауылынын іргесінде Басилий дей ме, бір орыс отырған көрнеді. Жанкелді балаларының көңілі сонымен жақын, -дейді елдегілер.

Мына сөзді естіп, Таубай реніш білдірді. Оның кәпірмен дос болғанынын түсінбеді.

Баласы әкесіне әрі қарай түсіндіре бастады.

— Осы жаққа орыстар көшіп келеді дейді біреулер. Солардың тілін білсін деген оймен оқытып жатқан болар.

Байсарының бұл айтқаны елдің алып қашпа сөзі еді, соны естіп әдейі не дейді екенін білу үшін әкесіне айтып отырған болатын. Баяғы заманы еске түсті ме, батырлығы ұстап кеткен болуы керек, айтқаны:

— Оларды қалмақтар тәрізді қумай ма?

— Орыстар қалмақтардан күшті дейді ғой.

— Күшті болғанда несімен күшті?

— Оқ+дәрімен атылатын мылтықтары бар көрінеді. Ал ол бізде жоқ. Есіл бойын жаулап алып, Ақмола атты бекініс салды ғой. Кенесарының өзін айдап шыққан жоқ па, бұл орыстарға одан кейін кімнің шамасы келеді.

Хан тұқымы Кенесарыны қуғанын естігеннен кейін Таубай басылып қалды.

— Ондай болса, орыстар шын мықты екен. Қап, әттеген-ай.

Оның неге өкініп отырғанын қасындағылар білмеді.

Жасының келіп қалғанына өкіне ме, әйтеуір, бір түсініксіз жай еді. Енді сөзін Жанкелдіге бұрып:

— Ойпырмай, ә-деді Таубай таңғалған рай танытып-Жанкелдінің мынасы қызық екен. Ең жақын туысқандарының бірі бізбіз. Үлкен той болса, бізге неге хабарламайды. -Өз айтқанына өзі мүшайман болып қалғандай. Баласы сөзін қоздыра түсті:

— Мына батысыңызда жатқан, ең ақыры, Темештерді де тойға шақырыпты. Олар таңертең кетті. Ал, іргеде отырған бізге айтпады, -деді Байсары тағы да.

Мына сөз ауыр тиіп тұрса да, Таубай енді Жанкелдіні ақтағандай етіп сөйледі.

— Жанкелдіні кінәламаңдар. Бәрін жасап отырған оның балалары. -Жас күнінен мінезін жақсы түсінетін ол Жанкелдінің олай жасамайтынына сенімді еді.

— Бәрін шақырыпты, бізді кедей болған соң көзге ілмейтін тәрізді. Осы манайдағы Алтай-Қарпық балаларына түгел хабарлапты. -Бұл сөзді айтып отырған тағы да кіші баласы Байсары еді. Тойға өздерін шақырмағанға ол қатты ренжіген.

— Казір адамнан гөрі, байлықты сыйлайтын заман туды ғой, -деді осы жастардың ішіндегі үлкені Ашықбай.

— Барып Жанкелдінің кез келген баласының бір үйір жылқыларын айдап алсақ, дұрыс болатын еді, -деді біреуі.

— Одан ел арасында жанжал туады, одан түк бітпейді. Ауыл арасы бүлінеді, ештеңе ұтпайсыңдар!

— Көке, сіз қалай түсінбейсіз, олар бізді кедей деп кемітіп отыр, -деді баласы Байсары тағы да.

— Олар кеміткенімен кем болмаймыз, Құдай кемітпесін, басқасы ештене етпейді…

Сатыпалды балаларының ішінде кедей болса да Елгелділер маңдайынан жүйрік ат арылған емес еді. Санрет ру аралық, аймақтық ат жарыстарында бірінші, ең бомағанда екінші орынды алып отыратын.1834 жылы өткен Тәнірбергеннің Қонысбайының асында «отыз желком» атанған Елгелдінің көкбестісі бірінші келіп, жарты жолдан қосылғанды шығарып сылтау айтып, басқарып жүрген Сапақ, Лау мен Телқозы билеп жүлде бергізбеген еді. Бұл да ұмытылмай іште жүрген өкпе болатын. Сондықтан бұл туыстардың арасында ауыларалық араздық бар еді. Содан бірімен бірі онша қатынаса қоймайтын. Жанкелді немересінің ішіндегі пысығы, барлық шаруаны басқарып жүретін Телқозыға өкпелері бар болатын бұлардың. Бір бірін суық ұстаудың бір сыры да осында жатыр еді. Бұл жолы да Елгелділер той жарысына ақ боз атты алып келе жатқан. Оның үстіне мінгізуге он үш жасар атқа мықты Жәмкені әкеле жатыр еді. Бұл бала атқа жақсы шабумен қатар, өлең-жыр айтуға шебер, ел арасында айтылып жүрген мың-сан қисаларды жатқа білетін. Әншілігі де күшті.

Ол кезде қай ауылда болсын үлкені де кішісі де қиса десе ауызынан суы құрып тыңдайтын. Елдің сондай қасиетін білетін Байсары әдейі елдің бетін өзіне қарату үшін Жәмкені алған болатын.

Елгелділіктер түс ауа Жанкелді ауылына жақындап келді. Айналасы қаптаған киіз үйлер. Жік жоқ. Жанкелдінің өзі келген қонақтарды төбе басында қарсы алып отыр. Төрт жағы ашық, күн түспесінмен төбесіне ши ұстатып, биіктеу жерде отырған. Бұлай етіп жасап қойған себебі, шығыстан да, батыстан да, оңтүстіктен де, терістіктен де келген қонақтарды Жанкелді бірінші көру үшін әдейі осылай жасаған еді. Кешеден бері осы жерде отырып қонақтарды қарап отырған. Таусылар түрі жоқ. Шығыстан Қаржастар, Каракесектер, оңтүстіктен Тамалар мен Наймандар, батыстан Темештер мен Нұра бойынан ағайындас Жабағы, Құлымбет, Тілен, іргедесі Тиес, Аққошарлар он-жиырма атты болып келіп жатыр. Әуелі биікте қырқа басында отырған Жанкелдіге сәлем беріп, бәрі төменде тігілген киіз үйлерге жайғасып жатқан еді… Бүгін соңғы күн еді, ертең той басталады. Күн бесіндіктен асқан кезде батыстан он шақты салт атқа мінген адамдар көрінді. Көруі нашарлай бастаса да Жанкелдінің кәрі көзі шалып қалып:

— Менің көзім онша анықтай алмай тұр, мыналар кім? -деп сұраған қасында отырғандардан.

— Бұлар дәуде болса «отыз желком» Елгелділер болар, -деді біреуі.

— Қой, олай демеңдер, естіп қалса бұл Елгелділер шамқой ел, жанжал шығаруы мүмкін, -деді Жанкелді. Алайда, іргеде отырып кешігіп келе жатқан Елгелділерге ренішті еді. Ең жақын туыстардың бірі ең соңынан келе жатқаны қалай екенін түсінбей отырған Жанкелді. Бірақ бұл туралы ешкімге ештеңе айтпады.

Ауыл сыртынан қонақтарды қүтіп алып жүрген жігіттер, Таубайларды қарсы алып Жанкелді отырған араға қарай бағыттап жіберді. Таубай келіп бірінші болып аттан түсті. Жасы келіп бойы біраз отырса да әлі бойшаң еді Таубай. Сондықтан еңкейіп келіп түкті кілем үстінде отырған Жанкелдіге сәлем берді.

— Таубай батыр, жер алыс болған соң кешігіп қалдың ба? Бұл сөзде ашу да, әрі өкпе де бар еді.

— Жәке, менің келмей қалуым да мүмкін еді. Дәл іргеде отырған бізге той болатынын неге хабарламаған?

Жанкелді қасына отырған үлкен баласы Зейнетке қарады.

— Сендер Елгелділерге алдымен хабарламайсыңдар ма?!

— Әке, ол жағын мен білмеймін. Хабарлау жағын басқа біреулер алып жүрген.

— Егер мына Таубай айтқандай, хабарламағандарың рас болса, ұят болған екен…

— Туыс адамдар шақыруды күтіп жата ма, өздері келе бермей ма? -деді тағы да баласы Зейнет.

— Міне, келіп отырмыз ғой, шақыру адамды сыйлау, қадірлеу болып табылады. Жасың бірталайға келді, өзің де біздей шал болдың. Сен бәрін біліп отыруға тиістісің, ол жағын ұмытпа, -деді Таубай Зейнетке.

Бұл Елгелдіктер енді сөзді көбейтіп жібереді. Алдияр тақсыр, кешірім өтінемін, -деді Зейнет. Оның мына сөзінде бір кекету, әрі кесірлік бар еді. Таубай оны сезді. Алайда, Жанкелді алдында дауласуды жөнсіз көрді.

Таубай ойлады, рас болса рас шығар бір жағынан, бір-біріне сеніп, шатасып жүріп ұмытқан шығарға болжаған. Кеудедегі реніш әлгі Жанкелді сөзінен кейін осылай оп-оңай тарқағандай. Сол-ақ екен, көңілшек Таубай Жанкелдіні құшақтап қайыра төсін түйістірді. Бұл бауырластықтың, туыстықтың белгісіндей еді.

— Таубай, інім денсаулығың қалай? -Жанкелді Таубайдан бір жылдай үлкендігі болатын. Соны пайдаланып атына інімді қосып сөйлейтін.

— Жәке, бұрынғыдай емес, жүріс азайып кетті. Жас кезде алған жаралар, сыр беріп жүр. Сізбен де жолықпағалы бір талай заман болды. Әйтпесе, баяғыда келіп амандасып кетемін ғой.

Жанкелді қазақ-қалмақ соғысына қатысқан жоқ болатын. Жастық шағының бәрін сонау Самарқант, Бұхара қалаларынан әртүрлі бұйымдар әкелумен өткізген еді. Саудамен айналысқан. Содан жастайынан-ақ байып кеткен. Ел арасында жақсы мінезімен, байлығымен аты шыққан. Оның үстіне ананы-мынаны шалатын ақылы да бар. Сонысы үшін ағайындары қатты сыйлайтын. Бесімдіктер Жанкелдімен ақылдаспай қимылдамайтын. Бұл келіс немересі Телқозыдан туған шөбересін қолпаштау емес, Жанкелді шақырған соң келе жатқан адамдар еді.

Жанкелдінің арқасында мал да, басқа да байлықтар мол жинаған балалары Зейнет, Жәмет, Әнет, Байқозы, Қарақозының аттары байлықпен шыққан. Бұл балаларының әрқайсысы әкелерінің арқасында мыңды айдаған байлар еді. Олардан туған балалары да бай болатын. Сондықтан малдары бүкіл Қараағаш бойына сыймай жататын. Байлық адамды кеуделі етеді. Жақын туыстары Елгелділерді менсінбей, оларды ұры атауының бір сыры, сонда жатқан еді. Мына тойға шақырмаудың бір сыры осында еді. Қатар өскендіктен бе, Жанкелді Таубайды қадыр тұтып, жақсы көретін. Баяғыда, он жеті-он сегіздегі кезінде Бұхардан дүние алып келе жатқан Жанкелдінің керуеніне қазақтардан бет қарамайтындай болып жеңілген қалмақтар енді ашық соғысқа шықпай керуен жолдарын андитын. Ойламаған жерден елге жақындай бере Жанкелділер соларға кездесіп қалған болатын. Олар дүниелерін алып қана қоймай, адамдарын да қырып тастайтын, болмаса байларын құлдыққа алып кететін. Кейін құн сұрайтын. Жанкелдінің ажалы жоқ па, қалмақтар соңына түсіп жүрген Таубайлардың жасақтарына кездесіп қалып, Жанкелдіні сол жолы бір ажалдан құтқарып қалған еді. Сан жылдар өтсе де Жанкелді Таубайдың сол жақсылығын ұмытқан емес. Қазір де сол алыста қалған күндер еске түсіп сөз бастаған.

— Бұл Елгелдінің Төлекбай атасынан бастап бар өмірі қалмақтармен соғыста өтті ғой. Бұлардың қазақтар алдында еңбегі зор. Соны ұмытпауларың керек.-Бұл сөзді балаларына арнап айтқандай еді. Қазір өзі де шал болып қалған Зейнет үндемеді. Таубай оның үнсіз қалғанын жақтырмады. Алайда, оған тиіспеді. Басқаша сөйледі.

— Жәке, оны елдің бәрі білуі міндетті емес, сіздің ұмытпағаныңызға рахмет, Алла жарылқасын. Уақыт өтеді жақсылықта та, жамандық та ұмытылады. Анау Тәңірбергеннің «бес перені»ағаларының асында ат жарысынан бізге бас сыйлықты бермеді ғой, баяғыда. Сол есімнен кетпейді.

— Өзің айтып отырсың ғой, өткеннің бәрі ұмытылады деп, сенде ұмыт, оны ендеше, -деді Жанкелді.

— Жай, сөз реті келген соң айтып отырмын.- Бұл арада Жанкелді балаларына өкпе бар еді, бірақ оны ашық айтпады Таубай. Және оны айтудың мына арада орынсыз екенін білген ол.

— Байлық деген қызық, біреулерге сәтін салады да, содан кейін байып кетеді. Тәңірбергеннің балалары да сондай сәтімен байыған адамдар еді. Сен байлықты ойлама, аталарымыз айтатын байлық бір жұттық дейтін. Тек ауылдың өсуін ойла.-Жанкелді Таубаймен кездескен сайын осы сөзді айтатын. Таубай да бұл сөзде үлкен мән беріп айтатынын жақсы түсінетін. Қазір де соны қайталап айтып отырған.

Бірақ қазақ кім көрінгенге қыздарын бере бермейді. Оның иелігіндегі малдарына қарайтын. Ал, Елгелділерде мал жағы аз еді, сондықтан бірен-саны болмаса Елгелділер екі әйел ала алмайтын. Мыңды айдаған байлар оларға қыздарын бермейтін. Би сайлауына да қатыстырмайтын. Жанкелді оның бәрін білетін. Бұларға әуелден байлықты мандайларына жазбағанын бір өкінішпен айтып отыратын. Өздерімен бірге туысқан Сатыпалдыдан тараған, оның үлкен баласы Елгелді ұрпақтарының осындай кедей болғанына іші ауыратын. Әуелінде әкелері үш баласына да бірдей байлықты бөліп берген. Басқалары байып кеткенде Елгелділерге мал құтаймай қойған. Содан ба олардың, Темештерден, алыста жатқан Қаракесектерден мал ұрлайтыны да бар еді. Олар дау шығарып, Жанкелді би алында сан келген. Бірге туған туыстарын қалай сатсын, сендер әуелі анығына жетіндермен қайтарып жіберетін. Сондықтан олар есе қайтару үшін Тоқалардың да малдарын ұрлайтын. Содан ба, Тоқалар арасында Елгелділер ұры деген лақап ат тарап кеткен. Сондықтан ұрласа да, ұрламаса да ұры атанған.

Жанкелді мына Таубайдың ренжіп келіп отырғанын біліп, біраз әнгімелесіп отырғаннан кейін Жанкелді немересі Телқозыны шақырып алды да:

— Сен мына әкен Таубайды жайлы үйге орналастыр, -деді.

— Жәке, дұрыс айтасыз, расында біз біраз дем алайық, жол ұзақ болмаса да мен шаршап қплыппын, -деді Таубай.

— Бұл сөзіңнің жөні бар. Менің басымда да сондай жағдай бар. Мына ұрпағым Телқозыдан туған Шоң шөберем ерте туған бала. Осында әлгі ағаш кесетін орыстан, соның тілін үйренген жастайынан. Содан мына Ақмолаға оқуға жіберіп едім. Сол оқудың бір жылын бітіріп келіпті. Оның үстіне қанша тірлігіміз қалды дейсің, талай адамдарды көрмегеніме көп болды, сағынған туыстармен жүздесу үшін әдейі осы тойды өткізуге өзім себепкер болып едім.

— Жәке, дұрыс жасағансыз. Енді түсіндім. Келешекте ұрпақтарымызды не күтіп тұрғанын кім білген, жауымыз Шығыстан деп жүр едік, батыстан мына орыстар шықты. Оның дос, дұшпан болатынын кім білген… Баяғыда Төлекбай атам айтты деуші еді, алдымен достың да, дұшпанның да тілін үйрен деп. Сол сөзде жөнділік бар-ау деймін, мына шаруаңыздан соны біліп отырмын. Дұрыс жасағансыз.

— Әрине, тіл арқылы бәрін білесің, тілмен басқа елдің өнерін үйренуге болады. Байқаймын, бізден гөрі орыстар өнерлі тәрізді. Олардан үйренгеннің кемшілігі жоқ. Жолдан шаршап келдің, дем ал.-Немересі Телқозыға:

— Сен мына Таубай әкенді кең, әрі бір жайлы киіз үйге қондыр.-Жанкелді айрықша сыйластық көрсеткісі келді ме, екінші рет қайталап айтты Жанкелдінің балалары әр ру басына жеке-жеке үй тіккен.-Сен Таубайға жеке үй бер, -деді немересінің адамдарды кедей, байға бөлетінін білетін Жанкелді, бұл сөзді әдейі қайталап айтып отырғаны сондықтан.

Телқозы Елгелділерге ренішті еді, Кербестінің бір тұқымын сұрағанда бермеген, оның себебі, Корыспайдың еске алу жиынындағы ат жарысында Сапақты жақтап кеткені де содан болатын. Телқозының Елгелділерге, олардың бұған теріс қарап кеткені содан еді. Көнілі қаламай тұрса да атасының жасап, Таубайдың бір өзін жеке киіз үйге жайғастырып, қасындағыларды түгел бөлек бір үйге түсірді. куәсіндей бәрі дерлік он екі қанат ақ үйлер еді. Таубайлар орналасқаннан кейін дастархан жасалып, ас келді. Қасындағылар тамақ ішіп алғаннан кейін жолдан шаршап келген Таубайдың демалуын ойлап, жеке қалдырып тамақтан соң Ашықбай бастаған басқалары тысқа шықты. Сыртта бәйгеге әкелген боз аттың қасында жүрген Жәмке жүгіріп келді.

— Аға, -деді Байсарыға- Біздің атты бір кісі қарап жүр.

Ол солай қарай беттеді. Расында, қаз-қатар байланған жылқылардың қасында бір адам жүр екен. Байсары бірден таныды.

— Көбеке, амансыз ба?

Көбен сыншы да бұл кезде сексенді алқымдап қалған кез еді. Содан да бір көрген адамын танымайтын болған. Әйтпесе, Елгелділердің талай жүйрігін жақсылап сынап берген кезінде. Көбеннің айтқаны мүлт кетпейтін еді. Бірақ қазір Байсарыны танымай қалған ол:

— Сен қай жақтан келдің?

— Мен мына Балықтыкөл-Байатардағы Елгелді боламын. Атым Байсары, танымадыңыз ба?

— Жас келді бұрынғыдй емеспін. Ылғи шатастырып аламын. Кешір, бауырым, сенің атың қайсы?

— Мына алдыңызда тұрған боз ат!

Осы арада Көбеннің көрегендігі ұстап кеткен тәрізді.

— Бұл Тәнірбергеннің Корысбайының асында шапқан Кербестінің тұқымы ма?

— Дәл өзі. Оны қайдан білдіңіз?

— Білген соң сұрап тұрмын ғой, бұл неше жаста?

— Биыл бестен асып барады…

— Ендеше, дәл бабында тұрған кезі екен.

Байсары да жас болса да жылқы жағдайын жақсы білетін. Ағаларына болмай осы бозды алып келген, сол еді.

— Кербесті қайда? -деп сұрады Көбен.

— Ол ақсап қалған.

— Одан неше тұқым алдындар?

— Содан туған жеті-сегіз жылқы бар. Бағын сынамақшы болып осы боз қасқаны алып келдік.

— Түр келбетіне қарағанда жүйрік ат болуы керек.

— Нешінші орын алады деп ойлайсыз?

— Өзінің бабында болса бірінші, не екінші орынды алуы мүмкін.

Көбен өзінің ат таңдағыш қабілетін түсіргісі келмей ме, біліп тұрса да жүйрік аттар осылай бірінші, екіншімен сөзін бітіретін, ылғи.

— Сіз осылай, бірінші, екінші деп айтасыз. Сыншы болған соң бірінші, екінші орын демей, туралап, бөліп-жармай айтпайсыз ба?!

— Айта алмаймын, — деді Көбен сыншы, -Өз қазақтарың айтады, ат шаппайды, бап шабады дейді. Осы тұрған аттардын бәрі де жүйрік. Айта алмаймын, -деді Көбен сөзін қайталап. Оның үстіне атпен шабатын балаға да байланысты. Ол атты қалай басқарса, солай болады.

Байсары қасында тұрған Жәмкені көрсетті.

— Мына бала шабады.

— Сен нешеге келдің?

— Биыл он үшке келдім, -Бұл сөзді тез, тарс еткізіп жылдам айтқан Жәмке. Көбен мына баланың ширақ екенін байқап қалып:

— Мына бала мінсе бірінші орынды алады. Мынау бір болғалы тұрған бала екен. Сонымен қоса қандай өнерің бар.

— Қисаларды жатқа айтамын. Ән сала білемін.

— Егер жолы болса, атаның да, өзінің де атын шағарар осы жолы. Тұрған бойы тұнып тұрған өнер екен. Көмекейі ағып тұрған ән екен.

— Көбеке, оны қайдан білдіңіз? -деді Байсары.

— Менің түйсігім солай дейді.-Көбен сыншы осыны айтты да басқа аттарды көруге кетіп қалды.

Көбен атты да, адамды да жақсы сынай білетін мықты сыншы еді. Негізі қарақалпақ болғанымен баяғы Жанкелді Бұқара базарына барып сауда жасап жүргенде Өзбектің саудагерінен құлдыққа сатып алған осы Көбенді. Ол кезде құлдардың да әйел-еркегіне байланысты өз бағасы бар еді. Өзбек бағасына келіспей тұрып алған болады. Он үш- он төртке келген бала еді. Бойы да кішкентай екен. Жанкелді бір ірілеуін алуды ойлады. Жүре беріп еді, Көбен біліп тұрған, егер мына қазақ алмаса, өзбек ар жақтағы Қызылбас, не болмаса Араб елдерінің біріне сатып жібереді. Оларға кетсе піштіріп хан сарайыедағы әйелдерге күтуші етіп жіберуі мүмкін. Оны Көбеннің көңілі қаламайды. Мына қазақтың алмағанына қорқып кеткен еді ол. Көбен кетіп бара жатқан Жанкелдіге тіл қатып, тоқтатып сөз бастаған еді. "Ағасы негізіміз бір, тіліміз бір халықпыз ғой. Сіз алмасаңыз мені оңтүстікке сатады. Одан кейін менің сорлағаным. Ағасы, сол сұраған ақшасын беріп мені алыңызшы». Көбен сөзінде жалыну бар еді. Жанкелді мына жас өспірімді аяп кетті, ақыры алған. Былай шыққан соң сұраған одан. «Сен жылқы бағып, қой жаюды білемісің?» «Білемін. Бірақ менің одан да зор өнерім бар. Жылқының жүйрігін айта аламын. Адам бойындағы көрінбей тұрған өнерді білемін». Жанкелді оның мына айтқанына сене қоймады. Күдіктене қарады. Ештеңе айтқан жоқ. Елге алып келген.

Көбеннің айтқанында ешқандай өтірік жоқ екен. Елге келген соң бірнеше аты сынатып көрген. Оның жүйрік деген аттары шын жүйрік еді. Жанкелдінің Көбен көптің бір еместігіне көзі әбден жеткен. Содан, талй айтқаны тура келді. Жанкелді Көбенді құл есебінде ұстамады. Ауылда еркін жүрді. Арада біраз жылдар өткен болатын. Ақыры, Жанкелді Көбенге бостандық берген еді. Астына ат мінгізіп, еліне жіберген. Ол кеткен. Арада бір ай өткенде, қайтып келген. Көп уақыт өткендіктен елін жатсынып, сия алмаған болуы керек, кері оралған. Ақыры, Жанкелді ауылынын бір қыз алып беріп, осында өмір сүріп жатыр еді, содан бері Көбеннің білгірлігін бағалап ауыл адамдары бәрі де сыйлайтын. Алайда, Көбенде бала болмады. Жанкелді айтқан: «Сен ұрпақсыз өтесің бе, тағы әйел ал. Қаласаң менің балаларымның қыздарының біреуін ал». «Жәке, қажет емес, менен бала болмайды. Анау қызды алған түні Жаратушымыз аян берген. Менен ұрпақ болмайды. Қызынды бақытсыз ете алмаймын. Осылай да өмір сүремін». Сөйтіп, Көбен ал деген қызын алмаған. Сол бірінші әйелімен өмір сүріп жатқан.

Оқуға жіберер алдында немересі Шоңды да сынатқан еді. "Жәке, оқуға берініз бұл балаңыз үшін ең дұрыс жол. Бақытты болады, алдына ешкім келе алмайды, елге сөзін тындататын, не айтса да дәл табатын болыс болады» -деген. Екі ойлы болып жүрген Жанкелді Көбеннің айтуымен Шоңды орыс- татар мектебіне берген болатын.

Көбеннің керемет ат сыншы екенін біліп алған ел, арнайы шақыртып аттарын сынататын. Ондайларға қырсық мінезі бар ол бара бермейтін. Тек, осындай үлкен жарыстарда ғана келіп аттарды сынайтын. Көбен ат сынай бастағанда оның манайында ел қаптан кететін. Бүгін де солай болды. Қазақ қызық халық, күні бұрын жарыс болмай жатып өз аттарын мақтағанын ұнатады. Бірақ Көбен ондайды жасамайтын. Адамдардың байлығына, кедейлігіне қарамай турасын айтатын.

Көбен Жанкелдінің тойына келген аттарды көріп жүргенде Байсары соңынан қалмай еріп жүрген болатын. Үйіне кетер кезде Бпйсарыға оңашалап айтты.

— Мен аттардың бәрін қарап шықтым. Сенің атыңан жүйрігі жоқ. Сәтін салса, бірінші орынды аласың, болмаса екінші орын шаппай берудің өзі болады.- Осыны айтып кетіп қалды. Мына сөз Байсарының көңілін көтеріп тастағандай болды.

Кешінде тойға әдейі ертіп әкелген өнерлілер дайындала бастады. Күн батар алдына шартараптан келген мықтылар, балуандар белдесті. Одан кейін әншілерге кезек тиді. Жиналғандар оларды да қызықтады. Кезке Жәмкеге келді. Бұның өнері басқалардан өзгешелеу еді. Домбыраға қосылып неше түрлі ән салды. Қазақтың қиса- дастандарын жатқа біледі екен, оларды домбыраға қосып айтып берді. Елдің қызыққаны сондай, жіберетін түрлері жоқ. Түннің біраз уақытты болды. Ай туғалы қашан! Жәмкені босатар емес, өңкей шалдар құлағын тосып, тыңдап қалыпты. Зылиқа-Жүсіптен бастап сан түрлі қисаларды айтып жатыр. Елдің құмары қанар емес. Жұрттың арасында Көбен де тұр еді. «Мынау ғажап өнерлі жас екен. Дауысы қандай тамаша» деп қояды. Түн жарымы болды. Ақыры Байсары бала ертең атқа шабады деп алып кетті.

Жәмкенің әке-шешесі жоқ жалғыз еді, ата-анасы ерте өлген. Бір тұяқтан жалғыз қалған бала болатын. Ауылында ерте тұрып елдің малын бағатын. Оның өнері Елгелділер үшін бес тиындық құны жоқ, тәрізді еді. Тек мал бағуға үстаған. Бүгін ғана мына жиналған қауымнан мақтауынан кейін оның құнының қаншалықты екенін Елгелділер білді. Шалдар рахмет айтып жатыр. Келісімен Жәмке жатып қалған. Ол мал жағдайымен күн шықпай тұрұға үйренген. Бүгін уақытында тұриады. Түннен шаршап қалған шығар деген оймен Байсары мазаламаған. Ел аттарын жарысқа дайындап жатыр. Ақыры, Байсары Жәмкені жұлқылап орнынан зорға тұрғызған еді. Бала айтты:

— Бүкіл денем ауырып тұр, Атқа шаба алмаймын.

— Қайтсең де шабасың!

— Шаба алмаймын, -деп бала төсегіне қайыра жатып қалды.

Амалы таусылған Байсары жүгіріп сыртқа шықты. Сол екі арада қасына еріп келген адамдардың бәрі хабардар болып қалды. Ашықбай бастаған Елгелділердің бәрі Жәмке жатқан киіз үйге қайыра кірді. Балада ес жоқ, сандырақтап жатыр. Сыртта Жанкелді қасында отырған Таубайдың құлағына да жеткен.

— Құрығанда ат жарысы құрысын. Бір атадан қалған жалғыз көз еді. Ауырып қалғаны қиын болды ғой. Кеше не тамақ ішіп еді…

— Қайдан білейін, менің көзімше біз ішкен тамақты ішті, — деді Байсары тұрып.

— Кеше Көбеннің көзіне түсіп кеткен жоқ па? -деді Жанкелді.

— Иә, кеше тойда болғанда ел алдына шығып алып, тілі сайрап тұр екен. Болатын бала екен, — деп қайта-қайта айтып еді, Көбен!

Байсарының мына сөзін естіп Жанкелді айтты, сол Көбеннің көзі тиген. Соған ат шаптырыңдар деді.

Көбен көрші ауылда тұратын. Ат жіберілген еді. Ол келіп, мен өз көзімді өзім қайыра алмаймын. Мына көрші ауылда Сары бәйбише деген бір кемпір бар, сол, менің көзімді қайтарады. Соған адам жіберіңдер деді. Енді соған ат шаптырды. Ол келіп, көріп: көз қатты тиген екен. Дегенмен, емдеп көрейінді айтқан. Өзінің мұндайдағы үйреншікті емін жасады. Бірақ та бала орнынан тұрып кете алмады.

Байсарылар ауылдан боз атқа мініп шабатын бала іздеді. Оның сөзін Шоң естіп тұрған еді:

— Бұл атпен мен шабайын, -деді. Баласынын бұл сөзін Телқозы жақтырмады.

— Шапсан, өзіміздін пуылдан да аттар қатысады. Соның біріне мін. Қайдағы бір Елгелдінің атымен шауып, солардың шашбуын көтеріп қайтесің? — Теоқозы Кербестінің бір тұқымын бермеген Елгелдірге өкпелі тағы да көрсетті.

— Мен сіздердің бірінші орынды алмайтын аттарыңмен шаппаймын. Кеше Көбен осы ат не бірінші, не екінші орын алады деген. Осымен шабамын, -деді Шоң. Жанкелді бауырынды өскен Шоң Телқозыны атымен атайтын.

— Телқозы, Ерназар да, Елгелді де Сатыпалды әулетінен. Сіз неге бөлесіз. Оның ішінде Дәулетбикеденбіз. Елгелдінің аты озса, сіздің де беделіңіздің өскені.

Телқозы баласының бұл сөзін сонда да мақұлдамады. Бірақ қарсы сөз де айта алмады. Қасында тұрғандардан ұялды.

Шоңның бұл сөзінде сыр бар еді. Дәулетбике хан қызы болатын. Баяғыда сонау Есімхан заманында хан бір топ батырларын алып жорыққа шығады. Ол қайтып оралғанша Жәнібек ханның тұқымы Тұрсын Түркістанды басып алып Есімханның отбасына үлкен қорлық көрсетеді. Соғыстан қайтып оралған Есімхан Ташкентте отырған Тұрсынды бір түнде басып алып, бүкіл еркек кіндіктен туғандарын түгел қырып, қыздарын қасындағы батырларына бөліп береді. Сонда Қуандық тұқымы Бесімге Дәулетбике бұйырады, Мейрамсопының басқа ұрпақтарына да бір-бір хан қыздарын қосады. Келе жатқанда Бесім ойға қалады, бұл қалай болар екен. Бәйбішем бар, хан қызы қалай тоқал болады, ойға беріледі. Ақыры қыздан сұрайды. Оған айтқан:

«Дәулетбике, менің бәйбішем бар, сен хан қызысын. Қалай болар екен… Сен маған шын көнілден тидің бе, әлде ханның қаһарынан қорыққаныңнан келістің бе? Егер шын көңілден тисең, ана бәйбішемді талақ тастап, сені аламын».

Сонда Дәулетбике айтыпты: " Бас ием, бұл да Құдайдың жазуы шығар, саған шын берілдім. Бәйбішеңді тастама, тоқал болып отыра беремін» дейді. Бесімнің бұрыннан Бөтей деген бәйбішесі бар еді. Содан Дәулетбике Бесімнің бәйбішесін ене атап кетеді. Содан Тоқалар бір бөлігі Ене тоқасы аталып кетті. Дәулетбикеден тараған балалар ұрпағы Дәулетбике Тоқасы аталған. Айтқожа, Барғана, Сатыпалдылар хан қызы Дәулетбикеден туғанын мақтаныш ететін. Шоңның айтып тұрғаны сол еді.

Телқозының өзі де хан қызынан туғанын мақтаныш ететін, бірақ баласының мына жерде Елгелділерді қосып айтқанын ұнатпай қалды.

Шоңнын боз атпен шабатынын Таубай естіп, бізден де қанға тартатын ұрпақ өсіп келе жатыр екен деп, Байсары да Шоңның шабатынын естіп мақұлдап, қуанған еді.

Өңкей он мен он бестің арасындағы балалар атқа мінді. Аттарды Қараағаштың шығыс-оңтүстік жағындағы кең жазықтан бері ауылға қарай шабатын болды. Балалар жол бастаушысы бар, солай қарай кеткен еді. Қонаққа келен билер мен байлар талай сәйгүлігін алып келген. Жүйрік аттар көз тұндырарлықтай көп екен. Бірінен бірі өткен, әр түрлі тұқымды жұйрік, сұлу, көрікті аттар еді.

Он жеті мың біткен Тәңірбергеннің баласы Сапақ атаяғы жетер жердегі жарыстың бәріне ат қосатын. Сонау жылдары Ақмоншақ аты болатын. Сол ат талай жерлерден бірінші орын алған. Содан оның есімі бүкіл осы маңайдағы рулар ішінде дүрілдеп тұрған. Жүйрік ат сонда, сұлу қызды сол алатын. Сапақ бұл тойға да бір жүйрігін әкелген болатын. Ауыл арасындағы жарыстарды бірінші орын алып жүрген бұл атқа үміті зор болатын. Анада ағасы Қонысбайдың асында Ақмоншақ аяғы ақсап қалып қойып бірінші орын ала алмаған еді. Ауыл арасындағы күндестік қозып кетте де, Сапақ өзі ала алмаған соң Елгелділерге де бергізгісі келмеді. Сонды Елгелдінің Кербестісі бірінші келіп, үлкен дау болып ретін тауып Телқозы, Сыртанбай, Лау, Сапақ төртеуі дау айтып бірінші орынды Кербестіге бергізбей төтеден қосылды сияқты сылтау айтып, басқа сырт адамына бергізген еді. Турасын айтқанда, бірінші орынды кедей Елгелділерге қимаған. Содан Елгелділер Сапақпен де, Телқозымен де онша емес еді. Таубай болмаған соң ру аралық туысқандықты бұзбайық үшін келген еді осы тойға.

Сапақ осы маңайдағы жүйрік аттарды бірнеше есе бағасын беріп сатып алатын. Жырыстың алдында, кейін Елгелділерге сан рет барып,«маған Кербестінің бір тұқымын беріңдер» деген. Оншақты жылқы берген орнына. Сонда да көңілдері қалған бұлар бермеген болатын. Сапақ Елгелділерге содан ушулы еді. Осы жолы қайтсе де бірінші орынды алмақ ойы бар.

Сапақ бұл тойға Каракесектерден сатып алған Теңбіл көгін салды. Оған өзіне әбден сыр мінез болған Айтан деген жігітті мінгізді. Жас кезінде бір келессіз аурумен ауырып, бойы өспей қалған. Он сегізден асып кеткен ол сырт адамға он бірдегі баладай болып көрінетін. Атқа жеңіл, оның үстіне шабыскер. Қандай жарыста, тойда болмасын Сапақ ынғай осы Айтанды мінгізетін.

Тамыз айының бір шуақты күні болатын. Күн онша ыстық емес. Әдейі ат жарысына тандап алған күндей еді. Жүйрік аттарға мінген балаларды басқарып жүрген жігіт Қараағашты бойлап оңтүстікке қарай кеткен. Жиырма бес шақырымдай болды-ау шамада жарысқа қатысатын аттарды тоқтатып қолын жайып бата беріп, балаларға жол болсын айтып қоя берген еді.

Бес жүздей ат қазылар отырған ауыл жаққа қарай лап қойды. Ат тұяқтарынан жер тітіркеніп кеткендей еді. Бәрінде бір үміт, бір тілек болатын. Әр рудың балалары аруақты аталарының атын атап аттарына қамшы басты. Шоң да боз атқа Дәулетбикелеп қамшы салған. Алғашқы кезде ат тұяғынан жерден көтерілген шаңнан ештеңені біліп болмайтындай еді. Меженің жарты жолына келгенде ат арасы сиреп, жүйріктер алға кетіп, шабысы қысқа аттар кейін қала берді. Межеге он шақырымдай қалғанда алдағы аттардың қатары саусақпен санарлықтай болып қалды. Шоң байқады, алдында бес-алты ат кетіп барады. Енді кешіксе алдағылар жеткізбей кететінін сезді. Атына тағы қамшы басты. Алдағылар аттарының есін шығарардай қамшы салып келеді. Өйткені, таяқ тастар жерде жеңіс тұр. Қазаққа ат жарысынан жоғары ештене жоқ, бұнда ел намысы, атақ-абырой бәрі осында еді. Кейбір ат үстіндегі балалар қалып бара жатқанын сезіп дауыс шағарып жылай бастады. Алға кеткендерге бірінші болып баруға үміт оянған. Алда мұнартып көрінген киіз үйлер айқындалып көріне бастады. Шоң енді байқады, алда кетіп бара жатқан аттардың бірі Сапақтың Теңбілкөгі. Уә, аруақ, Дәулетбикенің атып атап, Шоң атына тағы қамшы басты. Көк ат сәт ышқынып кеткендей болды. Жанын салып шабысына шабыс қосты. Алда бара жатқан Сапақтын атымен теңесе берді. Шоң бірінші орынның аулы алыс емес екенін енді сезді. Анамыз Дәулетбикенің аруағы қолдай көр айтып тағы кезекті рет қамшы салды.

Бесімнің Дәулетбикеден тараған Барғана, Айтқожа, Сатыпалдының қайсы болмасын атқа шапқанда, жауымен соғысқанда Дәулетбикенің атын атайтын еді.

Қандарына сіңгені сонша, өздері де қалай Дәулетбикелеп кеткенін білмей қалатын. Бұл әдет Шоңға да ес білгелі кіре бастаған. Дәулетбике анамның аруағы қолда деді тағы да. Мына сөз атқа да күш бергендей екпіндеп келеді. Шоң Айтанға қатарласа бергенде ол бщз атты кеңсірік тұсынан бір тартты. Мұндайды көрмеген ат бейшара аспанға атылып тұрып қалды. Бұл кезде Айтан аты біраз жерге кетіп қалған еді. «Жануар, күшінді жина, бәрібір қуып жетеміз» деді де Шоң атына тағы қамшы басты. Бірақ Теңбілкөк жеткізбеді. Мәреге Сапақтың аты бірінші, боз ат екінші келді. Шоң аттан түскенде ғана көрді. Аттың тұмсығынан қан ағып тұр екен. Сапақта, ағайындарында ес жоқ. Айтанды ат үстінен көтеріп алып, Теңбілкөкті мойынан құшақтап сүйіп жатыр. Шоңның қаны қайнап кетті. Жүгіріп барып қамшымен Айтанды екі-үш рет тартып-тартып жіберді. Мұны көрген Сапақтың да ашуы қозып кеткендей.

— Мына Теоқозының тенгтегі қайтеді… Ұрып жібергісі келді. Бірақ қаптаған ел көзінше оны жасай алмады. Жұрт бұларға назар аударып жиналып қалған еді. Бір жағынан Таубай да келді. Шоң оған болған жағдайды айтты,

— Бұл қазақ сондай, қандай жағдайда болмасын бір қулығын жасап жүреді. Ештеңе етпейді, екінші орын да жаман емес. Сапақ қай жерде болсын, байлықтың арқасында мықтылығын көрсетіп жүреді.

Таубай амалы таусылғандай тұрып қалды. Шоң атты жетектеп қазылар алқасының алдына алып барды.

— Мына ат тұмсығынан аққан қанды көріп тұрсыздар ғой, мен озып бара жатқанымда Теңбілкөктің үстіндегі Айтан тура кеңсіріктен ұрды. Шауып келе жатқан атқа соны неге жасайды?

Айтан да беріспей:

Мен әдейілеп ұрғам жоқ, кездейсоқта қамшым тиіп кетті.

— Әй, имансыз, мен жанай бергенде әдейі жақындап келіп тартып жібердің ғой.

Мына жақтан Сапақ Телқозыға:

— Телқозы, мына балаңды қозғызбайсың ба, қалың жұрттың көзінше істеп тұрғанын қарашы…

Телқозы Шоңды алып кетпекші болып еді, бірақ ол болмады, әкесінің дегеніне көнбеді.

— Теңбілкөкке бірінші орынды берсеңіздер обал болады. Анық-қанығына жету үшін екі атты қайыра жарысқа салып қайсысының жүйрік екенін анықтау керек, -деді Шоң.

Қазылар алқасы бір сәт біріне қарап отырып қалды да, біреу тұрып:

— Қамшыға ат кеңсірігі жарылмайды, -деді.

Шоң қасында тұрған Айтан қолындағы қамшыны жұлып алды да қазылар алдына әкеп тастады.

— Ол қамшысына байланысты. Мына қамшыны салмақтап көріңіздер, қандай ауыр. Ішінде бірдеңе бар тәрізді.

Отырған қазылар қамшыны қолдарына алып салмақтап көрді. Қазылардың біреуі отырып:

— Баланың айтқанында бір шындық бар сияқты…

— Әлімбай, сен бос сөз сөйлемей отыр, — деді екіншісі.

Бұл Тәңірберген тұқымына күйеуі бала Тиестердің біреуі еді. Мына сөзден кейін отырғандар жым болды. Осы аймақтағы ең бай Сапаққа ешкім қарсы келе алмайтын.

Таубай шыдай алмады, сөйлеп кеткен:

— Ел сенген қазысыңдар. Сендердің қазылықтарың мына баланың айтқанына жетпей жатыр. Қайта барып оңаламыз…

— Тауке, ел арасында дау шығармайық. Екінші орында жетеді. Ат жарысы осымен бітіп жатқан жоқ. Алда талай жарыс болады. Елгелділер аттарының жүйріктігін сонда көрсетер.

— Дұрыс айтасың, Тиес Тойқожа бауырым, бірақ ат жарысы сайын осындай дау болып жатады. Сол қашан тиылды. Ат жарысы ауыл-ру намысы. Сол жағдайды ескеріңдер!

Мына жақтан Телқозы айтты:

— Тауке, менің тойымның сәнін бұзбай, қойыңыз.

Мына сөзден кейін Таубай да басылып қалған еді, бірақ Шоң болмады:

— Ол әділетсіздік болады. Екі атты жеке жарыстыру керек.

— Шырағым, осы сөзің үшін мен бірінші орынды алғандай болып тұрмын, Сенің өмірің енді басталды. Қазақ жүрген жерде әлі талай сан әділетсіздікті көресің. Құдайымыз саған ұзақ өмір берсін. Болайын деп тұрған бала екенсің, -деп Таубай Шоңнын маңдайынан сүйді. Шоң мына сөзге тосылып қалды. Осымен ат жарысының дауы басылған еді,

Таубай, Ашықбай, Байсары, Шоң бар, -бәрі Жәмке жатқан киіз үйге келді. Бала сандырақтап жатыр екен. «Менің атым, нешінші келді» -деп қояды арасында,

— Біреуден қалған жалғыз көз еді, өліп қалмаса жақсы болды, — деді Таубай тәңертеңгі айтқан сөзін қайталап. Аға, жазылып кетеді. Көбеннің көзі қатты тиген ғой. Соған бірнеше рет ұшақтатып жіберіңіздер, -деді қасында отырған емші кемпір.

Тағы Көбенді шақырған. Ол :

— Мен қатты назар аударып жіберген болуым керек. Бұл бала соны көңіліне алып қалған тәрізді, Мен күн батқаннан кейін бірнеше рет, маңдайынан сипаймын. Амандық болса бес-алты күнде тұрып кетеді.

— Олай болса, бөтен ауыл емес ғой, осында қалсын. Біз Көбеннің айтқан уақытында келіп алып кетеміз, -деді Таубай. Қасында кіші баласы Байсарыны қалдырып, өздері ауылға қайтты, Таубай Сапақтардың қылығына ашуланып кеткен,

Шоң Жәмкенің жайын біліп, күніне бірнеше рет келіп жүрді. Жәмкенің домбыра тартып, қиса айтқаны ұнап қалған. Шоң жас болса да адамның жақсы да, жаман да қасиетін байқағыш еді. Мына баланың өнері әсерлендіріп жібергендей еді. Жәмкеде өнердің мол көзі жатқанын аңғарған. Содан ба, көңілі айрыкша түсіп кеткен.

Көбеннің маңдайынан сипауының әсері болды ма, бес-алты күннен кейін Жәмкенің беті бері қарады. Таңертен есік алдында отырған Жәмкені көріп Шоң қуанып қалды. Қасында Көбен мен Байсары отыр екен. Шоң өзі Балқаш жақтағы Алтай-Мойын Алдажұманның қызы Қүмісті көруге баруға дайындалып жатқан еді. Шоң тұрып сұрады,

— Көбеке, сіздің көрегендігіңіз бар ғой, айтыңызшы, менің алатын қызым қандай қыз?

— Қыз мінезінің жақсы-жаманын білмеймін, бірақ екеуіңнің көңілдерің жараспайтын тәрізді…

— Олай болса, нашар қыз болды ғой.

Айтып отырмын ғой, қыздың қандай екенін білмеймін, сары қыз болуы керек. Ал сен қараторыны жақсы көретін тәріздісің.

Көбеннің мына сөзі Шоңның іштегі ойының тура төбесінен түскендей болды. Адам жаратылысымен кірген қасиет те әртүрлі ғой. Ақмола базарынан төрелердің қара торы қыздарын көргендіктен бе, әйтеуір, өзіне де түсініксіз, қара торы қыздарды ұнататын. Соларға құмартатын. Көбеннің дәл айтқанына таң қалып, көңілі түсіп қалғандай болды.

— Сіз оны қайдан білесіз?

— Менің білгір көңілім солай дейді…

Көбеннің ылғи басың бар, көзің бар демей турасын айтатын әдеті бар еді. Мына сөзді естігінде Шоң таңқалды, бірақ ләм қарсы сөз айтқан жоқ. Көбен сөзі көңіліне жаман әсер етті. Кетуге асықты. Әкесі айттырған қызға сырттай ғашық болып жүр еді. Көбеннің мына сөзі соны жоққа шығарып, көңіл күйі қолма-қол өзгеріп жүре берді. Қыз аулына барғысы келмей кетті. Бірақ әкесі айтып отыр. Бару керек, әйтпесе арты үлкен дау болатынын Шоң түсінетін.

Орнынан тұра берген Байсарыға айтқаны:

— Жәмкенің жүрген жері думанды екен, менімен бірге балқаш жаққа барып қайтасын!

— Барса барсын, Ел, жер көреді. Дегенмен, Шоң бауырым, қалай болар екен, үстіндегі киімі нашар,

— Киім табылады. Осында менің киімдерім жетеді. Соны кигіземіз.

Ақыры Байсары Жәмкені қалдырып ауылына қайтып кетті.

Көбеннің сөзі әсер етті ме, Шоң жүрер алдында әкесіне айтқан болатын:

— Осы мен көрмей жатып құда түсіп қойғаныңыз, қалай?

— Алдажұман менімен дос, көңілдес адам. Біраз қалың малды да беріп қойғанмын. Сен ұнатпасаң Жанкелдінің тұқымынан басқа біреу алады. Менің көңілім сен алғанды қалайды. Сен алсаң дұрыс болар еді, -деді.

Телқозының мына сөзінде бір сыр жатыр, ол жаратылысынан керемет сараң болатын. Осы құда түсудің өзінің сыры бар еді. Сонау жылдары Телқозы Алдажұманның қарындасын алмақшы болып, ол өліп қалып, ағасы берген малдарын қайтармаған. Кейін Телқозы басқа жерден екінші әйел алған. Сол қазақ салтымен берген 77 жылқы босқа кеткендей болған. Соны жолыққан сайын есіне салып әкесі де, Телқозы да айта беретін. Кейін бір жолыққанда Алдажұман, кіші қызым өсіп келеді, сендердің тұқымдарыңның біреуіне берейін деп айтқан. Бұл алған қалың малды қайырмаудын жолы болатын. Мына сөзді естіген Телқозы жылдамдатып отыр еді. Теоқозының құлығы да мол болатын. Ертеңгі күні уақытында бармасаң басқа біреуден қалың алып, қызын біреуге ұзатып жіберетінін біліп отыр. Онда қалың мал далаға кеткені. Сондықтан сырттай қыздың басын Шоңға байлауы етіп қойған.

Баласының мына оқудан келген демалысын пайдаланып келінде түсіріп алу болатын Телқозы ойы.

Шоң әкесімен, Алдажұман арасындағы жағдайды білмейтін. Әкесінің әйел ал деген сөзіне қарсы келе алмады. Көбеннің сөзінен кейін іштей онша жақтырмағанымен сырттай қарсы келмей араға екі күн салып Балқаш жақтағы Алтай-Мойын Алдажұман байдың аулына жүріп кетті. Бас құда болып Қарақозы, шешесі Жамал баратын болды, інісі Малай бар, бас-аяғы он-шақты адам еді. Шоңмен бірге Жәмке күйеу жолдас болып баратын болды, онымен қосып, өздеріне жақын тұратын Тілендерден дос көңілдес Әлсенді шақырып алды. Оның әкесі Ерназарлардан әйел алған. Туыстарымен жанқаласып осы әйелінің төркін жұртына жақын отырған еді. Ауыл арасы жақын болғандықтан Әлсен Телқозы ауылына жиі келетін. Күйеу жолдасқа Шоң осы екеуін лайықты көрген. Жәмке бойы тұнып тұрған өнер. Тойды қызықты ететінін Шоң түсінген.

Содан олар жүріп кеткен. Жолай Жәмке ән салып, домбыра тартып айналаны думанға бөлеп келе жатты. Жәмке өнері Шоңға тіптен қатты ұнаған еді. Содан ол жолда, сен менімен бірге Ақмолаға барып оқуға түс, -деген еді.

— Барамын, туысқандарым жіберсе…

— Ол кім?

— Сәтек деген немере ағам бар!

— Таубай ақсақал айтса жібереді.

Әңгіме осымен бітіп қалған. Эәмкеге Шоңның мына сөзі бір қанат байлағандай еді. Ол ерекше бір арманға бөленді. Көзі көреген жерге барып, оқу оқиды. Шоңның мына айтқаны түстей болып көрінді. Сыртқа шығармаса да іштей қатты қуанып келеді.

Қыз көру

Көбеннің айтқаны әсер етті ме, Шоң жол бойы үлкен толғаныста келе жатты. Қыз құшақтап, әйел алу сезімі соңғы жылдары ояна бастаған болатын. Қыз сүюге көңілде құмарлық бар. Көңілі, тек, Көбен айтқан сары қызды қаламайды,

Ақмолада оқып жүрген Шоңға төре қыздары қатты ұнайтын. Базарға барған сайын жиі көреді. Шеттерінен бір қалыптан шыққандай қара торы, Содан ба, қыздардың осындай түрлеріне көңілі құлап қалғандай. Бірақ төре қыздарының «ауылы алыс» екенін Шоң жақсы білетін. Өйткені, төрелер қара қазақтарға қыздарын бермейді. Қазақ алса байлығымен алатын, Сараң әкесі төрелердің сұраған малдарын бермейтінін білетін. Шоң көңілі тартып тұрса да төре қыздарына жуи қоймайтын. Мына жолы әкесі айтқан соң, көңілі жоқ болса да, қарсы келе алмады.

Шоң жолай басқалардан оңашаланып Әлсен, Жәмкемен ақылдасып қояды. Көңіліндегі күдігін жасырмады. Сары қыздарды ұнатпайтын, ондай қыздары сұбықаным сүймейді деген сөз айтып қояды, Егер қыз ұнамаса не істейтінін білмейтін. Жасы Шоңмен қатарлас Әлсен қызбен қатынастың қулық-сұмдықтарын жақсы білетін. Оның Шоңға айтқаны:

— Қыз адал емес екен түралы сылтау айтып тастап кет. Саған түк жасай алмайды. Солай оп-оңай құтыласың.

Әлсеннің мына айтқан сөзі көңілінен шықпады. Адал қызға ондай қылықты қалай жасаймын. Оным ұят емес пе, қызды бақытсыз еткенім ғой. Досының бұл айтқанына іштей келісе қоймады. Жол бойы Әлсен талай рет Шоңды солай үгіттеген. Әлі үйрене қоймаған, қыз жағдайын білмейтін Жәмке, бұл жағдайда сөзге онша араласпайтын. Көбіне келе жатқандардың тілегі бойынша ән салып, домбыра тартады. Жол бойы жақсы әндерімен Қарақозыға да, Жамалға да ұнап қалған.

Көңіл шіркін мың құбылды. Досының көңілін көтеру үшін Әлсен айтты: Сары қыздардың ішінде де әдемілері болады…

Бірақ көңіл шіркінде мықтап орнап қалған ба, қара торыға тарта береді. Дегенмен, Шоң ойланып, мына Әлсен сөзінде де дұрыстық бар шығарға тоқтаған еді. Жол бойы Шоң болашақ жарын көңілмен көз алдына елестетумен келе жатты, бірақ бір тоқтамға келе алмаған. Сан ойға кетті. Бір жағынан мен өз тұрғымнан ойлап келемін, ал егер қыз сүймесе, маған көңілі болмаса қайтемін. Қазақта қыз сүймеуі болмайды, жігіт сүйсе болғаны деген қағиданы да еске алды. Бұл сөз Шоң көңілінен шықпайтын. Қыздың да тілегі, оның да жүрегі бар. Ал егер оның ойынан шықпасаң қандай жар болады. Осыны ойлағанда жүрегінде бір жазсыздық пайда болады. Алғашқы рет қыз ауылына күйеу болып баратын Шоң не айтарын әлі білмейтін еді. Қызбен қалай сөйлесуі керек, бұл Шоң өтпеген мектеп еді. Көз алдына елестет алмайды. Егер бір ақылсыз сөз айтып қыз көңілін қалдырып алам ба, ол менй сүймесе, онымен қалай тұрамын. Көңіл шіркін тұрақсызданып сан тарапқа кетіп, құбыла береді. Алайда, бұл теренде жатқан күйді тіс жарып қасында келе атқан досы Әлсенге де айтпайды, Ол туралы сөз қозғаудың өзін ұят көрді.

Алдында Алдажұман ауылына жаушы кеткен еді. Бұлар құдалардың келуін күтіп дайындалып жатқан. Бұлар асықпай жүріп, араға бір қонып келесі түс ауа келді. Құдалардың келуі осы ауылға бір күй, бір сәнділік, қызық думан алып келгендей еді. Лезде тыныш жатқан ауыл өзгеріп сала берді. Құдалар күйеу баланы ауыл сыртында қарсы алып, қыз-жігіттер қуанысып жатыр, Бұрын көрмесе де әке-шешесі келісіп құда түскен соң қыздар болашақ жарының алдынан шығып қарсы алу салты бар еді. Бәрі келісіліп қойған, сондықтан Шоң да ойлап келе жатқан, қыз да алдынан шығып қарсы алады деген үміт те бар еді, бірақ қыз шықпады. Бұл жағдай Шоңды әртүрлі ойға жетеледі. Мына қыздың бұрын сүйген жігіті болып, маған ата-анасы зорлап, амалсыздан көніп отырғаны ма, осындайда көңілге не келмейді. Әуелден көңілі сүймей келе жатқан, оның үстіне қыздың өзінен бір жастай үлкендігі барын естіген. Мына алдынан шықпағаны әбден жігіттермен ойнап, қуланып алған шығарға болжаған. Бір сөзбен айтқанда, қыздың алдынан шықпағаны Шоңның көңіл күйін тіптен бұзды. Ауыл жастары қазақтардың ежелгі әдетіне беріліп, Шоңның атына жармасып, мініп те кетпекші болды. Шоң олардың бұл қылығын ұнатпай қалды. Ашуланған. Қарсы алушыларды бастап келген бір ересектеу жігіт тұрып:

— Балдыздарының жезделерінің атына мініп шабуы ежелден келе жатқан әдет ғой. Атынды сұрап тұрса бер, -деді.

— Мен әлі қызды да көргем жок, Сіздер бірден менің атыма неге жармасасыздар!

Шоңнын мына сөзі ауыл жастарын қарсы алуға бастап келген жігітке ұнамай қалды.

— Көрмесең, көресің, -деді ол да жақтырмай.- Ол тіктеу айтып тастады.

— Маған бұл әдет ұнамайды. Әуелі қызды көруім керек.

Күйеу баланың мына қылығы ауыл жігітінің ойынан шықпады. Мінезі қалай, өзі түсініксіздеу жігіт екен деп ойлады ол, бірақ ашық айтпады, үндемеді. Дегенмен, Шоңның мына қылығы бірге келе жатқандарды да бір жайсыздыққа түсіргендей еді,

Қыз, жігіттер қарсы алған соң, Қарақөзы мен Жамал жылдамдатып жүріп кеткен. Күйеу бала қасында қарсы алушы жастар ғана қалған. Әлгі ересектеу жігіт оңашалап Әлсеннен сұрады.

— Мына күйеу бала қалай өзі? Атына жармасқанға ренжиме.

— Шоң Ақмолада орысша оқу оқиды. Бұрын мұндай салтты көрмеген ғой. Содан кейін жасап тұр да, кейін үйренеді. Алайда, жігіт Әлсеннің айтқанына қанағаттанбады. Ауылда өскен қазақ баласы ел салтын қалай білмейді деп, өзінше бір байламға тоқтаған еді.

Ауылға келген соң жастарды бастап жүрген жігіт қалындықтың құлағына күйеу баланың қылықтарын жеткізген еді. Болған жағдайда қосынқырап әдемілеп тұрып айтқан, қасында болған қыздар да айтып келген. Өзінің есі дұрыс емес сияқты дегенді және қосқан қарсы алушыларды бастап жүрген жігіт. Мына сөз қыз көңіліне бір жайсыздық туғызғандай болды. Әуел баста болған болашақ күйеуді көруге деген бір ынталық сезім мына сөзден кейін басылып қалғандай.

Күмістің де он беске толып, одан асып бара жатқан шағы. Қазақ сөзімен айтқанда, пісіп тұрған кезі. Содан ба, жігіт сүюге құмарлықпен қарайтын шағы болатын. Қонақтар ымырт жабыла дастарханға отырды. Лезде он екі қанат ақ үй іші адамдарға толып кетті. Бір кезде абыр-сабыр болды да қалды. Күміс келе жатыр сөздері естілді есік жақтан.

Сәукеле киген, бетін өте нәзік жұқа қытай патсайысымен жапқан, қыз- болашақ келін келді. Төрге таман қонақ жігіттерге жақын жайғасты. Болашақ келіннің қасындағы екі қыз жағынан келіп отырды. Артынан қолма-қол қуаныштарын білдіре құтты болсын айтып Алдажұманның бәйбішесі мен Жамал келіп кірді. Жамал қыз бетінің жамылғышын ашып бетінен сүйді. Ал Алдажұманның әйелі Шоң бетінен сүйді. Бұл екі жақтың да көңілдерінің дұрыс екендіктерінің алғашқы белгісі еді. Олар отырған жоқ, кетіп қалды. Артынша дастарханға ет те келді. Отырған екі жігіт жылдамдата ет турап, келген күйеу мен оның жолдастарына тиісті мүшелерін беріп жатыр. Әлгінде шешесі қыздың бетіндегі жапқышын көтергенде, Шоң байқап қалған, Көбен айтқандай қыздың жүзі сары екен. Қыз да есіктен кірген бетте беті жабық болса да жігіт жағын бір шолып өткен. Келген қонақтар қыз жүзін анық көрмегенімен, қыз бәрін айқын көріп отыр еді. Қарсы алған жігіттің өзінің есі дұрыс емес сияқты деген сөзі жадынан кетпей отырған. Күйеу жігіттің әрбір қимылын бақылауда еді. Шоң да денесінде қышымасы бардай мазасызданып қимылдай берген. Оның мына қылығы қыз көңілінде жайсыздық туғызғанды. Күйеу бала болғасын салмақты болу керек қой. Қыз ойланып қалды. Күйеу баланың қайта-қайта қозғала бергені ұнамады. Қыздардан жоғарық отырған Әлсен, Жәмке, Малай бәрін жақсы көріп отырған. Әлгінде шешесі күйеу баланың кім екенін қызға таныстырғандай Шоңның бетінен сүйген. Содан болашақ күйеуі осы екенін қыз біліп қалған. Қыз бетіндегі жабулының бәрін жақсы көріп отыр еді. Шоң болса беті жабулы әлгінде шешесі бет пердесін көтерген қас қағым сәтте көргені болмаса қызды онша көре алмай отыр. Аңығы, қыздың сап-сары екеніне көзі әбден жеткен. Неге екенін, өзі де түсінбейді, содан мазасы кете бергені. Шоңның қозғалуының сыры сонда жатқан болатын. Оның осы қылығы қызға жаман әсер етті. Әлгінде қарсы алған жігіт сөзінде бір шындық бардай көрінді.

Ел тамаққа кіріскенде болашақ келіннің қасында отырған қыз:

— Күміс, тамақ ішуге кедергі болады, бетіңді ашыңқырап отырсайшы, -деді. Күміс оған қимылдай қоймады. Содан жаңағы қыз Күмістің бетін ашпақшы болды. Бұл жігіт те сенің жүзіңді көрсін деген саясатпен жасалған іс болатын. Енді қыз да, жігіт те қырын отырса да бәрін анық көреді. Екеуі де біріне бірі ұрлана қарап, бірін бірі жақсы көріп отыр.

Тамақ ішіп болғаннан кейін, қарсы алған жігіт бар, бәрі сыртқа шықты. Қазір біраз серуендеп, кейін алтыбақан тебетіндерін айтты. Әлсен оңашаланған бір сәтте Шоңнаң сұраған болатын.

— Қалай болашақ әйелің ұнады ма?

Шоң өзінің ашуланғанда болатын тіктеу мінезіне салып турасын, бірден, ұнамайтынын айтып салған.

— Несі ұнамады саған?

— Түрі сап-сары, шикі сары қыз ғой.

— Саған үнамаса, әкене ұнап отыр. Қайтсең де аласың. Ұнамаса кейін тоқал аласың…

Әлсеннің мына сөзі жазадай болып естілді. Тоқал аласың, екі әйелді бірден сүю сөзі Шоңның басына қонбайтын. Содан Әлсен сөзінің соңын тыңдамай жүріп кеткен болатын. Қалың ойда келе жатыр. Әлгінде досы айтқан тоқал аласыңы жадынан шықпай қойды. Шоңның ойлауы да басқалардікінен өзгелеу еді. Екі әйелі бірден қалай сүюге болады. Әкесі Телқозының бұл кезде екі әйелі болатын. Бірде Шоң шешесінен сұраған еді: «Сіз Телқозының екінші әйел алғанына қалай қарайсыз?» «Құдайдың жазуы солай болған соң көну керек. Екі әйел алған жалғыз сенін әкен емес, талайлар соны жасап жатыр. Байқаймын, Телқозы енді әкелері тәрізді үшіншісін де алғысы кеп жүрген сияқты». Қазір шешесінің осы сөзін ой толғамынан өткізіп, анасының да көңілінде реніш барын байқаған, әкесінің бұл қылығын қазір ұнатпай келе жатыр. Шоң ой әсеріне беріліп, жылдам басып біраз жерге кетіп қалғанын аңғармай қалды. Артынан Әлсен келе жатые еді.

— Сен қайда барасың?

— Біраз серуендеп қайтамын.

Шоңның мына түсініксіздеу сөзіне таң қалып Әлсен:

— Қазір алтыбақан болады. Әлгінде басқарып жүрген жігіт айтты ғой. Соған барамыз.

— Соған көңілім соқпай тұр.

— Сен бос сөзді қой. Олай болса бұл жаққа келмеуің керек еді.

Шоң Әлсеннің бұл сөзінде дұрыстық бар екенін түсінді. Әуелі салт бас, сабау қамшы болып келуі ойында болатын. Әкесі бірден құда түсіп, барлық қиындықты басына салып отырғанын білді. Жүріп бара жатқанда Шоңға, осы жолы қызды алып келесіңдер деп әкесі тапсырған. Ерсілі- қарсылығы жүре беруге уақыт жоқ. Басқа шаруалардың бәрі реттелгенін айтқан. Шоң сонда көкейінде тұрған сөз, таныспай жатып бірден қалай алып келемін дегенді айтпаған еді. Қазір соған өкінгендей.

Әлсен сөзін әрі қарай жалғады.

— Айтып отырмын ғой, ұнамаса екінші әйел аласың.

Әлсенің бұл сөзі басына кірмеді. Шоң тағы да үндеген жоқ, жүріп кетті. Әлсен досын айтқанына көндіре алмай келе жатқан қасында…

Бұл кезде үлкендер отырған үйде де әңгіме болды. Телқозының айтуы бойынша, енді барлық мәселе осы жолы шешіліп қызды алып кету болатын. Бас құда Қарақозы Алдажұманға Теоқозының сәлемін жеткізген: « Бала оқуда, ерсілі-қарсылы жүре беруге жағдай келмейді. Соған орай осы жолы баланы алып кетеміз». Телқозының осы сәлемін құдасына жеткізген. Алған жылқы бар, қыз әкесі бұған қарсы сөз айтқан жоқ.

Дастархан қасында отырған Жамал әрі қарай сөзді жалғаған еді.

— Амандық болса Күміс осы жолы Шоңмен бірге Ақмолаға барады. Сонда тұрады.

Әуелінде осы жолы алып кетемізді сөз еткенде Алдажұманның әйеліне ұнамай қалған, құдаларының қыздарың қалада тұрады деген сөзі шешесінің көңілінен шықты. Сол арада қыз әкесімен, шешесі онаша өзара ақылдасып келісімдерін берген.

Енді олар қазақ тәртібімен қыз бен жігіті төсекте кездестіруге дайындала бастады. Соған орай Алдажұманның бәйбішесі келіндеріне нұсқау берді. Олар соған лайықты іс жасауға кірісті. Енесі айтқандай, қыз төсегін түгел жаңартты.

Жастар жағы бұл кезде алтыбақан теуіп, ақ сүйек ойнап тойдың басталуын өткізіп жатқан.

Шоң келгеннен бері өзін суықтау ұстады. Сол күйден өзін қанша зорласа да арыла алмай қойды. Қызға жақындамаған. Күміс те жігіттің бұл қылығын түсінбеді. Өзі расында есалаң шығар деген ойға берілген. Әйтпесе, қызға жақындап, көңіл-күйін білдіру жігіт міндеті ғой. Оның бірі жоқ. Керісінше қашқақтап жүр.

Ақыры күйеу жолдас Әлсен арқылы бүгін қыз бен жігітке оңаша төсек салынатынын қыздың жеңгелері жеткізген еді.

Жігітпен қыздың көңіл-күйіне ешкім қараған жоқ. Әкелерінің айтқаны орындалуда. Қыз үйіне жігіттің кіруіне дайындық жүріп жатты. Әлсен, бүгін қызыққа батасын деді, -Шоңға. Осының алдында екі ай бұрын Әлсеннің өзі үйленген еді.

— Несі қызық, егер сүймей тұрсаң…

— Алғашқы кезде солай, кейін сүйіп кетесің. Сен әлі үйренісе алмай жатырсың, мынау соның белгісі. Қыз төсегі ғажап дүние, одан қызық болмайды.

Шоң оның бұл сөзін түсінбеді. Қыз тартпай тұрса, онда қандай қызық болады. Бұл сөзді Шоң сыртқа шығарған жоқ.

Қазақ тәртібі бойынша жеңгелері Шоңды қыз үйіне кіргізді. Оны шешіндірмекші болып еді, ол бұған көнбеді. Өзі шешінетінін айтқан. Ақыры ырымдарын аяғына дейін жасай алмай қыз жеңгесі шығып кеткен.

Шоң барды да төр алдына қисайды. Артынан біраз уақыттан кейін кірген Кұміс білте шамның жарығынан Шоңның төр алдында жатқанын байқап қалды. Ол да ләм деместен төсегіне қарай өтіп кетті. Екі жақтан да бір ауыз сөз де, қимыл да болған жоқ. Содан таң атқан. Шоң ерте орнынан тұрып кеткен. Ол сыртта ұзақ жүрді. Бәрінен ертерек тұрған Малай сыртта жүрген ағасын көріп, келіп Әлсенге айтқан болатын.

— Шоң сыртта жүр. Сірә, қыз екеуі келіспей қалған болуы керек.

Әлсен оның сөзін жақтырмай:

— Келіспеді деген не сөз?

— Мен Шоңның мінезін білемін. Ол көңіліне ұнамаған адамға қатты айтып тастайды. Қызға да көңіліне келетін бірдене айтқан болуы керек…

Мына сөзді естіген Әлсен орнына жата алмады. Тысқа шыққан еді. Шоң анадай жерде ауыдан алшақтау жерде кетіп барады екен. Әлсен қуып жетіп қасына келді.

— Сенің таң атпай қыз қасынан қашып жүргенің не?

— Мен қыз қасына жатқам жоқ.

Әлсен не сенерін, не сенбесін білмей сәлтұрды да:

— Жатсаң да, жатпасаң да аласың. Жұрт енді Күмісті бүгіннен бастап қызға жатқызбайды, сенің әйелің деп есептейді. Мұның ұят болды…

Шоң Әлсеннің мына құбылмалы сөзіне түсінбеді. Келе жатқанда, қыз бүлінген екен деп айт деген болатын. Енді келіп айтып тұрғаны мынау…

Дегенмен, Әлсеннің мына айтқаны оның ойын енді басқа жаққа жетелегендей еді. Расында, менікі дұрыс болмады. Енді амал жоқ, кейін тоқал аламын ұйғарымына келген. Сол күні қызға жылы қабақпен қарауға тырысқан еді. Бірақ қыз сыр бермеді. Шоңның түндегі қылығына ренжіп қалған болуы керек, өзін тұйықтау ұстаған. Сонымен күн де өтті. Шоң мен Күміс бұл күні ешқандай тіл қатысқан жоқ. Шоң емес, бүгін мінез көрсетіп жүрген Күміс еді. Екінші күн. Жеңгелер келген жоқ. Барлық шаруаны өздеріне қалдырғандай. Күн ұзын дастархандас болып, алтыбақан теуіп, түрлі ойын ойнағанда екеуі жақындасу орнына алыстай берген еді. Әлмен мен Шоң тысқа біраз жүріп қыз үйінің манайына келген кезде Әлсен:

— Сен қызды ұнатпасан да жат, мінез көрсетпе. Енді бәрі де кеш. Көңілін табуға, Күміс тілегінен шағуға тырыс, — деген.

Шоң үйге кірсе, Күміс Шоңды қарайламай жатып қалыпты. Шоң кешегідей төр алдына қисайған еді. Көп жатты. Қыз жақтан бүгін де тырс еткен қимыл жоқ. Сен жатсаң, менде жатқанға басып Шоң жата берді. Кешегі түн қайталанды. Ақыры таң атқан болатын. Шоң ойлады, мына қыз мені шын сүймейді екен. Кешегідей ерте орнынан тұрып кетті. Содан өткен жолғыдай сыртта көп жүрді. Әлсеннің айтқанын еске алды. Расында, мен Күмістен құтыла алмаймын. Барып қасына жатуым керек екенін ойлады. Киіз үйге қарай бұрылып еді, аяғы жүрмей қалғандай. Өзін қанша зорласа да ол жаққа аяғын баса алмады «Бұл қазақтың заңы да қызық, таныспай-біліспей жатып, күні бұрын байлап-матап қояды. Ерегескенде алмаймын. Маған не істейді». Осы ой оған күш берді де жүріп кетті. Беті ауған жағына жүре берді. Ауыл сыртыедағы тоғай жаққа келгенін байқамай қалды. Біреу қалың тал арасынан шығып осылай қарай келе жатыр екен.

— Бұл қайсың-ай, таң атпай жүрген, -деп дауыстады. Бұл қыз әкесі Алдажұман болатын. Дәрет алып үйіне қарай келе жатқан.

Шоң үндеген жоқ. Алдыжұман күндіз көрген күйеу баласын танып қалған. Үйге кірген соң әйеліне:

— Әлгінде далада біреу жүр. Сырт бейнесі біздің күйеу балаға ұқсайды.

— Қателескен боларсың?

— Жоқ, қателескем жоқ, тура соның өзі.

— Осы уақытта жаңа табысқан адамдар төсектен тұра ма? Басқа біреу шығар…

— Сен мені соқыр деймісің, дәл, соның өзі. Мына күйеу баланын қылығы түсініксіз. Сен ертең қызыңмен сөйлесіп көрші. Неге күйеу бала ертерек тұрып кетті екен?

Күйеуінің мына айтқаны әйелін да мазасыздандырды. Танертең әйелі әдейі барып оңаша қызынан сұрады:

— Түнде әкең күйеу баланы тыстан көріпті. Немене, таныспай жатып араздасып қалдың дар ма?

— Апа, мен күйеу баланы сүймеймін, ол да мені ұнатпайтын тәрізді.

Мына сөз шешесін шалқасынан түсіргендей болды. Ойбай салды.

— Сен не деп тұрсын. Ел бетіне, құдалардың бетіне қалай қараймыз?

— Апа, не ойласаңыз, оны ойланыз, мен бұл жігітті сүймеймін.

— Қазір кім кімді ұнатып тиіп жатыр. Бүгін ұнатпасаң, ертең ұнатасың. Ертеңгі күні ел айтады. Алдажұманның қызын алмай тастап кетті дейді. Ол сөзді естігенімізше өлгеніміз жақсы!

— Жоқ, апа, қажет емес, жігітте кішкентай сезім болса қасыма келіп жатар еді. Екі күнде қасыма бір жатқан жоқ, — деп ашулы қыз ашығын айтып салды.

Шешесі қызының мына сөзіне сенерін, не сенбесін білмеді. Жігіт қанша ұнатпаса да алмақшы боп отырған қызының қасына қалай жатпайды. Түгіне түсінген жоқ. Келіп жағдайды күйеуіне айтқан.

Ол да таң қалды. «Шынында қанша сүймесе да қыздың қасында қалай тыныш жатады. Осы жігіттің еркектігінде бір кемшілік бар шығар» қортыңдысына келді. Дегенмен, бұл туралы әйеліне айтпаған еді. Таңертеңгілік тамақтан кейін Қарақозыны бөлек шығарып алып сөз бастады.

— Баланың басқа бір жерден әйел алуға көңілі болған жоқ па еді?

— Ондай сөзді ол да, біз де бұрын қозғамап едік. Көңіліміздің қалап отырғаны сіздің балаңызда.

— Біздің Күмісті сіздер қалағаныңызбен, ол қаламайтын тәрізді.

— Ол мүмкін емес, -деді Қарақозы.

Алдажұман көңілде тұрған күдігін айтпады. Ұялды.

— Олай болса балаларыңызбен тағы бір сөйлесіп көрініздерші!

Қарақозы Алдажұманның мына сөзіне ренжіп қалды да:

— Бәрі айтылып, келісілген жоқ па? Сондықтан келіп отырмыз ғой…

— Мен сіздермен құда болудан қашып отырғам жоқ. Алайда, балалар бірін бірі ұнатпаса, онда біздің қызды да әуре етпеңіздер.

Алдажұман құдасының мына құбылмады қылығына Қарақозы таңғалды. Мынау Шоңды қызынан кем санап отыр ма, әлде біздің берген қалың малымыз үстіне тағы қалың мал қосты жасап отырма білмеді, көңілдегісін бұл да басқаша айтты:

— Жарайды, сөйлес десеңіз сөйлесейік, -деп үйден шығып кетті. Бұл ашудың белгісі еді. Тыста біраз жүріп келіп, үйден шыққан Жамалды онашалап шақырып алды да, сөз бастаған еді. Жамал келіні болса да Қарақозымен жас айырмашылықтары аз болғанықтан еркін сөйлесетін.

Қарақозы:

— Мына Алдажұман бүгін құбылып сөйлеп отыр. Осы берген қалың малды азсынып отыр ма, білмеймін. Әлі де балаларыңмен тағы бір сөйлесіп көріндер дейді. Ол не сөз екенін түсінбедім…

Былтыр Телқозы баяғы берген қалың малды қайтарыңдарды айтып барғанда осы қызын Шоңға бермеші болған. Бұл құбылысына Алдажұманның Жамал да түсінбеді. Содан кейін ешнәрсеге түсінбегендей ой білдірді. Соңында айтқаны:

— Қалың малды азсынып отырса тағы да мал береміз…

Қарақозы келінінің айтқаның жеткізуге Алдажұмаға қайыра барды.

Қарақозы келіп Жамал айтқан сөзін жеткзігенде ол, көңілінде түрған күдікті сөзін ашық айтты:

— Мал жағын қойшы, мен сол берген малға ризамын. Менің ойлап отырғаным қазіргі баламның бақыты. Осы сіздердің балаларыңыздың жаратылысында бір кіәрат бар ғой деймін.

Қарақозының аңқаулығы бар еді, әуелінде Алдажұманның сөзіне түсінбей:

— Ол қандай кінәрат? — деп сұрады

— Әйелге шабыты жоқ, тәрізді. Екі күн қасында жатқанда қасына бір бармай ма?

Қарақозы Алдажұманның сөзін енді түсінді. Қарсы айтар сөзі жоқ сияқты көрінді.

Қарақозы қайтадан келіні Жамалға келді. Алайда, Алдажұман аузынан шыққан сөзді айтуға дәті бармады. Ұялды. Басқаша сөйледі.

Ол Жамалдан Шоңның анау Ақмола жақта алайын деп жүрген қызы жоқ па деп сұрады.

Ондай болса айтар еді ғой, айтқан жоқ, -деді Жамал.

— Аналар қыздан қашып жүр дейді. Мынасы ұлкен ұят болды, ішіңнен шыққан бала ғой, өзің сөйлесіп көрсеңші.

Шоңның бұл қылығы шешесін де таңқалдырды.

Жамал Қарақозыны Ағеке дейтін. Сонысына салып:

— Ағеке, Телқазы айтып отыр, қай бала әкесіне қарсы шығады.

— Жамал мен байқап жүрмін, осы баланың мінезінде бір өзгешелік бар. Орысша оқығанның әсері ме, білмедім. Түсініксіздеу өзі…

Жамал Қарақозының сөзіне қарсы ештеңе айта алмады. Ақыры, Шоңды оңаша шақырып алып сөйлескен еді.

— Мына құдалар реніш білдіріп отырған көрінеді. Сен қызына бірдеңе дедің бе?

— Осы сіздердікі қызық, мен көрмей жатып құда түсесіңдер де, енді келіп маған ал дейсіздер. Мен әлі де ойланамын, қызды сынап көремні. Содан кейін барып өз пікірімді айтамын. Қазір қызтуралы ешқандай пікірім жоқ.

Шоңның бұл сөзінде қулық бар еді. Кейінге салып алмай кету ойы бар болатын.

Шешесі басқаша қаттырақ айтқысы келіп еді, көңіліне қарап оны жасаған жоқ.

— Шоң қалқам оның ұят болады. Әкең құда түсіп қойды, енді аласың. Қыздың саған несі ұнамай қалды. Қыз жап-жақсы бала…

Сіз қалай-қалай сөйлейсіз. Қыз сіздерге емес, маған ұнауы керек алдымен…

Енді Жамал қаттырақ кетті.

Қазақтың ежелден келе жатқан ата дәстүрі бар, бала әкенің айтқан жерінен әйел алуға тиісті.

Егер көңілімнен шықпай тұрса қалай аламын?

— Кейін ұнатасың, бәрі де ретке келеді.

— Сіз Телқозыға қосылғанда ұнаттыңыз ба?

Мына сөзді естігенде Жамал сасып қалдыда, есімде жоқ дей салды.

— Сіз енді бұлай жалтармаңыз. Әр уақытта сүйіп алып, сүйіп тию керек. Күміс те мені ұнатпайтын секілді. Екеуміз бір-бірімізді ұнатпай қалай өмір сүреміз.

Жамал сөзі таусылып қалғандай үндемей қалды. Шоң бұдан кейін үйден шығып кетті. Жамал баласының бұл қылығын Қарақозыға айтқан болатын. Ол мына хабарды естігенде ойланып қалды да:

— Бұл жастар өзгере бастаған екен. Біз жас кезімізде әкемізге қарсы сөз айтпай, ал дегенін ала беруші едік.

— Бұл Шоңның мінезі ешкімге ұқсамайды, осындай бір тік кететіні бар.

— Мен әкем мен Телқозыға баланы орысша оқытпаңдар деп баяғыда айтқанмын. Мына орысша оқудың әсері.

— Ағеке бұл одан емес. Шоңның жаратылысы сондай. Мінезінде мен түсінбейтін қылықтар бар. Білмеймін. Кішкентай күнінен бір айтқанынан қайтпайтын мінезібар. Сонысына салып отырған тәрізді.

— Олай болса бұл баланы мына қызға телудің қажеті жоқ. Шатыстырмайық. Содан Қарақозы үйден шығыпкеткен еді. Тыста мұны күткендей Алдажұман отыр екен. Сөзді Алдажұман бастады.

Бұлар да Жамал Шоңмен сөйлесіп жатқанда әйелі екеуі қыздарымен сөйлескен еді. Екі түн бойы қасына жуымаған жігітке бармаймынды айтып, ат тонын ала қашқан екен. Күміс бұл жолы тіптен қатты кетті. Кімге бар десеңдер де барамын, бірақ мына жігітке бармаймын. Бұл сөзі әйелі арқылы Алдажұмыан құлағына да жеткен. Қыздың сол сөзі әсер етті ме, екеуі оңаша сөз бастаған еді, Алдажұман:

— Қареке, мен сіздерге қызымды бермеймін.

Қарақозы ашуланып кетті де турасын айтқан:

— Олай болса алған қалың малды қайтар! Мен қайтармаймын. Мен қыз бермеймін дегенім жоқ. Балаларың анадай мінез көрсетіп отыр. Барлық кінә сіздерден. Сондықтан малды қайтармаймын. Алдажұман тентек адам еді. Сол екі арада екеуі шатасып қала жаздап, зорға тоқтаған. Мұның артынан үлкен жанжал бет алып бара жатқанын түсініп Қарақозы айтқан еді:

— Жастарда ондай-ондай бола береді. Қайда кетер дейсіз, түсінеді де. Бұл баланың әуелден сондай мінезі бар. Әкеміз Жанкелді еркелетіп жібергендіктен бе, білмеймін…

Алдажұман ақыры көкейінде тұрған сөзді айтқан.

— Мен сіздерге баланы бермеймін демеймін. Сіздерде өсіп келе жатқан жастар көп қой, солардың біреуіне берейін. Бұл екеуін әуре етпейік. Қарақозы ойлаған, егер құдалықты бұзып барсам, Телқозы улкен шу шығарады. Пәлен бас мал босқа кеттіні айтып, соңынан қалмайтынын білген еді. Жанкелді тұқымының малдарының барлық билігі Телқозықолында еді. Базарға апарып сатып, Жанкелді тұқымына қарасты шаруаның бәрін Телқозы атқаратын. Одан асып ешбір әкесі қимыл жасамайтын. Жанкелді оған тұңғыш немересі болғандықтан барлық билікті беріп қойған. Бабасы Жанкелді, әкелері алдында Телқозыда еркін сезінетін. Қазір Қарақозы Телқозыға не айтып барамын туралы ойға берілген еді. Бір байламға келе алмай ұзақ отырды. Алдажұман да оны асықтырмай күтіп отыра берді. Әлден уақытта Қарақозы тіл қатты.

— Ондай жағдайда өмірде бола береді. Оған не істейміз. Рас, Жанкелдіде ұрпақ көп, болмаса солардың біреуіне алып береміз. Бәріміз де Алтайдан тудық. Туыстығымыз да, құдалығымыз да сол қалпында қалсын.

Бұл Алдажұман тілегінен шыққан сөз болды да ол былай деді:

— Менің де сіздің өзіңіз де менің ойыммен ұштасып бір жерден шығып отыр. Бірақ осы сөзді Телқозы аузынан естиін. Әйтпесе, етреңгі күні ол келісімді бұзуы мүмкін. Алдажұман Телқозыберген малдарын алатынын ойлап қорқыңқырап отыр.

Қарақозы барлық жағдайды айтып ауылға Малайды шаптырған. Телқозы Қарақозының сәлемін естіп алып Малайға айтқаны.

— Олай болса Алдажұманның қызын сен ал.

— Менен бес жас үлкен көрінеді. Қалай аламын? Ана шешең де менен үлкен. Онда тұрған ештеңе жоқ. Қызтисе алабер. Мен де алдым ғой. Қайта өзіңнен үлкені жақсы болады. Ақылы толған, бәрін үйретіп отырады.

Әкесінің мына сөзіне қарсы Малай ештеңең айта ламды. Жаратылысында өзі жуас еді. Әкесінің сәлемін айтып келген. Бірақ Малай көңілінде мазасыздық бар еді. Бұған Шоң қалай қарайтынды ойлаған. Телқозының айтқанын әуелі шешесіне жеткізді.

Ол отырып:

— Әкең солай дес солай жасаймыз

— Мен оған қарсы емеспін. Бірақ Шоң не дейді? Деді Малай. Шоңда жұмысың болмасын, деп шешесі қысқа қайырды.

Жамал Телқозының сәлемін Қарақозыға жеткізген. Олболса Алдажұманға айтқан.

Екеуі шақырып алып Малаймен сөйлескен. Ана жақтан әкесі қайрап жіберген болуы керек. Ол турасына көшкен:

— Шоң алмаса мен аламын.

Қарақозы Шоңды шақырып алып:

— Сен өзің көзге көрінбей осы ауылдан кетші, — деді.

Шоң әкесінің айтуымен бір өзгерістің болғанын білді. Бірақ ол қандай өзгеріс екенін білмеді. Ештеңе айтқан жоқ. Сол күні Жәмкені ертіп алды да екеуі екі салтатпен тайып тұрды. Басқалары Алдажұман ауылында қалды.

Шоң әкесінен қорқып ауылына соқпай Елгелділер ауылына кетіп қалған. Сондабарып жатып алды. Телқозы ашуының басылуын күткен еді.

Алдажұман ауылындағы шаруа ретке келген соң, Қарақозы мен Жамал Малайдың қасында Әлсен бар сол ауылда қалдырып қайтып кетті. Шоңның аузы күйіп қалған Күміс де бірден қабылдады. Малай бар қызыққа батып Алдажұман ауылында жата берді.

Шоңның ойы осы жақтан Жәмкені ертіп алып Ақмолаға тартып кету еді. Бәріне кедергі болып тұрған Жәмке болатын.

Жәмкенің ең жақын туысы Сәтекке Таубай бастаған ақсақалдары салған. Ақыры ол көнген. Жәмкенің оқуына төрт жылқыберді. Таубай Шоңның өз аттарына мініп шапқанына риза болып Кербестінің тұқымынан бір жүйрік тайдыберген еді. Енді ертең Ақмолаға жүрмекші боп отырғанда Телқозыкелді. Баласының Жәмкемен бірге Елгелділер ауылына кеткенін сезген. Елдегілер Телқозыны жақтырмай отырса дабаласы үшін жақсы қарсы алды.

Телқозы Кербестінің тұқымынан бір тайды Шоңға жетектеткенін естігенде қатты қуанды. Елгелділерге ашуы тарқағандай болды.

Телқозы сан сұрап Таубайдан Кербестінің бір тұқымын ала алмай жүрген. Таубайдың мына қылығына риза болды.

Қасында Жәмке бар үшеуі Қараағашқа қайтқан. Содан келе жатқанда Телқозы баласынан сұраған.

— Саған Алдажұман қызының несі үнамады?

— Бұрын көзім көрмеген қызға менің сыртымнан құда түсесіздер. Ондай қыздың маған керегі жоқ.

— Ақымақ-ау, онда менің малым кетіп бара жатыр. Қыз ұнамаса кейін тоқал алатын едің ғой.

— Маған сіз тәрізді екі әйелдің керегі жоқ, бір әйел де жетеді. Тек өзім сүйіп ұнатқан адамды ғана аламын. Онымен қоса қызға мен де ұнауым керек. Бұдан былай сырттан құда түсендіқойыңыз!

Телқозы бұл орысшаоқудың әсері болар деп ойлаған еді. Айтары бар еді, айтпады…

Шоң ауылында тағы екі күн жатып Ақмолаға жүріп кетті. Бұл кезде Малай қызауылында жатқан болатын. Әдеттегіден ұзақ жатты. Шоң кеткен соң бір аптадан кейін келді. Телқозы Малайдың қызкөңілінен де, әкесінің де ойынан шыққанын біліп жүрді.

Шоң сұлтан көңілінен шықты.

Арада екі жылдан астам уақыт өтті. Жәмке Шоңның арқасында оқуға түсіп оқып жатты. Шоң оқуын бітіріп, жұмыс таба алмай әуре болып жүрген. Қанкелдин деген биге аудармашы болған. Ол аудармашы емес, атын жегіп, жолда тамағын істейтін жалшы балаға айналдырып жіберген. Содан одан кеткен еді. Шоң арманы дуанға қызметке тұру болатын. Ол сұлтан Қоңырқұлжа басқарған мекемеге қара қазақ баласының қызметке орналасуы қиын екенін білетін. Сұлтан қара қазақ түгілі төрелердің балларын да таңдап, талғап алатын. Соны біле тұрып Шоң бағын сынап көрі үшін Ауызүйде отырған көмекшісі татарға айтып еді, ол сұлтанға кіріп кетті де тезшықты. Кірсін депті. Шоң сұлтанның бұл тезқабылдағанына таңқала ішке кірді.

Сұлтан отырып сұрады:

— Сені орыс мектебіне тұсірген кім?

— Ешкім де түсірген жоқ, өзім келіп түстім.

Егер азын аулақ орысшасы болмаса мектепке қабылдамайтынын білетін аға сұлтан.

— Сен жалған айтып тұрсың, мектепке орысшабілмесең қалай қабылдайды.

— Біздің ауылда орманшы Василий деген бар. Әуелде соның балаларынан үйрендім. Тіл сындырдым.

Бұл орысты Қоңырқұлжабілетін. Ол Қараағаштан Ақмолаға аң-құс аулап әкеліп сататын. Ол қазақ жеріне алғашқы келген орыстардың бірі еді. Нұра бойын аралап жүріп, Қараағашқа тоқтаған. Қазақтың көзіне іліне бермейтін байлықтың көзін тапқан. Ақмоладан үй салып жатқандарға ағаш сататын. Қараағаштааң көп еді. Соларды аулайды. Соның арқасында ол орыс байып алған болатын. Шоңның айтып тұрғаны сол орыс еді.

Ендеше орысша сөйлеші деді. Шоң өзінің қай жерден екенін, руы туралы бәрін орысша айтып берді.

— Тілің орысшаға жақсы жаттығып қалған екен. Ертең кел, содан кейінжұмыс жағдайын ойластырып көремін.

Шоң сұлтанның бұл сөзіне сенерін, не сенбесін білмеді, келесі күні тағы келді. Тағы да орысша біразсөйлетіп, өткен жолдай ертеңге сілтеп тағы жіберген еді.

Қоңырқұлжа Құдаймендин аға сұлтан қаптаған қазақ

байларын қалаға жібермейтін. Омбыдағы облыс бастығының талабысондай ма, әйтеуір, қазақты қалада тұрғызбайтын. Қазақкелсе саудасын жасаған соң кету керек. Жаңа ғана бекеттен қалаға айналған Ақмолаға анау жылдары кіріп лаған, Кенесарымен соғыс кезінде Қоңырқұлжамен қосылып орыстарды жақтап соғысқан, бірен-сараң төрелерге ұлықсат берген. Олар қанша көп емес еді. Қазақтармен байланысқа керек болған соң біраз татарлардың көшіп келуіне жоғары жақұлықсат берген. Қазыргі Ақмоланың негізіүш халықтан тұратын — олар орыстар, татарлар төрелер болатын. Қазақтар тек қана саудамен келетін. Кенесары көтерілісінен кейін орыстар да, сұлтан да қорқып қалған. Шоң соңғы кіргенде дуан басы айтқан:

— Мен сені жұмысқа алайын. Қызметіне ақша төлеймін…

Мына сөзді естігенде Шоң іштей қуанып кетті. Бар арманы Ақмолада қалып, дуан кеңесіне сіңісіп біразеңбек етіп, ар жағында мүмкіндік болса дуан басымның көмегімен Омбы жаққа барып оқуын жалғастыру болатын. Өйткені, оқыған төре балалары мұнда біразжұмыс істеп, орыс қалаларына кетіп жататын.

Көкейінді сол ой тұрған Шоң, соған орай былай деді:

— Қадірлісұлтан мырза, бізкедей дамадар емеспіз. Мен ақшаға оншақызықпаймын. Мақсатым білімімді жетілдіріп, сіздің басшылығыңызбен осы кеңседебіразқызмет істеу. Бұл сөздерді де орысша айтқан.

Қоңырқұлжа мына баланың сөз сөйлеу мәнерінде орыстарға тән бір ерекшелік барын әуелінде байқап қалды. Азырақ акценті боламаса орысшаны таза сөйлейтінін өткенде байқаған. Төре балларына да, татарларда да өзіне тән ерекшеліктері бар еді. Лоар оншыорыс сөзін мәнеріне келтіріп айта алмайтын. Қоңырқұлжаға Шоңның таза сөйлегені ұнады. Сонысына таңқалды. Әйтпесе, жалпы, Қоңырқұлжа қара қазақты ұнатпайтын.

— Жарайды, мен сені қызметке аламын. Әкең қалаға келсе маған жолықсын. Қоңырқұлжа Шоңның әкесінің малдыекенін біліп бұл сөзді әдейі айтып отыр еді. Шоң дуан басының тамағы жыбырлап отырғанын біле қалды. Шоң да жаста болас алды-артын байқағыш, оның үстіне қулығы да бар еді. Сол арада әкесінде қанша жылқы барын сұрағанда, сол маңдағы ең бай дама екенін мақтанышпен айтқан.

Қоңырқұлжаға мына баланың өзіде, әкесінің байлығы даұнады. Сол күні Омбыға жіберілетін бір хатты ауызша айтып, соны орысшалап шығуды тапсырған еді. Шоң қолма қол аударып, жазып берген. Сұлтан орысшаны нашар білсе де, орыс сөздерінің мән мағынасын жақсы түсінетін, Шоңның сөзін тыңдап отырып орысшасына да, аудармасына да көңілі толғандай болды. Сол күні-ақ Шоң жұмыс қа кірісіп кетті. Осыны күтіп тұрғандай елінен Телқозы келген. Баласының дуан басы мекемесіне қызметке орналасқанын татар Табристен естіп қатты қуанды. Ес қалмады. Оған ол жерде қызмет атқару қара қазақтың қолы жетпейтін биіктей болып көрінетін.

Ертеңіне Шоң әкесін Приказной-Дуан басының кеңсесіне ертіп апарған. Түс кезі болатын. Бұлар Қоңырқұлжаны күтіп отығанда түскі үзілістен ол келген. Шоңның қасында отырған әкесі екенін айтпаса да бірден білген сұлтан. Кабинетіне ертіп алып кеткен Аға сұлтан әкесімен оңаша қалып біраз сөйлесті. Ақыры сұлтан кабинетінен әкесі қуанышты, ткөңілді шықты, Шоң да оны бірден аңғарды.

— Бүгін сұлтанның үйіне қонаққабарамыз, — деді.

Шоң әкесінің Қоңырқұлжамен біржолатіл табысқанын сезді.

Кешінде Шоң әкесін Есілжағасындағы ағаштан салған сырт аумағы

еңселі үйге ертіп апарды. Шоң бұрын татарлардан дуан басы қалада екі әйелмен тұрады деген сөзді естіген еді. Жұрттың бәрінің аяғы баспайтын үйге кіріп отырған Шоң мен әкесі.

Бұлар келгенде сұлтанның отбасылары кешкі тамақтарын енді ғана алдарына алып отырған екен. Қоңырқұлжа көп жылғы есік танысындай Телқозы мен Шоңды қарсы алды. Телқозыбаласынан жасырған жоқ, осында келер алдында, сенің жұмысқа тұрған көрімдігіңе сұлтанға бір үйір жылқы беретін болғанынын айтқан. Сұлтанның әкесіне ықылас көрсетіп отырғаны соның әсері екенін білді. Әуелінде әкесінің бұл сөзіне сеніңкіремей де қалған. Өйткені, әкесінің керемет сараң екенін білетін. Бір үйір жылқыны бердім сөзінеғ сеніңкіремей ойланып қалған. Бірақ пайдасы қайтатын жерден әкесінің де аянбайтынын және білетін. Пайдасы ол өзін жұмысқа алуы екенін Шоң сезіп отыр. Олар үйге кіргенде бұларды Қоңырқұлжаның жақсы қарсы алуының сыры осында жатқаныны әкесі де, өзі де жақсы түсінген. Қоңырқұлжада некелі, некесіз әйелдер көп болатын. Солардың ішінде мына сән-салтанаттты үйде төре қызы Қаниса мен Шыңғыстың қарындасы Аққағаз тұратын. Бұл екі әйел апалы-сіңілілердей тату еді. Қоңырқұлжаның Аққағазды алуында үлкен сыр бар еді. Жас қызәуелінде қартаң тартқан сұлтанға тигісі келмеген еді, бірақ ағасынан асып кете алмаған. Тиген. Содан бұл қыз Қоңырқұлжамен Уалихан балаларын жақныдастыруға себепкер болды. Шоң оқуға түскелі хандар мен сұлтандар өмірін зерттей бастаған. Олар бір-біріне жақындау үшін қыз беріп, қыз алатынын білетін. Аққағазды да сұлтан сондай жағдаймен алып отырғанын түсінді. Аққағаз бұл үйдің табалдырығын он үшке келмей жатып аттаған. Бұл кезде сұлтан елуге келіп қалған еді. Аққағазәйел есебінде Қоңырқұлжаға онша ұнамаса да, бірақ сұлтанның көңілдері жақындасуына себепкер болған. Аққағазон бестен аса бала тапты да, оның атын Қоңырқұлжа туысқандық белгісіндей, көңіл жақындығы үшін Шыңғыс қойған. Екі әйелді жақындату үшін сұлтан оны бәйбішесіҚанисаның қойнына салдырған еді. Бала тапқан Аққағаз осы үйдің еркесінде болып жүре берген. Сұлтан қасына жатқысы келсе жатып, жатқысы келмесе жатпайтын. Бірақ үйіне келген төрелермен қанша ойнаса да өз ерікнде еді. Сұлтанға сездірмей өзі ұнатқан төрелерінің қасына ретін тауып түндебара беретін.

Сұлтан бәйбішесін жас Аққағаздан әлдеқайда жақсы көретінін Шоң кейін сезді. Төре қызы онымен қатар көрікті де, ақылды еді, сонымен сұлтанды билеп алғанынын Шоң кейіл білді.

Қоңырқұлжаның ұлы әкесі Сәмеке хан бір кезде Әбілхайыр ханмен бірігіп орыстарға проктер болып кіруге келіскен еді. Қазақтың атақты билері Қазбек, Төле, Әйтеке билер онысын ұнатпаған. Кейін билікті төре тұқымынан шыққан, Төле бидің есігінде жүрген Абылайға бергенде Сәмеке ханның баласы сұлтан Құдайменде орыстар жағына біржола шығып кеткен. Олардың жолын Қоңырқұлжа да жалғады. Орыс шенеуніктері сұлтанның онысын жақсы көретін. Сыйлайтын. Патша адамдарының хан тұқымынан өздеріне тартқаны осы Сәмеке хан ұрпағы еді. Абылай балаларымен жанасу үшін Қоңырқұлжа Уәлиханның немересі Аққағазды алып отырған. Бұл үйлену Абылайдың Уәлиханнан тараған тұқымдарын Қоңырқұлжамен біржола жақындастырған еді. Кенесары соғысы кезінде Уәлихан балаларының патша жағына шығып кетуінің бір сыры да осындажатқан болатын. Қазір сұлтан үйінде төре қызы Қаниса мен осы Аққағаз ғана тұратын.

Қоңырқұлжада басқа да қара қазақтардан алған әйелдерінің әрқайсысының өз ауылдары бар. Әр жердетұратын. Олардың басқа еркектермен ойнап қоймасын деп күзет қойғызған. Оларды Аөмолаға жуытпайтын. Қара қазақтан алған әйелдің біреулермен ойнап қоймауы үшін күзет мықты еді. Содан олар басқа да біерулермен ойнауға қорқатын. Еркіндік тек Аққағазда болатын.

Қаниса мен Аққағаз екеуі де бір үйде күндестердей емес, апалы-сіңілілердей тұратын. Оларда күндестік жоқ, татулықтары жарасқан апалы-сіңілідей. Шоң оның бәрін кейін білді.

Дастархан басындағы барлық қызметті Аққағаз атқаратын, күтушілеріне бұйрықты дасол беретін.

Шоң мен әкесі кірген соң сұлтан оларды дастарханға шақырды. Анау-мынау адамдарға күйеулерінің оны жасамайтынын екі әйелі де білетін. Шақырғаннан-ақ бұл адамдар бір мықты жерден екенін сезген еді, олар да. Бұлар жайғасқан соң сұлтан әйелдеріне әкесі мен Шоңды таныстырды.

Бұлар Нүра бойында тұратын маған көңілі жақын Тоқа Жангелді Деген кісінің ұрпақтары. Содан кейін бүгін үйге қонаққа шақырып отырмын, — деді.

Сұлтан төрелер мен қазақтардың мықтыларын ғана үйіне шақыратынын екі әйелде білетін. Оның сөзінде алақаныан бірдеңе салғандарды ғана қадірлейтінін сезетін. Екі әйел күйеулерінің осы азсөзінен көп жайды түсініп, мына дамның қолы ашық адам екенін біліп отыр еді. Өйткені, берері жоқ адамдарды сұлтан үйінің табалдырығынан да аттатпайтын. Сол кеңсе жақта шаруаларын реттеп жіберетінін білетін әйелдері. Дегенмен, екә әйел да қара қазақты баласымен қосып шақырғанына таңқалып отыр.

Сұлтан кең отырып, көсіле сөйледі. Тағы да сөзін екі әйеліне арнап сөйледі.

Жанкелді бабаларын сыйлап, соған мына баланы жұмысқа дуанға алдым. Өзім тәрбиелеп өсірмек ойым бар. Орысшаға судай жігіт. Талабы күшті. Амандық болса мынау деген тадам болады. –Мына сөзді сұлтан аузынан естіп, Телқозының есі шыққандай болып отыр еді.

Екі әйел қара қазақтың баласын сұлтан ешқашан жұмысқа алмайтынын білетін. Мына бала бір ерекше жасөспірім екенін әйелдері де түсінді.

Қоңырқұлжаның өзі кәрілікті мойындап қалған дама болса да жақсы күтімнің әсері ме, көзге әлі елудің ішіндей көрінетін сырт адамға. Үлкен әйелі толыға түскенмен, дене бітімінде ешқандай жақсы келгеннің белгісі байқалмайды. Ал кіші әйелі тіпті қыздай. Жаратылысы солай ма, денесінде түйір артықет жоқ. Телқозы оймен шолып, көңіл дүниесіне салып отырған бәрін. Әйелдерге қарап отырып сұлтанның талғамы да жоғары болар деп топшылаған. Телқозы да төре қыздарына құмар еді. Әсіресе, сұлтанның бәйбішесі қатты ұанды. Осындай әйелді құшып жатқан сұлтанның да арманы барма екен, деген деген ойға берілді іштей.

Бұлар дастарханға отырғаннан кейін басқа бөлмеден шығып он бес-он алты жастар шамасындағы бір қыз да дастарханға келіп отырды.

Бұл осы үйдің кенже баласы сұлтанның бәйбішесінен туған Сақыжан еді. Қоңырқұлжаның бәйбішесі де қуланып алған. Сұлтанның емдейтін дәрігерімен ақылдасып, бала таппаудың жолын біліп алған. Мұны Аққағазға да үйреткен еді. Содан Жәніләдән кейін бәйбішесі де, Аққағаз да Шыңғыстан соң бала таппай кеткен. Көп жыл жүріп бәйбішесі ақыры мына қызды тапқан. Қыз барлық жағынан толысып, пісіп отырған кезі еді. Телқозы да өзініңі байқағыш көзімен байқап қалған.

Шоң сырттай, қала ішінен ілуде-шалуда базардан, көшеден көріп жүретін. Бірақ тіл қатысқан адам емес. Қыз Шоңның өзі ұнататын қара торының сұлуы еді. Айтпай-ақ Канисадан туғанын біліп отыр.

Іштей ұнатып жүрген қызбен бір дастархан басында отыр. Жақын жреден көргенде Шоңға ол тіптен ғажайып сұлудай болып көрінді. Оның үстіне анау-мынау емес, сұлтанның қызы. Хан тұқымынан екені сұлулығына сұлулық қосқандай әсер қалдырады. Шоң талай қызды көріп жүріп мұндай күйге түспеген шығар. Айрықша бір сезімде отырды.

Әке-шешесінен жасырып, ұрлана қызға қарап қояды. Қыз оны аңғармағандай, мән бермегендей жайбарақат тамағын ішіп отыр. Осыдан-ақ, Шоң қызкөңілінің биікте жатқанын, қыздың ауылы өзіне алыс екенін аңғарды.

Дастархан басына отырғаннан соң Телқозы мен сұлтан арасында жарасымды әңгіме біраз жерге барды. Қоңырқұлжа елдегі адамдардың өзіне көзқарасын сұрады. Телқозы шынын айтты.

Кенесарының көтерілісі кезінде бараз адам соған мойын бұрып еді, бүгінде түзелді. Сізге қазір бәрінің де көзқарасы жақсы.

Мына аға сұлтанның көңілінен шыққан тәрізді. Әңгіменің тиегі енді тіптен ағытылып кеткендей болды. Сұлтан Телқозымен енді тіпті ашылып сөйлесті.

Бұл Нұра бойының қазақтарына өкпем қара қазандай. Кезінде балам Шыңғыстың өліміне осы Тоқалар себепкер болды ғой.

Телқозы оған не айтарын білмеді, бірақ бірдеме деуі керекін түсініп:

Сұлтеке, адамдардың да жаратылысы әртүрлі ғой. Сондай жігітке қолдары қалайбатып барғанын түсінбеймін. Кезінде соған өзіміздің де ішіміз ауырды. Ол балаңыздың хан тұқымына лайықты адам екенін еститінбіз.

Қонағының мына сөзі тілегінен шығып, жақсы көріп қалды үй иесі. Екі әйел де сондай күйде еді. Телқозы аузынан мындай сөзді естігенде Аққағаз жылап жіберді. Шыңғыс туралы сөз болғанда Аққағаздың көзінен жас көрініп қалатын. Сұлтанның дәрігерінің көмегімен кейін жалпы бала таппай кеткен. Содан кейін бала көтерм еген. Сұр бойдақ болып алған. Ал Қанисадан екі бала бар болатын. Жәнілдә мен мына отырған кенже қызы. Сұлтанның басқа қара қазақтан алған әйелдерінен де балалары бар болатын. Алайда, ілуде-шалуда болмаса қара қазақтан туған балаларға оншамән бермейтін сұлтан. Қоңырқұлжаның бар үміті осы төре қызы мен Қанисадан туған бала еді. Қазір сонау Санкт-Петербургте оқи Жәнілдә мен Аққағаздан туған өзі айтып отырған Шыңғыс болатын. Қандарына біткен бе, төре қыздарынан туған баллары мен қара қазақтан туғандарын ала-құла ұстайтын. Қара қазақтан туған балаларын әйтеуір, төре атанып, оларды хан тағына жіберу, сонау Шыңғыс хан заманынан келе жатқан тәртіп еді.

Сұлтан да Қанисадан туған баласын айрықша көретін. Сондықтан Жәнілдәні алыстағы Санкт-Петербургке щқуға жіберген. Ойы білім алып патша маңайынан бір жерден ойып орын табатынына үміті бар болатын. Ал Нұра бойында болыс болып істейтін сұлтанның тағы бір баласы бар. Ол қара қазақәйелінен туған бала. Баланың пысықтығын байқап Қоңырқұлжа оны кішкентай кезінде шешесынен алып Қаниса бауырына салған. Өзінің қара қазақтан туғанын білмейтін ол. Кеміткені ме, Қоңырқұлжа оқытпай он жетіге толған соң болыс етіп қойған болатын. Ағасын оқытып, өзін оқытпағанынана Бекәлі әкесіне ренжіп жүретін. Сұлтанның қара қазақ әйелінен туған Әділ аты баласы және бар болатын. Оның денсаулығы нашарлау еді. Ол Нұра бойында шешесімен тұратын. Ауру болғандықтан оны мазаламайтын. Қоңырқұлжаның қара қазақтан алған тағы екі-үш әйелі болатын. Бірақ олардан туған балларға сұлтан мән бермейді. Сұлтан қара қазақтан алған иәйелдеріне барған күнін қағазға жазып отыратын. Сол қағазда жазған мерзімге келмей туған балаларды өзінікі емеспе санап, мән бермейтін. Қанша күзет қойсада ретін тауып әйелдердің ойнап қоятынын сұлтан да білетін.

Бекәлі әкесіне қарсы келе аламй сол болыстықта істеп жатқан. Әкесіне жолыққан сайын оқымағанын әкесіне мұң етіп айтып қояды. Ондайдасұлтан айтатын, кішкене байиық, содан кейін оқытамын дейтін. Кенесары көтерілісінен кейін сұлтанның кедейленіп қалғаны рас еді. Барлық малын Кенесары айдап әкеткен болатын. Алдау болса да, шын болса да соған көніп Бекәлі болыс болыр Нұра жақта істеп жзататын. Бұл жігіт әкесі итерм елей ме, алымпаз еді. Түйені түгімен жеп қоятындай әдеті бар болатын. Сонысына ыза болып оның үстіне Қоңырқұлжаның өзінен асырып сонау губернаторға дейін жергілікті халықтар арыз-шағым жазып жататын. Ана жақтан орыстар да сұлтан құлағына салып қоятын. Патша алдында беделі бар сұлтанды Омбыда, Тоболда отырған бастықтар сыйлайтын. Сондықтан әзірге олар да құлаққа салумен, ескертумен келеді. Сол жағдай еске түсіп, қазыір отырып айтқан Қоңырқұлжа:

— Телқозы сен анау Тоқаларына айтып қой, жоғары жаққа жаза бермесін. Одан түк өңбейді. Айтатындарын маған келіп айтсын. Ал олай болмаса малдары ана жылқылары жиырма мыңға жақындап қалған Сапақ тәрізділер салықты түгел төлемей отыр. Оларын қоймаса малдарының жартысын сыпырып аламын. Соны жеткіз. Тоқа туысқандарың сенің айтқан сөзіңді тыңдайды ғой. Мен де ына балаңа мына жақта қамқор боламын.

Бұл сұлтанның сәтті пайдаланып орынды келістіріп айтқан сөзі еді. Бұл сөзіңе шындық жатқан. Қоңырқұлжаның ойы Телқозы арқылы қорқытып, Нұра бойының байларынан біраз мал жинап алу. Жанкелді балаларының Тоқалар арасында беделі бар екенін

білетін.

— Сұлтеке, өзіңіздей көріңіз. Қолдан келгенше аянбаймын.

— Телқозы қолдан келгенді ғой. Сенің айтқаныңды аяққақалдыратын Тоқалар ішінде адам жоқ. Тіпті, сол арыз жазатын адамдарды маған көрсетші. Содан кейін олармен өзім сөйлесемін.

Телқозы мына сұлтанның өзіне аса ауыр жұмыс тапсырып отырғанын білді. Қорқып кетті. Бірақ ол күйін сездірмей:

— Сұлтеке олай болса Тоқалардың тәуірлерміен сөйлесіп көрейін.

Бұл сөзді сұлтан көңілі үшін айтып отырған. Баласының қолы жетті ме, жетпедіме деп отырғанда басқа сөз айтуға Телқозының мүмкіндігі жоқ еді.

Кенесары соғысы кезінде орыстар жағында болған Қоңырқұлжаны губернатор да жақсы көретіні туралыТелқозыда естіген. Мына адамның көңілін тапса балсының ертеңгі күні шарықтау биікке көтерілетін сезетін Телқозы.

Сұлтан да маңайында өзіне берілген адамдарды жинап, бұл дуандыөзінің берік қамалына айналдуыруды ойлап жүрген. Соған орай орыстан да, төрелерден де өзіне берілген адамдарды маңайына жинап жатыр еді. Сондайлардың біреуі мына қара қазақтан шыққан Шоң болатынына сенімді болатын. Орысшаға зерек. Оны қызметке алуында да осындай ой бар еді. Әзірге сын мерзімге алған. Бірақ бұл туралы баласына да, әкесіне де айтпаған.

Қазір дастархан басында отырып сұлтан Телқозының көңілін көтеру үшін айтқаны:

— Балаң зерек, амандық болса өзім үйлендіріп, тәрбиелеймін деген сөзін әңгіме арасында бір айтып қойды.

Сұлтан шындап қолға алса айтқанын жасайтынын Телқозы біліп отыр. Шоң да сұлтан қызын көргеннен кейін әлгі сөзден соң көңіліңе бір арман орнап қалғандай. Ұрлана қызжаққа көзсалып қояды. Әкесінің мына сөзі қызға қалай әсер еттті дегендей ойда отыр еді. Бірақоған түк әсер етпегендей тамағын ішіп жаймыен отыр. Алайда, сұлтан қызы өзінің қолы жетпес биікте тұрғанын Шоң да сезген. Дегенмен, әлгі сұлтанның сөзі көңілінде түсініксіз бір үміт ұялатқандай болды. Сұлтанның үйінде олар біраз отырып түннің біраз уақытында әкесімен екеуі Табрис үйіне қайтқан. Келе жатқанда Телқозы былай деді:

Әлгінде қыз әкесінің сөзін естідің ғой. Егер көңіліңнен шықса қызын саған беруі мүмкін, — деді Телқозы

Тіпті, төре деемес, хан тұқымынан туған қызды маған бере ме? Сіздің үмітіңіз зор екен…

— Ол сенің оның көңілін табуыңа, іскерлігіңе байланысты… Қыз да сонда саған кет әрі болмайды. Сені әкесі мақтап отырған соң саған байланып қалуы мүмкін.

Шоң әкесінің мына сөзінде бір шындық жатқанын білді. Жас Шоңның көңілі бір көтеріліп қалды. Әкесінің мына айтқаны мен сұлтан сөзі Шоң көңіліне бір әдемі сезім ұялатқандай еді, сонымен қатар онда күдік те бар. Қазір соны айтты әкесіне:

— Сіз тым артық ойлайсыз. Қай төренің қызы он бес жасқа келгенше басы бос болып еді. Сұлтан Баяғыда бере жерін белгілеп қойған шығар.

Телқозыда баласының мына сөзінде шындық жатқанын аңғарды. Сонда да баласын жігерлендіру үшін:

— Қыз көңілін жаулап алсаң, сұлтан ешқайда кетпейді…

Ертеңіне әкесі қайтып кетті. Шоң Қоңырқұлжа кеңсесінде жұмыс істеп жатты. Арада үш-төрт күн өткен соң Шоң Қоңырқұлжаның шақыруымен оның үйіне барды. Түннің біразуақытына дейін отырғызып Қоңырқұлжа хат жаздырды. Бұл Тобылдағы Бас губернатор атына, Омбыда тұратын көңілі жақын мықты орыстардың атына жазылған хаттар еді. Әуелі сұлтан айтатынын айтып шықты, осыны Шоң ретке келтіріп айтқанын орысшалап жазды. Жазып болғаннан кейін Шоң сұлтанның өзіне орысшасын оқып берді. Жоғарыда айтқандай, Қоңырқұлжа ошна орысша білмегенімен, хаттың қалай жазылғанын мән-мағынасын түсінетін. Ол Шоңның мына жазғанынан риза болып:

Мен саған енді жоғары жаққа жазатын хаттардыжаздырып отырамын. Бұл сөзі шындық болды. Жоғары жаққа жазатын жазатын хаттарды Шоңға жаздыру әдетіне айналды. Жұмыстан кейін үйіне ертіп келіп, түннің біразына дейін жаздырадыжоғары жаққа. Бұл кезде көп жерлерде дуанды уезге айналдыру басталған. Оған тек орыстарды бастық етіп қойып жатқан. Шоң енді Санкт-Петербургтегі патша маңайындаотырған мықтылар жазған хаттарынан осындай қауіп Ақмола дуанынан төніп келе жатқанын сезген. Шоң Қоңырқұлжаның мұнысын кеңседегі отырған адамдарға жаздырмай өзіне жаздыру елге сездірмеудің амалы екенін түсінентін.

Бүгін түннің біраз ауқытына дейін отырып жазған еді. Сонда Қоңырқұлжа:

— Бұл жазғандарың туралы тірі жанға айтпа, аузыңнан шығарма, — деді.

Шоң сұлтанның қорқып отырғанын түсіне қалды да:

— Аға, ол жағына өзіңізге сенгендей сеніңіз, — деді.

Қоңырқұлжа Шоңның мына сөзіне риза болып болған тәрізді. Сол күні үйіне жібер мей өз үйіне қондырды. Таңертең Шоңды қыз көріп сұраған болатын:

— Сіз қашан келіп қалдыңыз

— Мен осында қонғанмын. Сұлтан қызы әкесінің мына қара қазақты үйде жатқызғанынан таң қалды. Осы жасқа келгенде төрелердің мықтылары болмаса қара қазақтың өз үйлеріне қондырғанын көрген жоқ еді. Бірінші рет көріп отыр.

Әкесінің мына қылығы қызға ой салғандай еді. Ләм демей басқа бөлмеге шығып кетті.

Қоңырқұлжаның Шоңды үйге алып келіп басқа жақтан келген хаттарды оқытып, үйде оған жауап жазғызу әдетіне айналды. Шоң осы үйдің бір адамындай болып кеткен еді. Бір күні Қоңырқұлжа отырып Қанисаға:

Осы жігітті ерсілі-қарсылы жүргізе бермей, біздің үйге жатқызайықшы.

Бәйбішесі мына жігіттің күйеуіне өте қажет болып отырғанын сезді де бұған қарсы еместей ниет етті. Содан Шоң ойламаған жерден осы үйдің бір адамындай болып шыға келді. Енді өзін еркіндеу сезебастады. Бұл да енді қызбен жолығып жиі сөйлесіп жүрді. Ол да әкесі мына жігітті үйіне жатқызғаннан кейін іш тарта бастаған. Сұлтан қызын арнайы татардан мұғалым жалдап орыс тілін үйретіп жүр еді. Енді мұғалімді сирек шақыртатын болған. Шоңның орыс тілін жақсы білетінінбайқаған қыз бұл жатқан бөлмеге де келіп жүрді. Шоң да қыздың мұнысынан бір сыр ұққандай еді. Әзірге ашық ешқандай әңгіме жоқ. Шоңдатек көңіл бар. Оны қалай сыртқа шығарарын білмей жүрген еді. Бр күні сұлтанның бәйбішесі айтты:

Таяуда, Сақыжан ұзатылады, -деді. Ашық айтпаса да бұл сұлтан әйелінің Шоңға ескертуі болатын. Бұдан кейін Шоң одан қашып жүретін болды. Қызболмай орысша сөйлескісі келіп жақындаса береді. Бұның ақыры не болатынын Шоңның өзі де білмейтін. Сөйтіп жүргенде құдалар келді.

Бұл төре Көкшетауда тұратын, Шыңғысқа жақын дама еді. Шыңғысқа жақын болуымен қатар, қалың малды тым көп беріп, сұлтанды өзіне құлатын алған. Қызды соның баласына беретін боп отырған. Бұл қазақша айтқанда қарсы құда түсу болатын.

Сұлтан үйіндеқонақтар көп болып Шоң қайыра Табристің үйіне бара жатқан.

Ақыры сұлтанның қызы ұзатылды. Ол Шоңға бір мұң тастап кеткендей болды. Көп уақытқа дейін Шоң содан арыла алмай жүрді.

Шоң осы үйдің баласындай болып кеткен еді. Қоңырқұлжа әр жерге барып жүргенде оны ертіп алатын. Бір рет Омбы жаққа, екі-үш рет Көкшетауда демалып жатқан орыстардың мықтыларына барғанда ертіп барды.

Соңғы жолы Бурабайға барғанда орыстың бір генералы Қоңырқұлжадан сұраған:

— Бұл бала кім?

Бұл менің балам, -Бұл сұлтанның өзін жақсы көргенінің белгісі еді.

— Орысшаны жақсы біледі екен.

— Сіздер жақсы біледі дейсіздер. Ал біздің балаларға дұрыс қызмет бермейсіздер! — Бұл орыстарға шын өкпесі еді. Баласы қанғып сонау Санкт-Петербургте жүр. Ал мұнда жаңа құрылып жатқан уездердің басшылығына орыстарды әкеп жатыр. Сөздің реті келді ме, Қоңырқұлжа ашық айтып салған.

— Міне, дуандар тарқап, уездер құрылып жатыр, менің анау Петербургте жүрген баламды уездің бастығы етіп қоймайсыздар ма?

— Қонырқұлжа Құдаймендинович ол менің қолымдағы шаруа емес. Оны шешетін басқа адамдар. Егер менің қолымда билік болатын болса мынадай жігіттерді өсірер едім.

Генералдың мына сөзі себеп болды ма, Қоңырқұлжаның Шоңға қамқорлығы бұрынғысынан да арта түсті. Солай күндер өте берді. Шоң дуан кеңсесінде жұмыс істеп жатты. Көбіне Қоңырқұлжа Тобыл, Омбы жаққа жіберетін хаттарын жаздырады. Шоң жас болса да сұлтанның көңілінен шыққандай етіп келістіріп жазады. Мына жігіттің тапқырлығына, білгірлігіне риза еді ол.

Бірде Омбыға барғанда бұлардан келетін хаттарды оқып, тіркеп отыратын орыс айтқан:

— Қонырқұлжа Құдаймендинович, сіздерден келетін хаттардың соңғы кезде сапасы мен мазмұны жақсара түсті. Қонырқұлжа сөз табуға шебер адам еді, сол арада әлгі адамға, бұрын ылғи қарамағымдағы хатшылар жазушы еді, енді олардың жазғандарына көңілім толмай өзім айтып, үстінен қарап түзетіп жүрмін деді. Бұл туралы Шоңға айтпады. Айтса Омбыға кетіп қалу қаупі бар еді. Омбыдан кайтып келгенде бір күні отырып:

— Сен Омбыдағы жер басқармасының атына арыз жаз, олар қарсы болмаса жұмысыңа ақша төлеймін, -деді Қоңырқұлжа.

Шоң Қоңырқұлжаның айтуы бойынша Омбыдағы жер бөлімінің бастығына тілек-хат жазған еді. Ол хат мынау еді;


Город Омск!

Его высокоблагородию, начальнику, господину Пограничного управления сибирскими киргизами, от Айткожа –Карповского волостного, киргиза Чона Телькозина, прощение, зная татарскую грамоту и приспособляясь к русскому языку, я осмеливаюсь покорнейше просить Ваше Высокоблагородие, если не встретиться препятствий, определить меня в Акмолинский Приказной письмоводителем.

Чон Телькозин,25 августа 43 года

Город Акмолинск»


Осы хатты Омбыға жіберген еді. Бір ай ішінде Шоң тілегін қанағаттандырған хат келді. Осы жауаптан кейін Шоң өзін шын тілмаш, дуан қызметкері екенін толығымен сезінген еді. Жұмыс бір қалыпты жүріп жатты. Шоң тек қана Қоңырқұлжаның жоғары жаққа хаттарын жазады. Бұрынғыдай сұлтан үйінде тұрып жатты. Осы үйдің бір адамындай болып кеткен.

Арада бір жылға жуық өткенде Қоңырқұлжаның қызы байынан қайтып келді. Шоң енді байқады, сұлтан да, әйелдері де Шоңды өздеріне бұрынғыдан да жақын тарта түскендей. Бірде әйелі Қаниса:

— Шоң осылай жүре бересіңбе, келін түсірсейші, -деген еді.

Шоң бұл сөздің ар жағында қандай сыр жатқанын ұға қалды. Алдында Қоңырқұлжа қызын ұзатқан жерден адамдар келіп кешірім сұрап, сұлтан қызын қайыра алып кетпекші болған. Бірақ ерке қыз көнбей қойған. Сұлтан жерім бар. Енді сонда ұзатамынды айтқан. Жоспарлап қойғандары Шоң еді. Қоңырқұлжаның бәйбішесі осыдан кейін әлгі сөзді айтып отырған. Әзірге олар Шоң да ештеңе айтпай жүр.

Шоң Табристің үйіндегі толған кітаптарын біржола Қоңырқұлжа үйіне көшірген. Күн сайын таңертенгілік, кешкілік сұлтан қызы Шоң жатқан бөлмеге келіп жүреді. Қыз қай уақытта келсе де Қаниса қарсы сөз айтпады. Онымен қоса реті келгенде Қаниса Шоңды сөзге тартып әңгіме қозғайды. Үйленбейсіңбе, үйленбейсіңбені жиі айтып қояды. Шоң мұның ар жағында қандай сыр жатқанын біледі. Оның көңілі бұрынғыдай емес, қызға суыған. Қыз ұнататын әңгімеге бара бермейді.

Сөйтіп, жүргенде ауылдан әкесі келді. Кешкі тамақтан кейін Телқозы Қоңырқұлжаның бөлмесінде отырып, әлден уакытан соң болатын. Келісімен сөз бастаған: — мына сұлтан туыс болайык дейді. Сен оған қалай қарайсын? Әкесінең мынадай сөз естігенде Шоң ренжіп қалды да, турасын айтқан:

— Байдан қайтып келген қатын маған әйел болама?

— Келешегің үшін ал мен білемін, әйтпесе, сұлтан сені жұмыстан қуып жібереді. Онсызда сөз жоқ, сөз саптауынан байкадым. Мына сөзді естігенде Шоң қорқып кетті. Пәлен жылқы беріп, зорға тұрған жұмыстан шығып қалуға болмайды. Онда әкесі ешқашан кешірмейді. Шоңның сөзі таусылып қалғандай болды да, содан кейін сұраған. Біліп отырса да әдейі:

— Қызы қалай қарайды екен?

— Кызы айтқан соң осындай ұйғарымға келіп тәрізді. Бұл аймақта бұған жететін қыз жоқ!

— Телқозы дуан басының қызы болған соң мақтап отырсың ба? Оны байдан қайтып келгенің де ұмытпаныз!

Мінезі де жеңілтек. Онымен тіл табыса алмайтын сияқтымын. Бүгін қосылып, бүрсікүні айрылысып жүрсек несі жақсы!

— Бола берсін. Кейін өзің ұнатқан бір қызды аласың…

— Қызымен айрылысып жатсам сұлтан қалай қарайды.

Сені өте жақсы көреді

— Телқозы менің жүрегім дауаламай тұр, хан тұқымынан шыққан қыз, екінші әйел алғыза ма?

Баласының мына сөзіңде шындық жатқаның біліп

Телқозы ойланып қалды. Көңілі баласының бір әйелмен қалғанын қаламайтын. Бір жағынан баласының да келешегін ойлап отырған болатын. Сәлден сол ол:

— Сенің әйел тілің табуыңа байланасты. Егер оны алдай білсең бір әйел емес, екеуін де аласың. Ана Ыбырай құрлы жоқсын ба, екінші әйел алып отыр ғой. Оның өзінде Алтайлардың ең тандаулы қызын алды.

— Сіз бұл қызды Ыбырай әйелімен салыстырмаңыз. Бұл қыз орысша оқыған. Мұнда жаңа көзқараз қалыптасқан. Ондайға көнбейді. Дегенмен, әлгі сөзден кейін Шоң ойланып қалды да, алайда, әкесінің осы іске араласпауын айтты:

— Сіздің жұмысыңыз болмасын. Мен әуелі Сақыжанның өзімен жақсылап сөйлесіп көрейін. Егер ол екінші әйел алғаныма қарсы болмаса аламын.

Телқозы тұрып айтқан.

— Сен әзірге екінші әйелді айтпа. Әуелі қызды қолға түсіріп алайық. Содан кейін көреміз. Шоң көңілдегісін сұлтан қызына айта алмай жүрді. Дегенмен, Теклқозы Шоңның сұлтан қызын алатына сенімді болатын. Ана жақтан қыз екі қабат болып келген. Содан қызы босанды. Жеңілденіп алған соң қыз қыдыруды көбейтті. Шоңға оның бұл мінезі ұнамады. Бойын алшақтау сала бастаған. Қыз еркелеу еді. Бір күні түскі ас кезінде Шоң отырғанда Сақыжан турасын айтып салды.

— Мені бірінші рет зорлап өздерің жібердіңдер. Енді өзім ұнатқан адамға ғана барамын.

Ол кім деді сұлтан. Көңілінде қазір Шоңды атайды деген үміт бар еді. Қыз басқаша сөйледі.

— Осында өзіңіздің қарамағыңызға келген қазақ-орыс жігіті Алексей.

Қаниса шарт етіп ашуланды да, Қоңырқұлжа сәл үндемей отырып қалды да:

— Анау ағаң орыстан әйел алып кетті. Сенің жасап отырғаның мынау… Менің тұқымым құрып кетті ғой.

Сақыжан әкесінің сөзіне мән бермегендей басқа бөлмеге кетіп қалды. Бұдан кейін бәрі де үнсіз отырып қалды. Тамақтан соң Қоңырқұлжа Шоңды ертіп жұмысқа кетіп қалған. Жолай келе жатып Шоңға:

— Сен осы Сақыжанды зорлап алып қашсан қайтеді?

— Сақыжан көңілі сол адамға біржола берілген тәрізді.

Оны зорлағанмен түк шықпайды. Босқа балаңызды ренжітіп аласыз. Шоңның Сақыжан тұрмысқа шығып қайтіп келген соң оған көңіл- күйі біржола өзгеріп қалған. Содан кейін осы айтқаны. Шоңның мына сөзінде бір шындық жатқаның түсінді ме, сұлтан ләм деген жоқ. Үнсіз келе жатты. Бі пәледен қалай құтыларын білмей, Шоң да іштей мазасыздыққа түсіп, үнсіз қалды.

Қоңырқұлжа қызының орысқа шыққанына қарсы еместін іштей, бірақ орыстардың біраз жүріп тастап кететіні бар. Талай татар қыздарына солай жасаған. Бір-екілі төре қыздарын да сөйткен. Әйтпесе, сұлтан қызының орысқа барғанын ұнататын, бар қаупі содан еді. Егер қызына олай жасаса, ешбір қазақ алмайтынын түсінген. Қазір сол ойдың жетегімен айтқан болатын.

Сақыжан әлгі сөзді бізге ерегісіп айтып отыр. Ол орысқа тимейді. Ал егер тиіп кетсе мен саған таңдап жүріп, төренің бір қызын алып беремін. Дегенмен, сен Сақыжанмен сөйлесіп, оның саған қалай қарайтынын білші.

Қоңырқұлжаның Шоңға төреден қыз алып береміні ойдан шықты. Соған енді кедергі болып тұрған Сақыжан екенін түсінді. Шоң да бұрынғыдай емес, сұлтанға үйреніп, еркіндеу болған. Содан кейін қыз әкесіне кеңес есебінде айтқаны:

— Сіз әуелі Подокониковпен сөйлесіп көріңіз. Ол не дейді екен. Қазір төре қыздарына үйленіп, олармен жақсы тұрып жатқан орыстар да бар ғой.

Шоңның мына сөзінде дұрыстық бар екенін біліп, кеңсеге келген соң, қызының айтып отырғаны казак-орыстың жігіті Алексей Подокониковті шақыртып алып сөйлескен. Бұл жігіт Санкт-Петербургтен әскери училищені бітіріп қызметке осында жіберілген болатын. Қолңырқұлжа ойлар жүрген жоғары жақтың менің орныма дайындап жүрген жігіт пе, деген болжауы бар еді. Сондықтан қызының осы жігітке тигеніне қарсы еместін. Қоңырқұлжа да іштей өзімен өзі келісіп қойғандай еді, алайда, орысқа барғанынан қауіптенетін. Біраз ойнап тастап кете ме деп, қорқатын. Әлгі шоң сөзі ой салды. Алдында генерал-губернатордан нұсқау келген. Подокониковты Орынбор қаласына ауыстырылсын деген. Ол жақта жігіттің әкесі тұратын, пәлен жыл казак-орыстардың әскерін басқарған, сонау Санкт-Петербургте беделі бар адам еді. Соның күшімен ауыстырылып отырғанын сұлтан білетін, Қоңырқұлжа шақырып алып жігітпен сөйлесті:

— Сен кетесің бе, әлде осында қаласың ба?

— Кетемін. Әкем қатты ауырып жүрген көрінеді. Үйге кел жеп жатыр.

Сұлтанның сөзі таусылып қалғандай сәл отырды да:

— Менің қызым Сақыжанды қайтесің?

— Біз келісіп қойғанбыз, алып кетемін.

Мына жігіт ала кетемін боп отырғаны Сақыжанға шын ықыласы кеткенін білді. Егер көңілінен шықпаса мына жігіт ондай сөзді айтпас еді. Орыстардың бір мінезі әйел он байдан шықса да көңілі ұнатса ала беретін. Мына жігіт те сондай күйде екенін білді сұлтан. Содан кейін айтқаны:

Олай болса кешке біздің үйге кел. Мен пәуескеммен Орынборға апарып тастаймын сендерді…

Сол күні Қоңырқұлжа келіп Қанисаға былай деді:

— Сақыжанды ұзатамын.

Қанисаның ойында Шоң тұрған. Соған ба деп сұраған

— Жоқ Сақыжан өзі айтып жүрген жігітімен жіберемін.

Мына сөзді естіп Қаниса ойбай салды. Өзінің үйреншікті сөзін қайталады:

— Анау балаң орыстан әйел алды. Енді қызды орысқа беремін дейсің. Сонда не болғаны?

Қанисаның мына сөзін Қонырқұлжа ұнатпай, енді турасын айтты:

— Қызың орысқа болса жаман болмайды. Төреге бердік.

Артын, міне, көріп отырсың ғой. Сол төреге беруді әуелінде шығарған өзіңсің!

Мына сөзден кейін Қанисаның аузы жабылып қалғандай болды. Ертеңіне жігітті қызына шақырып алды. Дастархан басында біраз әңгіме болды. Қаниса онша көне қойған жоқ. Бірақ күйеуіне қарсы келе алмады. Арада үш күн өткенде сұлтан қызымен, жігіттің тілегін орындап екеуін өз нәуекесімен орынборға жеткізіп тастады. Сақыжанның қайда кеткені елге жұмбақ болып қалған. Оның қайда кеткенін Шоң ғана білетін. Төреден туған кішкентай жиен қыз Қанисаның қойнында қала берді.

Қоңырқұлжа Шоң, қызын бұған бермей орыспен жібергеніне, қатты ренжіп жүр деп ойлады. Бір күні үйінде дастархан басында отырғанда өткен жолғы сөзін қайталап тағы айтқаны:

— Шоң мен саған төренің ең тәуір қызын алып беремін.

Мына сөзді әйелдерінің көзінше айтып отыр. Шоң оның бұл сөзіне сенді. осы қуаныш үстіне ауылдан әкесі Телқозы келді. Келісімен сұлтанға кірген. Телқосы аздап сұлтанға өкпесін жеткізген. оған да Қоңырқұлжа айтқан еді:

— Телқозы мен сенің балаңа төреден таңдаған қыз алып беремін. Байдан қайтып келген қызды Шоң қайтеді! Ол біреумен кетті. Кіммен кеткенің айтпаған еді. Мың жерден хан тұқымынан болса да Шоңның ұнатпай жүргенін білетін. Содан кейін айтқаны:

— Сұлтеке, сіздің бізге қамқор көңіліңізді білемін ғой. Шоң үміт артқан балам еді. Шоңды өкпелетпейтініңді білемін! Мен де қарыздар болып қалмаспын, -деді сөзінін соңында.

Қоңырқұлжа қызының орыспен кеткенін Телқозыға айтпады. Алдында Қоңырқұлжа Шоңға ескертіп айтқан:

— Сен біздің қыздың орыспен кеткенін аузыңнан шығарма!

Қалың елге қызының орыспен кеткенін білдірмеудің амалы болатын бұл. Төреден қыз алып береміні Телқозы көңілінен шығып отыр еді. Әкесі артынша Шоңды ойды жеткізген еді. Шоңға бұны алдында сұлтан да айтқан болатын.

— Ол десе, айтқанын жасайтын шығар…

— Сұлтан аты бар емес пе, неге жасамасын! -Телқозы да Қонырқұлжаның баласына төреден қыз алып беретініне сенімді еді. Сондықтан мына сөзді айтып отырған.

— Расында байдан қайтып келген қызды қайтесің. Он жерден сұлтан қызы болса да, беті ашылмаған бір төре қызын алып берсе сол жақсы.


Телқозы сонда да баласының сұлтан қызын алмағанына өкініп отырған. Мына сөзді баласының көңілі үшін айтып отырған.

Төрелермен құда болу кез келген қазақтын арманы еді. Ал, бірақ төрелер кез келген қазаққа қызын бере бермейтін. Қызын бермегенімен, сұлтан уәде берді. Баласы елдің қолы жетпейтін биіктен әйел алатынына Телқозы сенімді болып, ол Ақмоладан ауылына көңілденіп қайтқан еді.

Сұлтанның Жанкелдіні жерлеуге қатысуы

Күздің жылы күндерінің бірінде Қараағаштын Шоңға жаушы келді. Ол кеңседе отырған Шоңға суық хабар жеткізген еді. Бабасы Жанкелді қайтыс болды. Соған әкелері шақырып жатқанын айтқан. Шоң бабасының көптен бері төсек тартып жатқанын білетін.

Шоң Телқозыдан туса да жанкелді бауырында өскендіктен оны туған әкесіндей көріп, өз әкесін онша мойындамайтын. Телқозыны атымен атымен атап кеткені де содан еді. Мына хабарды естісімен барлық жұмысын сырып тастап жолға дайындалды.

Алғашқы кездегідей емес, Шоң сұлтан кабинетіне еркін кіретін. Қоңырқұлжаға ауылдан келген суық хабарды жеткізгенде, Шоң сұлтан күтпеген сөз айтқан еді. Мен де барамын. Тоқаның тәуірі Жанкелдіге топырақсалу менің міндетім, -деді.

Шоң оның мұнысына таң қалды. Қала іргесінде тұратын төрелер қайтыс болғанда да бара бермейтін. Таңдап, талғап бірен-сараңына ғана баратын. Шоң әкесінің берген малдарына риза болып жүрген соң бармақшы шығарға болжаған. Оның үстіне өзінің қызметіне де көңілі толып жүргенін білетін Шоң.

Қоңырқұлжаның бір әдеті, жүрер алдында баратын жеріне хабаршы жіберетін. Бұлжолы да сүйтіп, бір татарды салт атпен жіберген еді. Оған айтты, жолда болыс Қабайға менің келе жатқанымды хабарлап кет деп айтқан болатын. Алдында ғана Бекеәліні Карбышев дейтін губернатордың Ақмоладағы өкілінің көмегімен Омбыға оқуға түсірген еді. Оның орнына Қабай дейтін төрені қойған.

Түс ауа Шоң екеуі пәуескемен шыққан еді. Бесіндікте аса шапшаң жүріспен жүріп, Көбетейде тұратын болыс Қабай ауылына келді.

Бұл ара сұлтанның өзмекеніндей болып кеткен. Оның әкесі Құдайменде Сарысу бойынан көшіп келе жатқанда жолдаөліп, Қоңырқұлжаның Көкшетаудағы төрелерге жақындау үшін Нұра бойындағы Ахмет ауылына қоныстанып, ондабіраз отырып Ақмола бекінісінің іргесіне келіп қоныстанған еді. Есау Карбышевпен келісіп Томскіден ұлықсат алған. Содан соң тура бекініс ішіне келіп қоныстанған. Содан шаруашылығы да дамып өсе берді. Иван Карбышевпен тіл табысып, жақсы дос-жолдас болып кеткен. Кенесары жеңілген соң, ақыры бағы жанып, бекініс қалаға айналған. Дуан құрылды. Оның билігін жоғары жақ Құдаймендинге берді. Соның атағы өсіп, ел арасныда беделі өсіп өрлей берді. Сұлтанның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс еді. Баласы болмай Омбыға оқуға кеткен соң, ол кезде болыстыққа көбіне төрелер сайланатын. Тоқалардың талайлары болыс болуға талпынып малдарын әкеп бберіп жатса да Қоңырқұлжа олардың малдарын алып, уәде беріп шығарып салатын. Ақмола түбінде тұратын Қабайды өзі келіп сайлап кеткен еді. Болыстың қазіргі тұрағы осы Көбетай ауылы болатын.

Қоңырқұлжаның келетінін татардан естіп Қабай да жаны қалмай дайындалып жатыр екен. Ауылдан шалғайлау Нұра өзенінің жағасына екі-үш киіз үй тігіп тастаған.

Қонырқұлжа жергілікті билердің, байлардың бірін де жуытпасынды татардан айтып жіберген еді. Болыс ешкімге дуан басы келе жатканын білдірмеді. Жергілікті билер естісе жиналып ананы, мынаны айтып миын жейтінін білетін Қонырқұлжа. Содан кейін осылай жасаған еді. Аға сұлтан қызмет көрсететін, тамағын жасайтын, төсегін салуға қыз-келіншіктерді ғана шақыртыпты. Мал сойылды. Үш-төрт қыз-келіншектер дастархан жасап қызмет көрсете бастады.

Сұлтан қай жерге бармасын, жергілікті билер, болыстар қасына қыз әкеп салып беретін. Хан тұқымы Қоңырқұлжа бұағн жас кезінен әбден үйренген. Шоң дуан басымен жүргенде оны көріп, біліп жүрген еді. Бұл әдетке айналған шаруа екенін біліп алған.

Бұлар келісімен дастархан жасалды. Қымызкелді, алдымен. Дастархан жасап жүрген сүйріктей екі сұлу қыз. Шоң олардың бүгін сорлайтынын біліп отырған. Көңілде аяныш бар, бірақ айтарға тіл жоқ. Екеуі де осы маңдағы ең сұлу қыздар болатын. Шоң олардың бүгін сорлайтынын біліп отырған. Көңілде аяныш бар, бірақ айтарға тіл жоқ. Екеуі де осы маңдағы ең сұлу қыздар болатын.

Сұлтанның сонау жас кезіндегі көңіл-күйі жоқ. Қыздар жағына онша көп қарап отырған жоқ. Өйткені, тілек бар да, шама азайған. Мына келіп қалған кәрілік бойдағы қуатты алып кеткендей еді. Енді ойы мына жас жігіттің қасына бір қызды салып беріп, өз бойындағы құмарлықты ояту болатын. Тамақ ішкен соң қасында Қабай мен Шоң бар сұлтан тысқа бірге шықты. Былай шыққан соң Қабайға айтқаны:

— Қабай сен бара бер, қалған шаруаны өзім реттеймін…

Қабай кетіп қалған. Екеуі даладаәлгінде ішкен тамақтарын таратып біраз жүрді. Арада біразуақыт өткен соң аға сұлтан Қоңырқұлжа Шоңға:

— Сен барып біліп келші. Ана қыздар төсекті салып болып па?!

Екеумізге арасын жақындатып төсекті қатар салсын.

Сұлтан қай жерге бармасын, зыдарды жеке алып киіз үй ішіне жататын. Бүгінгі ойы басқа. Шоң оның бұл қылығын түсінбеді.

Сұлтанның ойы Шоңға қарап ұйықтап жатқан сезімді ояту болатын. Шоң киізүй ішіне кірсе екі қыз екі жерде арасын жақындатып төсекті салып қойыпты, алдында Қабайдың айтуы бойынша екеуіне төсекті қатар салып қойған еді, енді нұсқау күтіп отырған олар. Мына тез берілетін қыздарға Шоңның ызасы келді. Оны сыртқа шығарудың жолын білмей сәл тұрып қалып, ашуы ойнап кетті де былай деді:

— Қазір көзге көрінбей кетіңдер!

Түкке түсінбеген қыздар кетіп қалған. Бұл қыздар осы маңайдағы Тілендердің ең сұлу қыздары болатын. Қабайдың оларды аға сұлтанға тамақ істеп береді деп шақыртып алған. Болыс айтқан соң ата-аналары қыздарын жіберген. Шоңға қыздардың мына отырысы ұнамады. Оған өздері қалап отырғандай көрінді. Іштей қыздарға ренжіп қалған. Шоң мұның арты ертеңгі күні біреулер арқылы әке-шешесіне жетсе үлкен дау болатынын біліп тұр еді. Сұлтанға сөз айта алмайды. Телқозының баласы біздің баламызды зорлап кетті деп айтуы мүмкін. Мұндайда арты неше түрлі сөз болады. Тілендердің қандай сөз шығаратынын білмейтін. Әйтеуір, өзінің бүгін бір жаманатқа қалатынын сезіп отыр. Содан кейін Шоң әлгі сөзді қыздарға айтқан болатын.

Түгіне түсінбеген екі қыз сасып қалды да, тұра жөнелді. Шоң сыртқа шығып серуендеп жүрген сұлтанға айтқан:

— Аға төсек дайын болды!

Сұлтан ішке кірген. Төсек салулы тұр. Екі қыз жоқ. Қыздар қайда деді. Шоң жалған сөйледі.

— Аға мен білмеймін. Мен келсем олар жоқ.

— Әлгі Қабай жөндеп айтпаған ғой. Атшыны жіберші

— Аға түн ішінде қыздарды іздеп жүре ме, қажеті жоқ

— Менің әйелген онша шабытым келіп тұрған жоқ. Сен үшін жасатып еді.

— Аға, маған қажет емес!

Сұлтан таңқала Шоңға қарады да:

— Сен өзің нешеге келдің?

— Он алтыдан асып барамын.

— Осы жаста жігіт жалғыз жата ма? Мен сенің жасыңда барған жерде қасыма екі қыз алып жататынмын. Солардың өзін таң атқанша шаршатып жіберетінмін. Қазір ол да жоқ, жас келіп қалғанының белгңсң ме, біреудің өзіне хал жетпей қалатын күндер болады. Сұлтан сол келмеске кеткен күндерін сағынғандай біраз әңгіме айтқан.

— Бұл өмірдің қызығын уақытында көріп қалу керек. Жіберіп алсаң қайтып келмейді. Шоң үндемей жата берді. Сұлтан да жолдан шаршап келген болуы керек, артынша ұйықтап кетті.

Ертеңгісін таңертеңгілік Қабай келді. Қоңырқұлжа одан сұраған:

— Қыздар қайда?

Қабай сасып қалып

— Қыздар түнде осында болған жоқ па?

— Болған жоқ, — деді сұлтан

— Ендеше, мен оларды қазір алғызамын!

— Сен өзің не айтып тұрсың. Қазір біз жол жүреміз

— Сұлтеке, мына ұятты болдығой. Енді қайттім…

— Жарайды, ештеңе етпес. Қайтар жолда дайындап қой. Мені қойшы, талайын көрдік ғой. Мына Шоң жағдайын ойлап едім…

— Шоң осы арадан ерсілі-қарсылы өтіп жүреді ғой. Оның да ретін табармын.

— Кешегі шақырған қыздарың әдемі екен. Соларды шақыр тағы да. Қайтарда бір күн болып кетеміз, -деді Қоңырқұлжа

— Шоң тұрып:

— Қыздардың құда түсіп қойған жерлері бар шығар. Ертеңгі күні ұят болып жүрмесін.

— Олардың ертеңіндене ақың бар. Саған сол қыздарды ал деп отырған ешкім жоқ. Сен әйелді төреден аласың. Бір күннің қызығын көр дегенім ғой.

— Аға маған ол қажет емес.

— Сен қызық жігіт екенсің. Қасыңа әкеп салып берген қыздан қашасың. Ол қыздардың кейінгі шаруасында жұмысың болмасын.

Қабай тұрып:

— Мен оларды зорлағам жоқ, өздері келді. Бұл жақтың қыздары төрелерден қашпайды. Менің айтқанымды да екі етпей орындайды.

— Мына сөздіестіп Шоң таңқалды. Қыздар да бұзыла бастаған екен ғой деп ойға қалды. Содан олар жүріп кеткен. Бұлардың қастарына Қабай да ерді. Бұлар келгенде Жанкелдіні о дүниеге шығарып салуға келген адамдар түгел жиналып қалған еді. Енді дуан басының келетінін естіп, соны күтіп отыр екен. Бұлар түс ауа келді. Қолма-қол дайын тұрған мәйітті барлық рәсіммен шығарып салды. Үйге келіп қайыра құран оқылып, жан жақтан келген адамдар енді сұлтаннан бұрын кетіп қалуға ұялып отырған болатын. Содан бір сөз күтіп отырған. Дуан басы оны сезген болуы керек, бәріне ұлықсат берді. Сөз соңында жиналғандарға Тоқалардың үлкендері қалсын деп айтты.

Тоқаларға көрші отырған Қаржас, Қаракесек, Темеш, оңтүстіктен Найман бәрі кеткеннен кейін Тоқалардың үлкендері арасында Қорыспайдың Баймырзасы, оның туысы Сапақ, Аққошқардың Садыры, Барағанның Қамысбайы, Ерназардың Жалантөсінің үлкені Кәдір, Құлымбетінің Лауы, Елгелдінің Таубай, Жабаның Қожамжары бар еді. Тоқалардың басқа да ақсақалдары отырған. Көпшілігі сексеннен асып, Жанкелдінің соңынан кетуге күнін санап отырған адамдар. Қазақтар үлкендерін сыйлап үйренген халықғой, жас келсе де олардың рулар арасында қадірі бар еді. Оны Қоңырқұлжа жақсы білетін. Сондықтан да сәті түсіп тұрғанда Тоқалардың шалдраны пайдаланып қалғысы келді.

Тоқаның шалдары Жанкелдіні жерлеуге аға сұлтанның келетіні үш ұйықтаса да ойларында жоқеді, бір жағынан таңқалып отырған. Әрі сұлтанның мына келісіне риза еді.

Сұлтан ананы-мынаны айтып отырдыда сәлден соң көңілдегі негізгі сөзін бастап кетті

— Менің осы отырған Тоқа жұртына өкпем бар, мына жерде айту орынсыз болса да, соны естеріңе салығм келіп отыр –деді Қоңырқұлжа. –Жанкелді марқұмды о дүниеге аттандырып отырсақ та, жағдай жайсыз болса да, соны айтқым келеді. — Осыны айтты да үнсіз қалды. Отырғандарды көзастынан бір шолып өтті. Олар да үнсіз отыр.

— Мына өлік шығару жиынында не айтқалы отыр дегендей, отырғандар бір-біріне қарады. Содан кейін Қоңырқұлжаға қараған еді. Ол әлі де мына шалдардың өздері сөзбастауын күтіп отыр еді. Соны түсінгендей Баймырза отырып:

Сұлтан қысылмаңыз айтыңыз, — деді.

— Ендеше, балам Шыңғыстың құнын төлейсіңдер. Соны көптен айта алмай жүр едім. Мына ретсіз жерде реті келді. Өйткені, мұндай сіздердің бастарыңыз қосыла бермейді. Содан кейін айтып отырмын.

Ол балаңыздың өлгеніне пәлен уақыт болды. Сұлтан қандай құнды сұрап отырсың, деді Таубай.

Сұлтан оның мұнысын жақтырмай қалды ма, өзінің қасында отырған Баймырзаға қарап сөзін жалғады.

— Бүгін Жанкелді марқұмның дастарханының басындабастарыңыз қосылып қалған екен. Басқажерде сендердің осылай бастарыңды қосудың өзі қиын. Содан кейін айтып отырмын. Менің өкпем Балам Шыңғыс қайтыс болғанда біреуің де есік ашуға жарамадыңдар.

Бұл сөзде шындық жатыр еді. Тоқалардың тәуірлерінің бірі бармаған еді. Турасын айтқанда, сол арада жазалап жібереме деп қорыққан еді. Әлгінде сөзбастауға себепші болған Баймырза сұлтан баласы жайындасөзбастаған соң үндемей қалды. Бұлардың ішіндегі жасы, сөзге ширақ Баймырзаның ініс Сапақағасының сөзін жалғағандай болып көңілдегісін айтқан болатын:

— Сұлтеке, біздің жақтан кеткен ол үлкен білместік болды, деді Баймырза.

— Сен үйтіп ақталма. Әр нәрсенің жолы бар, жөні бар. Осы отырғандардың әрқайсынбір-бір руды басқарып отырсыңдар. Неге келмейсіңдер!

Айтарлары бітіп қалғандай мына сөзге бәрі де үндем ей қалды. Қоңырқұлжа сөзін әрі қарай жалғады.

— Мен оны білемін. Бәрің де өздеріңді кінәлі санайсыңдар. Содан кейін үндемей отырсыңдар.

Осы кезде Таубай батыр шыдай алмай:

— Сіз орынсыз Тоқалардыкінәләмаңыз. Хан тұқымы хан қолынан қайтыс болды ғой.

— Кенесары өзі барып өлтірген жоқ шығар. Қажет болса кім өлтіргенін де айтамын. Менің баламның өлімі отырған сіздердің адамдарыңыздың қолынан келді.

— Сұлтеке, сол кісінің атын атап айтыңызшы — деді Сапақ

— Осында Тәңірбергеннің екі баласы отырсыңдар. Қайсысы екенін өздерің айтыңдар. Құлағы естігені болмаса көзі көрген жоқ, қайсыңды ұстап беремін. Осы отырғандардың бәрінің ұрпақтары Кенесары соғысына қатысты.

Тәңірберген ұрпақтарының біразы Кенесары көтерілісне қатысқан еді. Солардың біразы соғыста өліп, кейбіреулері сонау қырғыз жерінен келмей қалған. Нұра бойында болған соғыста да патша әскерімен мына Қоңырқұлжаның баласы Шыңғыс бастаған қолға қарсы шығып, Қоңырқұлжа адамдарына қарсы тұрған еді. Сондықтан Кенесары бұлардың малдарына тиіспей кеткен. Дуан басы оның бәрін білетін. Сондықтан айтып отырғаны болатын. Отырғандар оын мойындағандай тағы да үндемей қалды да, Сапақ отырып:

— Сұлтеке Тоқа аз халық емес. Осы отырғандардың көбінің туысқандары қатысқан. Сіз бізді ғана кінәлап отырсыз ба?

— Сендерді ел «бес перен» дейді. Бұл жайдан жай қойылған ата емес. Сол Шыңғыстың өліміне тікелей қатысың болмаса да, баламның Тоқалардың қолынан өлгенін мойындайтын шығарсыңдар. –Осы ру ішіндегі аты шулы Тәңірберген балалры сендер айтыңдар. Тоқалардың ешқайсысы сендерден асып кетпейді. –Соны жақсы білетін Қоңырқұлжа сөзді содан әдейі осылай қозғап отырған.

Әуелінде жаман қорқып қалған Сапақ, сұлтанның жалпы Тоқаларды аттағанынан кейі көңілі жай тапқандай болды. Әйтпесе, өздеріне кінә тағып Ақмола түрмесіне апарып жаптырып қоятындай көрінген.

Қасында отырған Қорысбайдың Баймырзасы отырып:

— Өлген адам қайтып келмейді. Ашығын айтыңыз, балаңыздың құнына не тілейсіз?

Қоңырқұлжаның күтіп отырғаны да осф сөз еді. Енді көңілдегісін айтты:

— Шыңғыстың құнына ешнәрсе тең келмейді. Оған осы отырға БүкілТоқаның байлығы жетпейді. Баймырзадұрыс айтасың өлген адам қайтып келмейді. Мен қазақ жолымен хан тұқымы атаусыз қалмасынды ойлап үш мың жылқы сұраймын.

Сұлтан осы арда баласының өлгеніне пәлен жыл өткен соң мындай құн сұрап отырғанына ел түсінбеді. Жиналғандардың әлгі сұлтан сөзіне көңілдерінде ашу ойнап кетті. Мұндабасыну бар екенін сезген. Бірақ ешқайсысы аға сұлтанға қарсы ештеңе айта алмады.

Қоңырқұлжаның бар ойы осы баласының өлімінен осында Тоқаның барлық тәуірлері жиналып қалғанда пайда табу болатын. Сондықтан әдейі осы жайдықозғап отыр.

Үш мың жылқы дегені Сапақтың жанына батып кетті. Әлгі сөзіне қарағанда оның көбін Тәңірберген тұқымдары төлейтініне көзі жетті. Шыдай алмай айтып салғаны:

Сұлтеке, соғыс болған соң өлім болмай тұрмайды ғой. Пәлен уақыт өтті. Енді келіп мұныңыз не?

Қоңырқұлжаның Сапақтың мына сөзіне қаны қайнап кетті. Оның мына сөзі өзін басынғандай көрінді. Мына айтқаны қара қазақтардың күшейіп бара жатқанын көрсеткендей болды. Ызалы сұлтан турасын айтып:

— Хан тұқымын қара қазақ өлтірсе баяғыда не жасаушы еді?

— Мен осы уақытқа дейін қара қазақтың хан тұқымын өлтіргенін естігем жоқ.

— Естімесең сен енді естіп отырсың, Тәңірбергекннің тұқымдары. Алдында айтқан сөзін қайталап айтқан аға сұлтан. Бұл сөз әлгі Сапақ сөзіне орай айтылған еді. Артынша сұлтан: Тоқалар бұған не айтасыңдар? — Бұл отырғандардың бәріне қойылған сұрақ еді. Отырғандар не айтарларын білмей отырып қалды. Қоңырқұлжа сөзін әрі қарай жалғады. Хан тұқымын өлтірсе басын алады, мен оын жасамай-ақ қояйын. Қазақөлгеннің құнын төлейді. Соны жасаңдар деп естеріңе салып отырмын.

Осы арада баяңғыдан Сапаққа ызасы келіп жүрген Таубай:

— Сұлтеке бұл сөзіңізорынды. Адам өлсе құнын төһлеу баяғыдан келе жатқан тәртіп, сіз турасын айттыңыз, — деді Таубай. Сұлтан мына шалдың қай жаққа сілтеп отырғанын түсінбей қалды.

— Менің баламның құнына ешқандай байлық жетпейтініні әлгінде айттым ғой. Бірақамал жоқ. Қазір біразыңды апарып түрмеге жауып, артынша жазаласам, Тоқалар өкпелейсіңдер. Мен оны жасамай-ақ қояйын. Сен шал ашығын айт деп отырсың ғой, менің тоқ етер сөзім Тоқалар атынан Сапақ үш мың жылқы берсін!

Сапақ жаратылысынан сараң болатын. Сол сараңдығы арқасында он жеті мың жылқы біткен бір басына. Соғымын да ес ептеп соятын. Мына сөзге ол үндемей отырып қалды. Қоңырқұлжаға оның мынасы ұнамады. Содан кейін отырып:

— Сапақ мен енді екінші рет қайталап айтпаймын, қажет болса күшпен де аламын. Қазақ заңы да, орыс заңы да мені жақтайды. Өйткені, сен салықты да дұрыс төлемей отырсың!

Оның мына сөзінен Сапақтың жақын туысқаны Баймырза қорқып кетті де:

— Сұлтан күш көрсетудің қажеті жоқ. Онсыз да береміз ғой.

Сапақтың немере ағасының бұл сөзі қорытынды сөздей болды. Қоңырқұлжа бұдан артық сөз естігісі келмеді, орнынан тұра бастап еді. Елдің бәрі де сұлтан тұрған соң ду көтерілді.

Сұлтан енді үш мың жылқыны өз қотанында көргендей болды. Көңілді еді. Пәуескесіне қарай беттеді. Сыртқа шыққан соң Шоң сұлтанға оңашалап айтқан:

— Аға бабамның жетісін беріп біржола қайтсам, деп едім. Сіз оған қалай қарайсыз?

Сұлтан қарсы келген жоқ, Шоңның бұл тілегін мақұлдаған еді.

Сұлтан кеткен соң бәрі қайыра үйге кіргенде Сапақ шу шығарды.

— Әлгінің сөзіне қарашы, баласын тура мен өлтіргендей менің мойныма артып қойғанын.

Баймырза да енді басқаша сөйлей бастады.

— Біздің ағайынның өлтіргенін ешкім көріп тұрған жоқ. Сондықтан құнды осы отырған Тоқалар бірігіп төлеуіміз керек.

Бұл сөз жиналғандардың көңілінен шықпай қалды да, өйткенмен Баймырзаның мына сөзіне қарсы келген жоқ. Бұл мақұлдағанның белгісі еді. Елдің арасынан Таубай батыр тағы сөйлеп көңілдегісін айтқан:

— Менің Қоңырқұлжаға беретін бір малым жоқ. Әлгінде Сапақтың мойнына артып кетті ғой, сол төлесін! Мен бір мал бермеймін, ар жағын өздерің білесіңдер…

Сол арада өзі де қатты ашуланып отырған Сапақтың ашуы қозып кетті де.

— Сен бермесең берме. Орыстардың түрмесіне барып жатасың.

Таубай оның мына сөзіне ләм деместен шығып кетті. Сапақ қатты ашуланып қалды.

— Ана шалды шақырыңдаршы!

Есікке таяу отырған біреу сыртқа шығып айтқан еді, Таубай оніп қалған.

Қайтып келмегеніне Сапақ ышдай алмай:

— Мен олардың барлық жылқысын тартып аламын.

Осы арада сөзге Телқозы араласып:

— Сапеке, олардың мыңнан артық жылқысы жоқ. Оны айдап алған соң олар сіздерге, бізге маза бермейді. Он-жиырма есе етіп қайтарады. Олар сондай дауды табаалмай отыр.

Мына сөзден кейін Сапақтың айтар сөзі болмай қалды. Ол да Елгелділердің есесін жібермейтінін біліп отыр еді. Телқозының мына сөзі оған ескерту тәрізді естілді. Содан кейін ызасы келген Сапақ:

— Сонда менің үш мың жылқыны төлеуім керек пе?

— Үш мың жылқыны сіз төлемейсіз, осында отырған Тоқалар жиналып төлейміз. — Бұл Аққошқар руының атақты бір байының айтқан сөзі еді. Құттыбайлар тұқымына құдандал еді. Содан кейін осы сөзді айтып отырған. Мына сөз Сапақтың көңілінен шықты. Содан үндемей кеткен еді.

Арада бір жұма өткен соң қайыра Жанкелдінің жетісіне Тоқалар жиналды. Қоңырқұлжа жіберген болуы керек, Қабай жетіп келді. Құдайы біткен соң ол Тоқалардың біразын алып қалып дастархан басында сөз бастады:

— Сұлтанның айтып кеткені жай сөз емес. Айтқан жылқыларды қашан апарасыңдар?

— Сапақ отырып:

— Бұлсұлтанның Құттыбайлар руына ғана қойып отырған кінәсі емес. Бүкіл Тоқаларға Қойып отыр. Сондықтан бес жүз жылқыны мен берейін. Басқасын өздерің ақылдасып беріңдер.

— Ол жағын мен білмеймін. Бірақ сұлтанға берген сөздеріңіз аяқсыз қалмасын. Ертең-бүрсікүнге созабермеңдер. Жылдамдатыңдар! деді Қабай.

Осымен сөз біткендей болды. Ел енді Қоңырқұлжа да айтқанынан қайтпайтынын, Сапақ та көнбейтінін білді. Содан кейін Тоқалар жылқыларды жинап беруге келіскен еді. Бұл сөз Таубай батырдың көңілінен шықпады, өздеріңіз бере беріңдер. Ал мен Қоңырқұлжаға бір жылқы да бермеймін. Алса күшпен Елгелділердің жылқысын айдап алсын. Ар жағы бізде көреміз, -деді.

Дау қайтадан басталып кетті. Дауды Қабай басты:

— Бір Елгелдіде тұрған ештеңе жоқ. Басқаларың берсеңдер болды. Ал, оның еесесін кейін сұлтанның өзі қайтарады, деді болыс.

Бұл сөзінде қорқыту бар еді. Таубай батыр бұған мән бермеді. Сыртқа шығып кеткен болатын. Соңғы кезде қатты ауырып жүрген. Ол кезде қазақ арасында мініп жүрген атын жақсы көретін адамына беретін дәстүр бар еді. Оны шығарып салуға артынан Шоң да, одан кейін Телқозыда шыққан еді. Таубай батыр тұрып сөз бастаған еді:

— Мен де Жанкелді артынан таяу уақытта баратынымды сезіп жүрмін. Сен менің мына атымды көзімдей көріп мініп жүр. Шоңға ат тізгінін ұстатқан еді.

— Тауке, аға, өткен жолы бір тай бердіңіз. Сол жетеді. Мен сіздің мен сіздің мініп жүрген атыңызды алмаймын.

— Бұл Көкбесті тьұқымының ішіндегі ең жүйрігі осы ит. Осыны менің көзімдей көріп мініп жүр.

Шоң да Көкбестінің тұқымына қызығып тұр еді. Бірақ мына қартайған адамды атынан түсіріп алғандай көрінді де:

— Жоқ, Тауке аға, мен алмаймын. Кейін көрерміз.

Таубай Шоңның мына сөзін түсіне қалып турасына көшкен еді:

— Мен өлсем, анау сегіз сары саған бермей қоюы мүмкін. Менің тірі кезімде өз қолымнан ал.

Бұлардың сөзін тыңдар тұрған Телқозы айтқан еді.

— Таукең кім көрінгенге мініпе жүрген атын бермейді. Саған ырым етіп беріп тұр. Таукеңе, мен өзімнің мініп жүрген атымды беремін. Күміс ертоқымды бір жүйрік атын алып келді.

Ақыры Шоң Таубай мен әкесінің айтқанын орындады. Телқозы кетіп бара жатқан Таубайға айтқан болатын:

— Тауке, мен есептеп қойдым. Әр атадан үш-бес жылқыдан келеді екен. Сізге тиесілі жылқыны мен берейін…

Сен Телқозы оны жасама. Олай етсең мен саған өкпелеймін. Баласының өлгеніне пәлен жыл өткеннен кейін құн сұрап тұрған Қоңырқұлжаның мұнысы ешқандай қазақи тәртіпке жатпайды. Бұл бізді басынып жасап тұрғаны…

Маған салсаңдар бір жылқыда бермеңдер, — деген еді Таубай.

Таубай өзінің мініп жүрген атын Шоңға қалдырып, Телқозы берген атты мініп кетіп қалған. Оңаша қалған Телқозы Шоңға:

Сен Шоң мына айғырды маған тастап кет. Билерге салы тұқым алайын, — деді.

— Таукең, сізге биелерге салуға берген жоқ. Маған мініп жүруге бердіғой. Сол жолы әкесінің айтқанын тыңдамай атқа мініп кеткен еді.

Түнделетіп Қараағаштан шығып, жолда ешқайда тоқтамастан жүріп кеткен. Содан шауып отырды. Таң атпай Ақмолаға келген еді. Шоң атының баяғыдағы көкқасқадай жүйрік екеніне көз жеткендей болды. Өзінің ммініп жүрген аттарын ылғи Табристің атқорасының үйреншікті жеріне қоятын. Суытуға қойып еді, таңертең келсе Жәмке әдеттегідей аттардысуарып жүр екен. Шоң оған айтты:

— Сенің туысқаның маған жүйрік атын атап тағы берді, деді.

— Ол кім? — деді Жәмке анықтап алғысы келіп.

— Таукеңді айтамын.

— Немене, ол саған туысқан емес пе?


Шоң байқаусызда артықтау сөйлеп қойғанын енді сезіп, үндемей қалды. Шоң біреуден жеңілгенді ұнатпайтын. Сонысына салып:

— Таукең менен гөрі саған жақын ғой, сосын айтып тұрмын.

— Шоң бөлінбейік. Ерназар мен Елгелдіні бөлме.

Шоң Жәмкенің мына сөзінде дұрыстық бар екенін біліп үндемей қалды. Бұл айтқаны дұрыс деп ойлаған іштей.

Араға бір жұма салып Сапақ бастаған бір топ Тоқалар уәде еткен жылқыларын айдап әкеп берді. Қоңырқұлжа оларды үйінде дастархан жасатып жақсылап қарсы алды.

Дастархан басында Сапақ айтқан еді:

— Сұлтеке, осы жылқының төрттен бірін мен өзім шығардым. Турасын айтқанда, біздің тұқымның сіздің балаңыздың өліміне ешқандай қатысы жоқ. Сіздің көңіліңізді қимай әкеліп отырмын. –Сапақ Таубайға Көкбестінің тұқымынан бір жүйрікті сатпағанынан өкпелі еді. Және өткен жолы сөзі бар. Таубай мен сұлтан арасында от жағу үшін айтқан, анау Таубай батыр бір жылқы берген жоқ.

Мына сөзді естіген Телқозы:

— Отыз желком Елгелділер үшін мен бердім.

Қоңырқұлжа «отыз желком» деген сөзге таңқалып:

— Неге оларды отызжелком дейсің?

— Олар әуелден кедей, аталарымыз содан кейін солай атап кеткен.

— Қанша кедей болса да үш жылқыда тұрған ештеңе жоқ. Ол Елгелді мені сыйламай отыр ғой. Олай болса оны қорқытып біраз күн түрмеге жауып қояйын.

Ол кезде Ақмолада орыстардың түрмесі салынған еді. Соны Қоңырқұлжа да пайдаланып өзіне ұнамаған адамдарды жапқызып қоятын. Шоң сұлтанның аузынан мына сөзді естіп қорқып кетті. Ақмола қалаға айналғалы онда түрме болғалы Қоңырқұлжа өзіне ұнамаған талай қазақтарды жауып қойғызатын еді. Бұрын қазақ арасында түрме болмайтын. Түрме сөзі қазаққа орыстармен бірге келген еді. Ондатүскендері орыстардың жақсылап тұрып ұратындарын қамауға түскендер айтып жүретін. Ел содан жаман қорқатын. Соңғы кездері сұлтан алдында еркін сөйлейтін болған Шоң:

— Аға, олкісі әр күнін санап отырған адам, қалай жабасыз?

Сапақ отырып:

— Ол ауру болса баллары бар. Солардың бірін жабу керек. Олай етпесе болмайды. Отыз желкомдар әбден басынып алды. Әйтпесе, үш жылқыда не тұр?

— Осы арада Телқозы сөзге араласып:

— Ол шалға ол көп емес. Ертеңгі күні күнін санап отырған Тоқаның бір шалын түрмеге жауып қойды сөзі сізге де, бізге де жақсы атақ әкелмес. Оның қажеті жоқ.

— Менің айтып отырғаным ол шал емес, балаларының бірін дедім ғой, деді Сапақ болмай.

— Ертеңгі күні сұлтанға да сөз келеді. Мұның қажеті жоқ, деді Телқозы қайталап айтып. Қоңырқұлжа да мына Сапақ ана шалды өзін түрмеге жапқызып өшін алмақшы екенін түсіне қалып:

— Расында, ол шалды жаппаған соң, балаларының қажеті қанша! –Мына сөзден кейін айтары болмағандай Сапақ та үндемей қалған. Осымен сөз біткендей болды.

Телқозының да, Сапақтың да Қоңырқұлжаүйінен көңілдері көтеріліп қайтты. Екеуіне де сұлтан орыстың қымбат кездемесінен бір-бір шапан кигізген еді. Қара қазақтар хан тұқымы түгілі, төрелерден де мұндай шапан кигізген еді. Қара қазақтар хан тұқымы түгілі, төрелерден де мұндай шапан кимейтін. Екеуі де бір жиынға, тойға барғанда әрқашан Қоңырқұлжа берген шапанды киіп жүретін, сұлтан бергенін мақтанышпен айтып отыратын.

Дуанда болып жатқан өзгерістер

Жасы келген Қоңырқұлжаны ауру айналдыра бастады. Сұлтан апталап кеңсеге бармай жатып қалатындышығарды. Тоболдан, Баты Сібір генерал губернаторы жанындағы осы Ақмола уезінің бақылаушысы Карбышевтің келуі жиіледі. Ел арасында өсек тарай бастады. Ел арасында Қоңырқұлжаның орнына Карбышев тұрадыдеген сөз айтылып жүрді. Шоң мұны шындыққа жақын екенін уақыт өткен сайын сезе бастады. Өйткені, басқа дуандарға қазақтар, төрелер орнына ояздыққа орыстар келіп жатқан болатын. Губернатор патша алдындағы Қоңырқұлжа беделін сыйлай ма, әзірге мазаламай жүрген. Дегенмен, Карбышевтің келуінде бір сыр барын, бір мән барын Шоң да білді. Карбышевтің Қоңырқұлжамен көңілдері жақын еді. Бір кезде оның әкесі Иван Ақмола бекінісінің бастағы болған. Кенесарымен соғыста жараланып қайтыс болған. Ол кезде бұл баласы Омбының кадеттер дайындайтын мектебіне жаңа ғана түскен кезі еді. Әкесі өлегн соң генерал-губернатор, князь В.Д.Горшаков баласын қарамағына қызметке алған еді. Ол губернатор жанындағы дуандардың өкілі болатын. Ақмолада қандай шаруа болмасын оның араласуынсыз шешілмейтін. Сондықтан да Карбышев айына кем дегенде бір рет Ақмолаға келіп жүретін.

Мұнда әкесінің салдырған үйі бар болатын. Кенесары талқнадап кеткеннен соң, оын баласы қалпына келтірген. Шешесі, қарындасымен інісі тұрып жатқан. Кенесарымен соғыс кезінде оларды Қоңырқұлжа ретін тауып тығып қойған. Кейін оларды Карбышев мына қалың төрелермен, қазақтан аулақтау үшін Омбыға көшіріп әкеткен.

Карбышев әкесі өлгеннен кейін үйін ғана емес, шаруашылығын да ретке келтірген. Біраз мал да жинап алған. Оларға қамқор болып отырған Қоңырқұлжа еді. Қоңырқұлжамен әкесінің көңілдері жарасқан достар еді. Баласы мен сұлтанның да арасында сондай сыйластық орнаған еді.

Соңғы кезде Карбышевтің келуі тіптен жи іледі. Алайда, дуанды уезге айналдыру туралы әлі сөз болған жоқ еді. Сұлтан маңайындағы дуандар уезге айналып жатса даөзі тірі тұрғанда тиіспейтініне сенімді еді. Өйткені, анада бір Карбышевтен сұрағанда ол, Қоңырқұлжа Құдаймендинович сізге тисіпейді ғой, сіздің еңбегіңізді жоғары жақ бағалайды сияқты сөз айтқан. Мына сөз өз ойынан дәл шықты, уезге айналдырса да өз орнында қалатынына сенімі мол еді. Сұлтанның бір қаупі айналасындағы уезге айналған бұрвнғв дуандарға орыстарды қойып жатыр. Карбышев келген сайын Қоңырқұлжаға жолығып сағаттар бойы оңаша әңгімелесетін. Шоң бұ үйде тұрғанмен сұлтан мен губернатор өкілінің бір отырысына қатысқан емес. Сұлтан ең ақыры күйеу баласы Ыбырайды да қатыстырмайтын. Әрқашан Қоңырқұлжа мен Карбышевтің әңгімелері оңаша өтетін.

Соңғы бір келгенде Қаниса отырғанда дастархан басында Карбышев Қоңырқұлжаға айтқан:

Қоңырқұлжа Құдаймендинович сіз аурусыз, орныңызға басқабіреуді қоюыңыз керек. Сол арқылы дуанды басқарасыз — деген еді.

Мына сөз жаман әсер етті, сұлтан үндемей біраз отырып қалды. Карбышев те оны асықтырмай жайылған дастарханнан тамақ ішіп өзжайымен, тіл қатпай отыра берді. Дегенмен, екеуінің арасындааңдысу бар еді. Қоңырқұлжа не дерін білмей отыр, ал Карбышев болса оның не айтатынын күтуде еді.

Қоңырқұлжаның ойы орнына баласы Бекәліні қою болатын. Бұл кезде ол жаста болса Айқожа-Қарпық болысы болып бірнеше жыл істеп, кейін Карбышевтің көмегімен Омбыға барып оқуға түскен. Бекәлінің көп пара алып көзге түскенін Карбышев жақсы білетін. Нұра Тоқалары үстінен жоғары жаққа сан арыз жазған. Губернатор содан кейін оны орнынан шығартқан. Бекәлі Карбышевтің күшімен орысшасы нашар болса да Омбыға барып Төре балалары оқып жүрген әскери мектепке түскен еді. Қазір сонда оқып жатқан.

Қоңырқұлжа біраз үнсіз отырып барып айтқан, менің орныма Бекәліні қоюды жоғары жақтан сұрасақ қайтеді?

Қоңырқұлжаның мұнысы далбаса екенін, қазақ жерінде уездер құрылуына байланысты төрелерден де, қазақтардан да бұл жұмысқа адам қоймайтынын Карбышев білетін. Аға сұлтанның аузынан мынандай сөз естіп Карбышев:

— Сіз Бекәліні әуре етпеңіз, ол Омбыдағы оқуын бітірсін, оынң жағдайын кейін ойластырып жатармыз, -деді. Дуан басы етіп сіздің күйеу балаңыз Ыбырайды тағайындайық. –Карбышев Ақмола дуанын тарататынын біліп отыр еді, Қоңылқұлжа ауырып жатқалы күйеу баласы Ыбырай Жайықбаев басқаратын. Карбышев оның уақытша отырғнанын жақсы білетін. Губернатор патша алдында еңбегі бар аға сұлтанды ренжіткісі келмей отырғанын жақсы білетін. Оның денсаулығының нашар екенін губернатор да Карбышев арқылы біліп отырған еді. Бұл Ақмола дуанының әзірге уезге айналмай тұрғаны патшаға жақсы қызмет атқарған сұлтанның көңіліне қарау болатын.

Карбышевтің әйелінің ағасы губернатор қарамағында бір мықты жұмыс атқаратын. Сол да губернатор құлағына Семендіжіберудің бастығының құлағына салып қойып жүрген. Соның да сөзі себеп болды ма, губернатор бірде Карбышевтің өзіне айтқан, сен өзіңнің туған жерің Ақмола уезіне оязболып барсаң қайтеді. Бұл қызметке баруға тілек білдірушілер орыстар арасында көп болатын. Өңкей киргиздардың арасында орталықтан алыстау жерде жақсы өмір болатынын басқалар да түсінетін. Онда еркін қимылдау Омбыда, Тоболдан шалғайда жатқан жерде әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ екенін білетін. Карбышев те талай адамдардың барғысы келетін біліп жүрген. Ақмола Приказын Семеннан артық ешкім жақсы білмейтінін губернатор да түсінетін еді. Және оқу бітіргелі сонда губернатордың бақылаушысы болып істейтін. Әжептәуір, киргизшасы барын да білетін. Губерниядағы өзінің сыйлайтын адамы тілек етіп отырғаннан соң да Карбышевті лайық деп тапқан. Бұл сөз Карбышевтің де көңілінен шығып соған дайындалып жүрген. Ол әлі генерал-губернатордың айтқанын Қоңырқұлжаға да, басқа төрелерге де, әзірге ешкімге айтпаған. Сұлтанның көңілін қалдырмай жасауды ойлады. Ал, енді мына Қоңырқұлжа баласын айтып отыр. Егер Бекәлі дуан басы етіп тағайындалса оның арты шуға айналып кететінін сезіп отырған. Өзі келген соң, ол орынбасары болады. Ол өзінің жұмысына араласып есін шығаратынын білетін. Сондықтан Карбышев оның бұл жаққа келуін қаламайтын. Ертеңгі күні ешқандай сөзге түсінбейтін, кеуделі Бекәлі менің әкем осы Приказнойды басқарғанын айтып дау шығарып, бас артық шаруа жасайтынын да түсінген. Сондықтан оған барғысы келмеді. Ал Ыбырайды шығарып тастау оңай болатындай көрінді өзіне.

Әлгі Ыбырай жайлы сөзді ауру Қоңырқұлжаны ренжітпеу үшін айтып отырған еді. Бұл кезде орыстар басып алған жерлердің бәріне дуан орнына уезд құрып бітуге жақындаған. Саусақпен санарлықтай дуандар қалған еді. Губернатордың әзірге ұстап отырғандары хан тұқымдары Көкшетау жақтағы Шыңғыс пен осы Ақмоладағы Қоңырқұлжа ғана еді. Өйткені, Кенесарымен соғыс кезінде екеуіде патшаға адал беріліп қызмет екен. Олардың сонысын жоғарыда отырған патшадан бастап губернаторға дейін қадірлейтін. Карбышев сырқат Қоңырқұлжаны ренжітпеуді ойластырып отырғананын губернатор бастығының саясатын жақсы білетін. Карбышевтің Ыбырайды қояйық деуі қулығы еді. Карбышев губернаторымен ақылдасып әзірге оның орнына күйеу баласын қоюға келіскен. Губернатор онысын жөнге бағалап, солай болсынды айтқан. Бұл Ақмолаға біржола уезд бастығы болып келу алдындағы дайындығы еді. Карбышев Ыбырайды қояйық дегенде Қоңырқұлжа ренжіп қалған. Күйеу баладан гөрі іштен шыққан баласын тағайындауды лайық санап, көңілі баласына қарай бұрылып отырған. Осы арада оған Карбышев дәлелді сылтау айтып кеткен, енді бұдан былай ел басқаруға оқыған адамдарды ғана қояды. Сондықтан, Бекәлі оқуын бітіріп алсын. Ондағы ойы Бекәліні бұл жаққа жуытпау болатын. Бекәлінің де арманы анау ағасы тәрізді орысша оқып орыстардың үлкен қалаларының біреуіне тұру болатын. Осы орыс тілін білмеуінен өзі қанша қиындық көріп жүргенін ол да білетін. Анау жылдары әкесіне де Омбыға барғысы келетінін сан рет айтқан, бірақол кезде сұлтан оның мұнысын қаламаған. Баласының болыс болғанын ұнататын. Бекәлі Карбышев арқасында өз арманына жеткен. Бекәлі қазір күндіз-түні жатпай-тұрмай орыс тілін үйренуде еді. Ол биікке шығудың бір жолы орыс тілінде жатқанын білетін.

Бекәлі Омбыда оқып жүргенде сұлтан үйінде осындай әңгіме болып жатқан. Карбышевтің мына айтқаны қанша тілегінен шықпай тұрса да сұлтан ақыры, Ыбырайды қоюға келіскен. Өзінен күш кете бастаған сұлтан Карбышевтен сұраған еді.

— Генерал-губернатор осы дуандарды неге уезге айналдырып жатыр. Оған орыстарды қойып жатыр. Төрелерді басшылықтан қуудың амалы ма бұл? Төрелердің бәрі патшаға қарсы шыққан жоқ. Сол патшаны қолдаған еңбегімді бағалауы керек ғой.

Карбышевтің найза бойламайтын қулығы бар еді.

Сонысына салды:

— Қоңырқұлжа Құдайменмендинович бұл мәселе уақытша жұмыс. Жергілікті жерде тұратын қазақтар дуан басшылары пара аладыны жазатын көрінеді. Соған байланысты уақытша жасап отырғандары ғой, кейін бәрі орнына келеді.

— Қоңырқұлжаның ауруы қатты екенін, азөмірі қалғанын білетін. Алдында Карбышев Қоңырқұлжаны емдейтін дәрігерден сұрап білгенде, ол оның ауруы сүйек рагі екенін айтқан. Карбышев сұлтанның о дүниеге ренжімей кетуін ойластырып жүр еді.

Бұл сөз сұлтанның көңілінен шықпады.

— Сонда орыс шенеуніктері алмай ма? Осында жер, жайылым дауын тексеріп келген олар сан рет пара алған. Мен оны мына көзіммен көрдім. Сол туралы патшаның өзіне жазсам қайтеді?

— Сіз оған түк жасай алмайсыз. Бұл патшаның жүргізіп отырған саясаты…

Мына сөзді естігенде сұлтанның өн-бойын бір ашу жайлап кетті. Ашуды зорға басып сұлтан былай деді:

Мен өзімді ойлап отырғаным жоқ, келешекті ойлап отырмын. Менің орыныма Жәнілдә, болмаса Бекәлінің қалғанын қалаймын.

— Қоңырқұлжа Құдаймендинович, аумалы-төкпелі дүние. Амандық болса сіздің ойлағаныңыз да болып қалар, бірақ сіз асықпаңыз. Артын күтіңіз.

Карбышевтің мына айтқаны көңілінен шықпай тұрса да, Кенесары соғысы кезіндегі еңбегін ұмытпайтынына патшаға сенімді еді, ол. Қоңырқұлжа орыс саясатын әлі толық түсінбейтін.

Карбышевта Қоңырқұлжаның еңбегін қатты бағалайтын, әкесі өлген кезде соң шешесі, інісі және қарындасына қамқорлықжасап, қанаттыға қақтырмай, ауыздыға шоқтырмай дегендей күйде ұстаған осы адам болатын. Оны жақсы білетін. Әйтпесе, оларды құртып жіберетін төрелер де табылатын еді. Оның бәрін Карбышев жақсы ұғып алған. Бала кезінде өмірі осы Ақмола бекінісінде өткен оның тірлігі басқа орыстардан өзгелеу еді. Жергілікті халыққа үйренген.

Солардың салт-дәстүрін жақсы білетін. Қоңырқұлжаға ағайындас адамның екі қызы бар еді. Әке-шешесі өлген, өзіне жиен болып есептелетін, олар осы Ақмола бекетінің іргесінде тұратын. Карбышевпен туыс болу үшін, бірін ал деген. Ол он беске жаңа ғана келген жасын алған. Оларда әке-шеше жоқ, сұлтанды сыйлайтын өздеріне қамқоршы болып жүрген адамға қарсы келе алмады. Бір жағынан сұлтанның мінезін білетін қорқатын, қаймығатын. Ішкі ойларын білмей, сұлтанның айтқанына келіскен. Қыз Карбышевтің көңілінен шығып қазір заңды әйеліне айналған. Бірақ бұл құпияны Карбышев Омбы жаққа білдірмейтін. Ол жақта өзінен кәрілеу әйелі бар болатын. Оның туысқандары үлкен қызметте болғандықтан кезінде күні үшін алған еді. Әйтпесе, өзінен біраз жас үлкен орыс әйелін сүймейтін. Одан және бала да жоқ болатын.

Қай жағынан болмасын Қоңырқұлжа Карбышевті өзіне тарту жағын қазақшылықжолмен осылай ойластырып баққан. Пәлен жүзжылқыны Сібірге айдалған қазақтардан тартып әперген. Бір сөзбен айтқанда, Карбышев сұлтанға қарыздар еді. Қоңырқұлжаның Карбышевке еркін, өктем, ашық сөйлеуінің бір сыры осында жатыр еді.

Сұлтан өзінің орнына баласы Бекәліні қоймақшы болса да Карбышев те мықтылық көрсетіп, Дуан басы қызметіне Бекәліні емес, Ыбырайды қоятын болып кетті. Бұл жеңілген, ол жеңгендей болған. Қоңырқұлжаның бұған қарсы амалы жоқеді. Қандай қарсылық көрсеткенімен Карбышевтің күшті екенін іштей сезетін.

Өйткені, жоғарыда отырғандар өзін емес, қазіргі жағдайда соны қолдайтынына көзі жеткен. Бір кезде Кенесарыға дес бермеген сұлтанның амалсыздығы еді, бұл.

Ол кеткен соң көңілін мазалаған жағдайды бәйбішесі Қанисаға айтқан еді. Генерал-губернаторға орныма баламды қойды айтып хат жазбақшы ойы болатын. Әуелі бәйбішесі Қанисамен ақылдасып алмақшы болды. Әйелдер ішінде осы әйелін тыңдайтын. Ешнәрсені одан жасырмайтын. Онымен ақылдасып отыратын. Барлық жағдайды әйеліне жайып салды. Бекәлі қара қазақтан туса да оның пысықтығын көңіліне демеу ететін. Өйткені, өзінің қанынан жаралған, жанына жақын еді. Көңілі Ыбырайдан ғөрі соны қалап отырған. Қоңырқұлжа ойын Қанисадан жасырған жоқ.

— Қаниса менің жағдайымды көріп отырсың. Менен күш азайды, орныма Бекәліні тағайындау ойым бар. Анау Карбышев көнбей отыр. Ана Ыбырайды қояйық дейді.

Ал Қанис а қара қазақтан туған Бекәлі қанша бауырында өссе де онша қаламайтын. Қаниса туған қызының қасында жатқан Ыбырайға көңіл бөлетін. Қаниса турасына бармай басқаша сөйледі.

— Бекәлі оқып жүр ғой, оқысын. Сұлтеке, сізешнәрседен де ұтылған жоқсыз, күйеу балада бөтен емес, сол тұрса тұрсын, — деді бәйбішесі Қаниса. Мына сөзден кейін сұлтан сөзі біті қалғандай болды. Қоңырқұлжа іште жатқан күдігін де жасырып жатқан жоқ, әйелінен.

— Мен алдағы жағдайды ойлап отырмын. Ол оқу бітіргенше мен боламын ба, болмаймын ба, кім білген. Мен өлген соң оны менің орныма жуытпай ма, деп қорқамын. Әне, Жәнілдә жүр ғой, сонау орыстардың арасына шығып кетті. Ол жақта көбінің бірі болып жүр. Бұл жақта Бекәлінің өзі би, өзі қожа болғанын көргім келеді.

Енді не істейсіз, Карбышевте өзі емес, губернатордың айтқанын жасап отыр ғой, ол да. –Әйелінің мына сөзінен кейін Қоңырқұлжа біржола қойған сөзді.

Ауызының салымы бар екен, ойламаған жерден Ыбырай Жайықбаев атқа мінді. Мұның орысшасы да шамалы еді. Ескіше де оқымаған. Төре болғандықтан Қоңырқұлжаның көңілін тауып, үлкен қызын алған, кезінде…

Сол жолы Карбышев кетер алдында Қоңырқұлжамен келіскеннен кейін дуан кеңесіндегі Қоңырқұлжаның кабинетіне Ыбырайды отырғызып кеткен. Барлық қызметкерлерді жинап алып айтқан: «Бұдан былай осы кеңсенің билігі осы кісідеболады» -деп. Ешкім үндеген жоқ. Губернатор өкіліне кім не десін! Әйтпесе, мұндаотырған төрелер де, орыстар да Ыбырайды ұнатпайтын.

Дуан басы отырғаннан кейін осында тілмаш, әрі Қоңырқұлжаның тапсырмаларымен онда-мұндабарып жүретін Шоңды Ыбырай Жайықбаев шақырып алды. Қоңырқұлжаға орысша кітап оқып, газет-журналда жазылғандардыайтып беруде Шоң таптырмайтын адам екеін біліп алған. Оны өз көзімен көріп жүріп, бұл жігіттің орыс тілін толық меңгергенін білетін. Оның үстіне әкесі де, сұлтанмен дос болып қалғанын байқаған.

Шоң атасының үйінде жатқаннан бері Ыбырай да іш тартып, кейбір мәселелерде Шоңмен ақылдасып отыратын. Оның білгірлігіне әбден қанып алған. Дуан басы болып тағайындалғаннан кейін бұлда Шоңға атасының әдісін қолданды. Бір күні Шоңды шақырып алып сөз бастаған.

— Сені Қонекең жақсы көреді. Менің де көңілім саған сондай. Мен бұл жұмысқа жаңа кірісіп жатырмын. Сенің жақсы орысшаң бар. Маған жоғары жаққа жазылатын қағаздарға көмектес. Басқаларға сенбеймін.

Шоң Ыбырайдың жақсы райлы сөзіне қуанып қалды:

— Ыбеке, мен қолдан келген көмегімді аямаймын. Шама келгенше жасаймын…

Ыбырай сол күні-ақ Шоңның өзіне жеке кабинет берді. Бұрын екі орыс Герасимов, Попов және заседательдер қағзадарын қазақша қарап отыратын төрелер Қосыбай Бабыков, Нөгербек Көшеновпен бірге отыратын. Енді, міне, ойламаған жерден дәрежесі өсіп шыға келді. Бұрын қасында отырғандар жап-жас балаға жеке кабинет бергенін жақтырмай қалған, әсіресе, ана екі төре. Шоң оны бірден сезді.

Ыбеке, мен аналарға бастықсияқты көрінбей, әзірге солармен бірге отырайын, — деді.

Ыбырай Шоң аузынан мынадай сөз естіп, тас-талқан болып ашуланды.

Сен өзің қызық жігіт екенсің. Олар келешегі жоқ адамдар. Ал сенің үлкен ертеңің бар. Амандық болса сен осы дуандағы бір деген адам болғалы тұрсың. Сен сондықтан оларға қарама! Менің айтқанымды тыңдап жұмыс істей бер. Олар адал жұмыс істемейді, білімдері бар шамалы. Бұрын Қонекең көңілін тауып жұмысқа тұрып алған. Менің ойымнан шықпаса екеуін де қуамын.

Ыбырай да сұлтан тәрізді Омбыдан келетін қағаздардың бәрін алдымен Шоңға оқытып, ол жаққа кететін қағаздарын жаздыратын. Өзі орысша білмесе де орыстармен жиі қатынасу нәтижесінде орысша жазғандарды бұл да ьтасы тәрізді жақсы ұғатын еді. Енді қандай шаруа болмасын Ыбырай Шоңмен ақылдасып отырып жасайтын болды.

Бұл кезде қазақ жеріне орыстардың көшіп келуі басталған еді. Бұрынғадай бекіністерге емес, енді Ақмола қаласына жақын жерлерге, Нұра бойына да келіпқоныстанып жатты. Соған орай, орыстар мен қазақтар арасында дау-жанжал көбейе берді. Мұндай жанжалға Ыбырайдың өзі бармайтын, өзі сырт қалатын да, сен орысша білесінге салып Шоңдыжі беретін. Шоң да дуан басы саясатын, мінезін түсініп алған. Ертеңгі күні бір мәселені дұрыс шешпесе Ыбырайдың өзін ұстап беретінін сезетін. Сондықтан қандай іс-болмасын әділ шешуге тырысатын Шоң. Ілуде-шалуда болмаса, қандай жағдайда болмасын екі жақты да риза етіп қайтатын.

Ақмолаға жақын, Нұра өзенінің бойына бір топ казак-орыстар келіп қоныстанған еді. Әсіресе, бұл мәселеге байланысты Қорғалжын маңындағы Темештерден көп шағым түсіп жататын. Оларды шабындарына жуытпайтын, тіпті, оларға жақын жерден малдарды суарудың өзі қиындап кеткенін жазатын. Оған дуан басы көбіне Шоңды жіберетін. Ыбырай жүрер кезде Шоңға ананы былай шеш, мынаны олай шеш сияқты бастық ретінде кеңес беріп отыратын. Ең қиыны осы еді. Ыбырай айтқандай бола бермейтін, олай жасаса Шоң даудың тіптен шатасатынын білетін. Шоң қанша дұрыс шешкенімен орыстар, қазақ арасында шу шыға беретін. Бұл жағдай тіптен өріс алып, орыстар арызды губернаторга дейін жазатын. Дау, жанжал өршіп, тоқтамайтын еді.

Қазақтар жер біздікі айтып күш көрсетсе, келгендер бізді патша жібердідеп шіренеді.

Бұл кезде орыстар Ақмола бекінісінде ғана тұрса, енді казак-орыстар өзалдына заемка болып қала маңына қоныстанған. Шоң орыстардың көшіп келуі жиілей бастағанынан қорқатын. Түбінде қазақтан орыс көбейіп кетсе, онда қазақтардың көп нәрседен ұтылатынын іші сезетін.

Жаңа ғана дуанды басқарған Ыбырайға бұл шаруа оңай тимеді. Бірақ ол барлық жауапкершілікті басқа адамдарға жүктеуге әбден шеберленіп алған болатын. Өздері істемей басқаға жүктеу төрелердің қанында бар еді. Шоң тәрізді адамдарға арта салатын. Ыбырай ауырдың үстінен, жеңілдің астымен жүріп жатты. Орыстардың көшіп келуі көбейгелі жоғары жақтан тексерулер де жиіледі. Ыбырай бұндай тексерулермен бармайтын. Көбіне Шоңды жұмсайтын еді. Уақыт өткен сайын қазақ пен орыстардың арасындағы бітпейтін дау көбейе түсті. Тексеру көңілдерінен шықпаса орысы да, қазағы да жоғары жаққа жазып жіберетін.

Ондайдан Ыбырай жаман қорқатын. Мұндай даулардан сырт қалуға тырысатын. Қандай дау болмасын Шоңның өз орнымен шешетініне көзі жете бастаған еді. Сондықтан көбіне соны жіберетін.

Шоң бармаймын деп айта алмайды. Әуеліндегі Ыбыраймен келісімі солай. Шоң түбінде басқа дуандар тәрізді бұнда орыс келетінін білетін. Ал, қазіргі бастық Ыбырай, онымен ақылдаспай шешуге болмайды. Сондықтан да дуан басы көңілінен шығуға тырысатын. Басқа амал жоқ еді. Шоң осылай екі оттың арасында қалғандай. Арманы Омбыға барып оқуға түсу еді. Бірақ Ыбырай қағазынсыз онда қабылдамайтынын білетін. Және түскен күнде артынан жамандап қағаз жазып жіберуі мүмкін. Сондықтан оның айтқандарын орындау керектігін түсінетін.

Шоң өкілдерінің көңілінен шықты

Ақмола қаласына жақын Нұра бойына екі заемка казак-орыстар қоныстанғалы дау да, жанжал да көбейіп кетті. Бұлар Ақмолаға жақын жерге алғашқы көшіп келген қоныстанушылардың бірі болатын. Олар жақын жатқан Темештермен жанжалдаса беретін. Көшіп келгендердің біразы Кенесары көтерілісін басуға қатысқан казактар болатын. Сондықтан олар дуан басшылары бізді тыңдауға тиіс деп есептейтін. Жоғарыда отырған басшылар олардықатты құрметтейтін. Олар қалаға жақын осы араны таңдап алған. Патшаға шын берілген адамдар еді. Орыс жерінде отырған помещиктермен көңілдері онша жақсы болмай, осылай қарай сұранған соң жіберген. Оларды қалаға жақын жерге орналасқанын Омбыда құптаған еді. Жоғары жақтың ойлары мен бұлардың мақсаттары бір жерден шыққандай болған. Ертеңгі күні Кенесары тәрізділері көтеріліс жасаса Ақмола қаласын қорғайтын осылар болатынына жоғары жақ сенімді еді.

Әскери қызметті атқарғаннан кейін орыс казактары қалаға жуымайтын. Олар орыстардан бөлек өз алдына заемке болып отыруды ұнататын. Бқл қасиет олардың қанында бар еді. Осылай қала түбінде Романовка, Рождественка заемкалары пайда болған. Казак-орыстардың өздерін әскери тәртіппен ұстайтыны қанда бар еді.

Оларда қару-жарақ мол болатын. Пулеметтерден бастап, әрбір мүшесінде мылтық болатын. Олар өздерін жоғарғы жақ қадірлейтінін білетін, соған орай жергілікті халыққа мінез көрсетіп отыратын. Турасын айтқанда, жергілікті халықты адамға санамайтын. Ыбырайда олардың осындай қылықтарын білетін. Оларға шамасы келмейтінін түсініп, аулақ жүретін. Казак –орыстардың қаруы бар, бақшаларына түскен қазақтардың малдарын атып та тастайтын. Ыбырай қарамағында істейтін орыстарды да, төрелердіде сан рет жіберіп орыс-казактарына қойғыза алмай қалған. Олардың үстінен арыз айтып келетін негізінен Темештер еді. Ыбырайға сан келген. Ол да сонау Қоңырқұлжа кезіндегідей емес, дуан басы болу енді орыстардың келіне байланысты қиындай түскенін сезетін. Оның үстіне орыс замекаларының адамдары оынң сөзін тыңдай қоймайтын. Ыбырай қайтсе де орнында қалу үшін көбіне орыстарға қазақтарды да жығып беріп отыратын. Қазақтар да жай жатпайтын, орыстардың малын ұрлап, өзен жағасында жатқан шошқаларын жарып кететінді шығарды. Жанжал ушығып сонау Омбыға жеткен еді. Бұл дауды тексеруге ол жақтан екі орыс келе жатқанын естіп Ыбырай қала түбіндегі үйіне барып жатып алған. Шоңға сен солармен бірге қасында бол деді.

Омбыдан келген орыстардың беті қатты еді. Олардың дау жасаушыларға жүрер алдында Ыбырайды шақырып еді, ол ауырып жатқанын айтып келмеген. Шоңды арнайы шақырып алып айтқан, олармен сен барасың, тек маған сөз келмеу жағын ойластыр. Ана Темеш болысыңа айт, басы артық сөз болмасын. Егер менің айтқанымды орындамаса ертең болыс сайлауында шығарып тастайтынымды жеткіз деген еді. Бұл Ыбырайдың болыстарды қорқытып, өз айтқанын жасатудың бір амалы еді.

Шаң содан Омбыдан келген адамдармен бірге кеткен еді. Былай шыққан соң Омбыдан келген орыстың біреуі сұрады.

— Бұл Приказной басының ауруы не ауру?

Алдында Ыбырай Шоңға айтып қойған еді, қай жері ауырадыдесе екі аяғынан жүре алмайтынын айт деген. Шоң солай айтты. Неге екенін кім білген, мына жауап өкіл бастығының қанағаттырмаған тәрізді, үндемей қалған. Қасындағы орыс:

— Олай болса жұмысты басқа бір адамға бермей ме? –деді.

— Сонау Шыңғыс хан заманынан елбасқару төрелерге берілген. Патша заңы да, оны қолдап келе жатқан жоқ па?

Қоңырқұлжа ауырып қалған соң, оның орнына төре, әрі күйеу баласы болған соң Жайықбаевты қойған.

Өкілдердің бастығы айтқан, ел басқаруды орыстарға беріп жатыр ғой, бұл төреге неге берген?

Шоң мына орыстың әдейі айтып тұр ма, әлде шын білмей ме, мына сөзіне түсінбеді. Бір пәлеге қаламынды ойлап, менің міндетім тапсырған шаруаны орындап, жоғарыға жазылатын қағаздардыреттеу. Приказнойдың басқа шаруасына араласпаймын деген. Әңгіме бұдан әрі дамымады. Сөз осымен бітіп қалғандай болды.

Әуелі олар орыстардың Рождественка деген заемкасына келді. Бұнда жиырмаға жуық үй бар еді. Ат басын олар староста уйіне әкеп тіреген. Заемканың старостасы сөзге шебер шал еді. Алдында бір-екі рет сөйлескенде Шоң байқаған болатын. Қазір де сонысына салып кетті. Сөзді әріден бастаған еді.

— Біз Волга бойынша дұрыс отырған едік, Санкт-Петербургте туысы бар бір помещикке біздің жерімізді алып беру үшін осы жаққа жіберді. Біздің патша алдындаеңбегіміз бар. Оны естен шығармаңдар. Осылай жіберіп біздің тыныш өмірімізді бұзды. Мына киргиздар үнемі жанжал шығарып отырады. Соны шешіңдер. Олай болмаса біз енді патшаның өзіне жазамыз.

Мына сөзді естігенде Омбыдан келген өкілдер сасып қалды да, бастық тұрып айтқан:

— Ол киргиздардың ретін табамыз. Айтқанды орындамаса, Сібірге айдаймыз. Сіз дұрыстап айтыңызшы, оларға қояр қандай кінәларіңіз бар?

— Олардың жылқылары көп екен. Шапқан шөбімізді шашып, жеп кетеді. Айтсақ тыңдамайды, жылқыларын осылай қарай қоя береді. Онымен қоймайды, біздің малдарымызды ұрлайды. Шошқамызды жарып кетеді. Бұны қоймаса, біз мылтық қолданамыз. Тура атып тастаймыз өздерін де, малдарын да.

Мына сөздер өкілдердің бастығының көңілінен шықпады ма, ренжіп тіл қатты.

— Біреуін атасыңдар, екеуін атасыңдар, содан кейін киргиздар сендерге тіптен өшігіп алады. Оның арты үлкен бунтқа айналып кетеді. Сонда қайтесіңдер?

Староста да болмайтын адам еді. Тіптен, өршеленіп кетті.

— Айналса айналсын, сендер тәртіпке сала алмасаңдар, біз солай жасаймыз. Басқа амал жоқ. Сен өзің не айтып отырсың? — деп сөзін өкілге күш көрсеткендей етіп аяқтады.

— Сіз бұл сөзді қызбалықпен айтып отырсыз. Бір кезде Кенесары деген сұлтан елді жинап, көтеріліс ашып, мына Ақмоланы жермен жексен етіп өртеп кеткен. Ертеңгі күні айтып отырған киргиздар соны қайталайды. Бір түнде сіздердің заемкаларыңызды да жоқ етеді. Сонда не істейсіздер?

— Ол соғысқа менің інім қатысқан. Қазір бір аяғынан кемшілік тартып үйінде жатыр. Киргиздардың біразын Сібірге айдау керек, сонда олардың ақылдары кіреді, — деді староста.

Шоң бұл сөзді мына старостаның аузынан сан есітген, енді келіп мына Омбыдан келген өкілге тағы айтып отыр.

Бесплатный фрагмент закончился.

Купите книгу, чтобы продолжить чтение.

Введите сумму не менее null ₽, если хотите поддержать автора, или скачайте книгу бесплатно.Подробнее