16+
Қызым саған айтам...

Бесплатный фрагмент - Қызым саған айтам...

Қыздар қауымына ақыл — кеңестер

Объем: 10 бумажных стр.

Формат: epub, fb2, pdfRead, mobi

Подробнее

Қызым саған айтам…

Бойжеткен — кәмелетке толған әйел жынысты адам.

Қазіргі кезде ер-азаматтармен бірдей құқылы. Есі мен денесі өзіне ғана тиісті болғандықтан, заң мен қоғам алдында ер-азаматтармен бірдей жауапты. Сексиситті және патриархтық мәдениет қалыптастырған халық түсінігінде бойжеткен бейнесі жастық пен әдеміліктің, сұлулық пен әдептіліктің символы болып қалыптасқан. Көне, дәстүрлі ортада он үш жасқа толған қыз бойжеткен саналған. Көне қазақ ұғымында бойжеткен уыздай тәтті еркелігімен, назды қылығымен ерекшеленіп, өз абыройын, намысын берік қорғайтын, инабатты, биязы ару болу керек деп саналған. Қыз баланың бойжетуін үлкен бақыт санап, оның ерікті болуын қалаған. Елі, рулы қауымы жат жұрттық саналатын қызды оң жаққа төрге отырғызып еркелеткен, «Қызға қырық үйден тыю» жасап, намысын қорғап, арының аяқасты болмауын қадағалаған. Жеңгелері бойжеткенге «еркежан», «сырғалым», «күлімкөзім», «ақмаңдайлым» деп ат қойып, қашан «жат жұрттық» болғанша аялап өсіруді міндетіне алған. Бойжеткенге қойылатын қатаң талап ізетті болу, әсем киінумен ғана шектелмей, адам болмысын айқындайтын әкені күту, шешені сыйлау, ұлттық салт-дәстүрлерді түгел меңгеріп, өнерпаз әрі іскер болу т.б. талаптары жүктелген. Оған салт жырларын үйретіп, халықтық тәлімдік ұғымдардан мол түсінік алуын қамтамасыз еткен. Бойжеткен — отбасының ұйытқысы болатын болашақ асыл жар, ұрпақ тәрбиелейтін ертеңгі ана деп қарастырылған. Сондықтан бойжеткен тәрбиесіне қатты көңіл бөліп, оның бойына өнегелі қасиеттерді дарытуды ұлттық парыз деп санаған. Бойжеткенді жұрты түгел мәпелеп өсіріп, жақсы тәрбиеге баулыған.

Бесплатный фрагмент закончился.

Купите книгу, чтобы продолжить чтение.