6+
Алтын сақа

Объем: 8 бумажных стр.

Формат: epub, fb2, pdfRead, mobi

Подробнее
О книгеотзывыОглавлениеУ этой книги нет оглавленияЧитать фрагмент

Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да суға жаба алмайды. Сол кезде бай тұрып, судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да байдың жағасынан ала кетеді. Бай көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге:

— Ат басындай алтын берейін, қоя бер, — дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді.

— Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер, — дейді. Кемпір көнбейді. Кемпірден сасып:

— Енді не берейін? — дейді бай. Кемпір:

— Жалғыз балаңды бер, жіберейін, — дейді. Бай жалғыз баласын бермек болады, кемпір байды қоя береді. Кемпір байға:

— Балаңды қай жерде бересің? — дейді. Сонда бай:

— Ертең көшемін, сонда баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырасың, — дейді.

Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап, кетіп қалады. Ертеңінде көшеді, жалғыз баласының алтын сақасын ұмыттырып, жұртқа тастап кетеді. Ауыл жаңа қонысқа көшіп барады. Асық ойнайын десе, сақасы жоқ, бала алтын сақасын жоқтап, жылайды.

Сонда әкесі:

— Кеше көшіп жүргенде, жұртта қалыпты. Барып алып келе ғой, — дейді.

Бала бармақшы болады да әкесінен:

— Әке, қандай тайға мініп барайын? — деп сұрайды.

Бесплатный фрагмент закончился.

Купите книгу, чтобы продолжить чтение.