12+
Арыстан баб кесенесі жанында өткізілген қорытынды семинар

Бесплатный фрагмент - Арыстан баб кесенесі жанында өткізілген қорытынды семинар

О книгеотзывыОглавлениеУ этой книги нет оглавленияЧитать фрагмент

Педагогикалық қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті мен кәсіби мәнді сапаларын дамыту үшін біліктілікті арттыру жұмысындағы тәжірибеге түбегейлі өзгерістер енгізуді, мамандардың кәсіби құзырлы болуын қамтамасыз ететін оқыту модельдері негізінде білім көтерушінің өзін-өзі өзгертуге әкелетін әлеуетіне әсер ететін біліктілікті арттырудың жаңа дидактикасының жасалуы кезек күттірмейтін істердің бірі. Педагогикалық әрекетте шығармашылық деңгейіне көтерілу үшін ұстаздардың ішкі әлеуетін ашудың мәні зор. Белгілі бір нәтижеге жету үшін жұмсалатын қор, ішкі мүмкіндіктер көзі деген мағына. Әлеуеті жоғары мамандар — елестің, интуицияның күшті дамуымен, қалыптан тыс өнімді ойлай алуымен, өзін-өзі көрсете білуімен, әрекет барысында ішкі күштерін жылдам жұмылдыра алушылығымен сипатталады.

Осы тұрғыда біліктілікті арттырудағы ұстаздардың өз санасын дамытуын, өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін қалыптастыруды, кәсіби шығармашылықтың биіктеріне қол жеткізуді көздеген 45minut.kz, bilimnur.kz басылымының редакторы Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев жыл бойы атқарылған еңбекті екшелеп, «Бір жағадан бас, бір жағадан жең» дегендей, Оңтүстік өлкесінде ұстаздардың басын қосып, оларға тосын сый жасап, қуаныш сыйлады. Тамыз айының 19—20 жұлдыздары аралығында бір жыл бойы 45 minut.kz, bilimnur.kz басылымында жүргізілген Акцияның (байқаудың), өлкелерде өткізілген семинарлардың, азды-көпті атқарылған жалпы жұмыстардың нәтижесі ретінде «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» ақпараттық қорытынды семинары Арыстан баб кесенесінің жанында орналасқан Фараб қонақ үйінде ұйымдастыруымен өткізілді.