электронная
72
печатная A5
417
12+
Тинейджерлерге арналған қаржы

Бесплатный фрагмент - Тинейджерлерге арналған қаржы

Балалар мен ата-аналарға арналған кітап

Объем:
158 стр.
Возрастное ограничение:
12+
ISBN:
978-5-4490-3373-4
электронная
от 72
печатная A5
от 417

Тинейджерлерге арналған
қаржы

Жасы: 10+

Иллюстрациялаушы: Нечипоренко В. / √aleria

Редактор: Бердычевская Е.

Алғы сөз

Аринаға, Дениге, Жозефинаға, Машаға, Матвейге және Семенға

30 жасымда қаржы туралы мүлдем ЕШТЕҢЕ білмейтінімді түсіндім. Осы кітабымда сипатталған қарапайым нәрселерді түсінгенімде, жеке қаржыларда да, бизнесте де көптеген қателіктерге жол бермейтіндігіме сенімдімін. Қаржылық әлемді түсіну — саған өмірде үлкен көмек көрсетеді. Бұл тек сен үшін ғана емес, сені қоршаған жақын адамдарға, достарыңмен және үлкен адамдармен қарым-қатынасың үшін де маңызды. Мен кітабымды бір жылға жуық жаздым, сол уақыт бойынша саяхаттап, әртүрлі елдердің адамдарымен танысып, олар қандай жастан бастап қаржылық сауаттылыққа үйрене бастады, жеке тәжірибелерін және қаржыларын қалай басқаратынын сұрадым. Дамыған елдердің адамдары географияны немесе тариxты білмеуі де мүмкін, бірақ ақшаны жинауды, қалай өмір сүруді, саяxаттауды, және де өзінің қаржылық өмірін бақылау қаншалықты маңызды екенін өте жақсы білді. Осы елдерде қаржылық сауаттылыққа балалар 12 жасынан және одан да ерте үйреніп бастайды. Ал кедей елдердің тұрғындарының көбісі, тіпті ересек адамдардың арасында қаржы туралы ештеңе білмеді, ақшаның жоқтығына және де қарыздар мен несиелердің болғанына шағымданды. Олар ересек өмірге қаржы туралы ештеңе білмей қадам жасады.

Әрине, тарихты, географияны және мектепте сабақ беретін басқа да пәндерді білу маңызды. Бірақ, ересек адамның өміріне қадам басқанда, біріншіден пайдалы болатын ол — өз қаржыңмен жұмыс істеу, ақша мен құнды қағаздардың жұмысын түсіну, жұмысыңды құрметтеу және оның қаржылық нәтижелерін түсіну. Мен бұл кітаптің саған көмектесетініне сенімдімін!

Тарау 1. Ақшаның пайда болу тарихы

Бұрынғы кездері ақша тіпті болмайтын. Олар керек емес еді. Өйткені барлық қажет заттарды адамдар өз қолдарынан жасаған. Азық-түлікті, киім-кешекті және басқа өмірлік қуаныштарды отбасы, кейінірек тайпаларға біріккен отбасылар, өз бетімен өндірген және тұтынған.

Бірақ сен білесің, әрбір адамның, немесе ежелгі адамдардың жағдайында — тайпалардың өз таланттары мен қабілеттері бар.

Мысалы, Чунга тайпасының бақшасында дәмді құлпынай мен тәтті алма өседі, ал Чанга тайпасында сиыр бұзау әкеліп, көп сүт берген. Чунга тайпасы ақшасы болмай, еттен жасалған ас және таза сүт ішкісі келсе не істеу керек? Бірақ оларда көп құлпынай және тәтті алма бар. Қарапайым шешім — Чанга тайпасына барып, олардың өнімдері үшін өз өнімдерін ұсынуға болады.

Осылай алмасу пайда болды. Ежелгі адамдар өз өнімдерінің артықшылықтарын бір-бірімен алмасатын болды.

Алмасудың өз кемшіліктері болды. Егер, мысалы, Чанга тайпасы бір сиырды сатып алғысы келсе не істейді? Чунга тайпасына құлпынай мен алманы қанша беру керек? Есептеуді қалай дұрыс жасау керек? Логикалық тұрғыдан алғанда, бір сиырдың құны едәуір көп мөлшердегі жеміс-жидектен тұрады. Ал егер, Чунга тайпасына көптеген жемістер қажет емес болса?

Алмасу мәселелерін шешу үшін ежелгі адамдар тұзға, жануарларға, найзаларға, жебелерге, балық ілгегіне, жануарлардың терісіне, дәнге, теңіз айғұлағына және үй шаруашылығына лайық басқа да маңызды заттарға заманауи ақшаның қасиеттерін берген. Яғни, ақшаның рөлінде ең оңай айырбасталатын, ең танымал өнімдер болған. Бірақ мұндай алмасу әрдайым ыңғайлы болған жоқ, өйткені ежелгі нарықта бірдей өнімдердің асып түсуі арқылы сатушы сатып алушысыз қалуы мүмкін еді, демек өмірге керекті өнімдерсіз қалған.

Алмасуға кең мүмкүндіктер болу үшін адамдарға ұзақ уақыт бойы сақталынатын және кез-келген уақытта қалаған өнімдерге алмасуға мүмкүндік беретін әмбебап тауар керек болды.

Сол кезде металдар мен асыл тастар алмасу өнімдерінің бірі болды. Кішкентай бір уыс әдемі тастарға үлкен бизон сатып алуға болатын еді. Мыстың бір кішкентай кесегі үшін тауық пен дән, қоланың кішкентай кесегі үшін тұз, азық-түлік және жануарлардың терісін алатын еді.

Неліктен адамдар металдарды және асыл тастарды алмастыру үшін алған? Оларды жеуге немесе киюге болмайды ғой? Біріншіден, металдар еңбек құралдары мен жауларға қарсы қорғаныс құралдарын дайындау үшін қажет болды — металдан жасалған жебелер, найзалар, балық аулайтын ілгектер, тұрмыстық ыдыс-аяқтар ағаштан жасалған құралдарға қарағанда ұзақ қызмет ететін еді. Екіншіден, ежелгі адамдар біздерден кем болған жоқ, әдемі болуға тырысып, әдемі нәрселерді жақсы көрді. Сонымен қатар ежелгі құдайларға терең сенді. Металдардан және асыл тастардан әшекейлерді, қасиетті ыдыстарды, құдайлар бейнелерін жасады. Адамда металдан жасалған әдемі және жоғары сапалы заттардың болуы басқалардың көз алдында бай екендігін көрсетті, және де оған күш пен билік сыйлады. Сондай-ақ, осындай жинақтардың болуы, кез-келген уақытта азық-түлік пен киім-кешекке алмасуға болатын мүмкіндік және де адамдарға болашаққа сенімділік беретін еді.

Неліктен алтынның кішкене бөлшегі бүкіл бизонның құнына тең келуі мімкін еді? Мүмкүн оның әдемі жарқырағанынан болар? Қалай ойлайсың? Бәрі оңай — бизон аулауға және металл өндіруге жұмсалған күш пен еңбек бірдей болды. Яғни, өнімнің құны, осы өнімді алу үшін қанша еңбек жұмсалғанына тең. Өнім неғұрлым қиынырақ және ұзағырақ шығарылған болса, соғұрлым оның бағасы да жоғары болған.

Металдар адамдар өмірінде ең өтімді айырбастау құралы ретінде бекітілді. Металдың құны оның салмағы мен сапасына қарай анықталды. Бұл ыңғайлы болған жоқ, өйткені, біріншіден, алмасу үшін таразыға ие болу керек еді, ал екіншіден, металдардың сапасын түсінбейтін адам жасанды металды нақты деп қабылдауға оңай болды.

Сондықтан металдарға жария таңба — металдың сапасы мен құнын кепілдендіретін белгі қойылып басталды. Таңбасы бар кесек металды біз қазір ақшаны қолданатын мағынада бірінші ақша деп атауға болады. Осындай таңбасы бар кесек метал белгілі бір құндылыққа ие болды. Болжаумен осындай алғашқы ақша, біздің заманымызға дейін 650-ші жылдары қазіргі Түркия аумағында, яғни 2700 жыл бұрын пайда болды.

Сұрақтар

1. Ақша дегеніміз не?

2. Ақша не үшін керек?

3. Алғашқы ақша қайда және қашан пайда болды?

4. Ақшаны не алмастыру мүмкін?

Тарау 2. Ақша құнын не анықтайды? Валюта дегеніміз не?

Ақша — бұл айырбасқа арналған әмбебап тауар, және кез-келген тауар ретінде ақшаның өз құны бар.

Сенің есіңде болар, алғашқы таңба басылған кесек метал ақшалардың құнын сол металлдың өз құны анықтаған. Яғни, ақшаның бағасын оңай анықтауға болатын. Металлдың салмағы бойынша бағасы = тиынның құны.

Уақыт өте келе, ақшаны өндіру құны тиындарда белгіленген нақты өзіндік құнынан қымбатырақ бола бастады. Мысалы, алтын сом өніміне алтын және жұмысына бір жарым сом жұмсалған. Яғни, тиын өзінде белгіленген бағадан көбірек тұратын болды. Адамдар осындай айырмашылықты қолданып, ақшаны металлға қайта балқыта бастады. Ақшаны балқыту құнын тиындарға басқа металлдар косып азайтуға тырысты, бірақ сонда да өндіру құны қымбат болды.

Амал табылды, ол — қағаз ақша. Бірақ адамдар құны тек сурет болып салынған ақшалардың шынайы екеніне сену үшін не істеу керек? Мемлекет кез келген уақытта қағаз ақшаны алтын және күміс тиындарға ауыстырып алуға болатынына кепіл берді. Осы күнге дейін мемлекет шығаратын қағаз ақша сол мемлекттің алтын қорымен кепілденеді. Яғни мемлекет оның капиталымен кепілденетін ақша көлемін өндіреді және ол оның құнын анықтайды.

«Банкнота» сөзі ағылшынша «bank note» сөзінен «банктік жазба» деген мағына білдіреді. Банкнотаның мәні — бұл банкінің шынайы ақша беру міндеттемесі, яғни, іс жүзінде банкнотаның құны жоқ. Бірақ мемлекет белгілі бір аймақта барлық азаматтарға банкнотаны заңды төлем құралы ретінде қолдануға міндеттейді.

Неге ақша арзандайды не қымбаттайды?

Ақшаның құндылығына шығарылған ақша белгілері мөлшері, мемлекеттің экономикалық жағдайы, еңбек құны және басқа да факторлар әсер етеді.

Ақшаның қанша тұратынын қалай түсінуге болады?

Әр мемлекет өзінің ақша белгілерін өзінің атымен шығарады. Ақша құнын түсінудің ең оңай жолы — бұл бір елдің ақша құнын басқа елдің ақша құны ара-қатынасын салыстыру. Бұл валюта бағамы деп аталады. Ақша — валюта. Құнындағы айырмашылық — бағам.

Мысалы, бүгінгі күнде 1 теңге = 0,0029 АҚШ доллары. Ал 5 жыл бұрын 1 теңге 0,0065 АҚШ доллар тұрды. Яғни, 1000 теңгеге 6 доллар сатып алуға болатын еді. Қалай ойлайсың не жағдай орын алды? Теңге құны азайып, ал доллар құны арта түсті.

Әдетте бағам салыстыру әлемдегі ең көп қолданылатын валюталармен жасалынады, олар:

Және де ақша құнын алмасу мүмкіндігіне немесе сатып алу мүмкіншілігіне қарай анықтауға болады. Мысалы, 100 теңгеге 1 бөлке нан алуға болады. Немесе бір теңге бір сағыз тұрады.

Егер 2000 жылы 100 теңгеге 3 бөлке нан, ал 2010 жылы 100 теңгеге 1,3 бөлке нан алуға болатын болса, қалай ойлайсың не жағдай орын алды? Дұрыс, теңге арзандады, ал нан қымбаттады.

Сұрақтар

1. Ақшаның бағасы бар ма?

2. Ақшаның қанша тұратынын қалай түсінуге болады?

3. Валюта бағамы дегеніміз не?

4. Қандай валюталарды білесің?

Тарау 3. Байлық дегеніміз не?

20 фунт жылдық табысыңда шығысың 19 фунтов 96 пенс болса — бұл бақыт. 20 фунт жылдық табысыңда шығысың 20 фунт 6 пенс болса — бұл кедейлік.

Чарльз Диккенс

Мүмкін сен бай болғың келетін шығар? Бірақ байлық не екенін сен түсінесің ба?

Мысалы, менің он екі жасар қызым бұл сұраққа бай адам ақшасы көп адам деп, ал қаншалықты көп деген сұраққа ойланып: миллион доллар деп жауап берді.

Бұл анықтама дұрыс емес. Мүлдем дұрыс емес деп айтуға болады.

Байлықты белгілі бір ақша көлемімен анықтау өте қиын. Біреу үшін байлық ол — 100 доллар. Мысалы, Африканың көптеген елдерінің тұрғындары күніне 1 доллармен күн көреді және де әрине оларға 100 доллар 100 күн көруге болатын үлкен капитал. Ал біреуге миллион доллар да мүлдем көп ақша емес.

Адамның байлығын, нақтырақ айтатын болсақ, ауқаттылығын анықтау оның табыс және шығыс көздерін ойға ала тұрып бағалаған дұрыс.

Мысалы, адам айына 50 000 ақша табады, бірақ 40 000 теңге жаратады, мұндай адамды толықтай бай адам деп атауға болады, өйткені оған керектінің бәріне оның қаржысы жетеді және тіптім кішкене қалады.

Егер адам миллион теңге ақша тауып, бірақ бір жарым миллион теңге ақша жаратса, қалай ойлайсың ол адамды бай адам деп атауға бола ма? Дұрыс, олай атауға болмайды.

Адамның табысы оның шығысынан көп болған жағдайда ғана оны бай не ауқатты деп есептеуге болады. Ал адамды кедей деп табысы шығысынан аз болғанда атауға болады.

Яғни адамды кедей не бай деп оның табысы мен шығысын толықтай талдап шыққаннан соң ғана айтуға болады.

Сонымен, бай адам бұл — өзіне ұнайтын өмірге лайық, жеткілікті табысы бар адам.

Қызықты деректер:

Егер сенің 4000 АҚШ доллар жинағын болса, сен біздің елдің 50% тұрғынынан байсың.

Егер сенде 75000 АҚШ доллар бар болса, сен әлемдегі ең бай адамдардың 10% кіресің.

Кез келген нәресте жер бетіндегі екі миллиардтан (барлығы шамамен 7 миллиард) астам адамға қарағанда бай, өйткені оның қарыздары жоқ.

Сұрақтар

1. Адамның қымбат және әдемі машинасы бар, алайда ол оны 10 миллион теңгеге кредитке алғанын және де кредитті 10 жыл бойы төлейтінін, ал жинаған жинағы 10000 теңге ғана екенін білдің. Қалай ойлайсың бұл адам бай ма? Қалай ойлайсың мұндай затты сатып алудың пайдасы бар ма?

2. Тау соқпағында лашықта тұратын дәруіш-гид тек көкөністермен тамақтанып, 10 жыл бұрын секонд-хэндта сатып алған киіммен жүреді. Ай сайынғы табысы 150 000 теңге. Ал өмір сүруіне ай сайын 50 000 теңге ғана жаратады. Жыл бойына жинағы 1 200 000 теңге болды. Қалай ойлайсың бұл адам кедей ма? Неге?

Тарау 4. Баға неге байланысты қойылады?

Баға — бұл барлық заттың өлшемі.

Константин Кушнер

Сен өміріңде неге бір зат екінші затқа қарағанда басқаша бағада тұратынын ойланып көрдің бе?

Кез келген заттың бағасы екі нәрсеге байланысты:

— Материал

— Еңбек

Материал — бұл біз ұстап, сипап, көріп және сезе алатын нәрсе.

Еңбек әр-түрлі бола алады, ол адам жасаған жұмыс және де машина жасаған жұмыс болу мүмкін.

Бірақ! Ешқандай да мінсіз машина адам бақылауынсыз жұмыс жасай алмайды, яғни, кез келген машина еңбегіне адам еңбегі қосылады.

Мысал

«Сникерс» шоколадты батончигін алайық.

Ол жасалынған материал: какао, жаңғақ, карамель.

Батончикті дайындау үшін кеткен еңбек: какао-атбас бұршақтарды, жаңғақты, қант құрағын өсіру. Жинау, тасымалдау, сақтау. Шоколадты, карамельді жасау, формаға құю. Бұның барлығы машинамен жасалынады, яғни машинаның еңбегі. Машинаны және барлық бизнес процесстерді еңбек етуші адам қадағалайды.

Сонымен, қосайық материал + еңбек = шоколадты батончик!

Күрделірек мысал

Электрондық кітап.

Қалай ойлайсың кітап жасағанда материал қолданыла ма, әлде тек еңбек қана бар ма?

Негізінде электрондық кітапта да материал қолданылады. Бұл материалды автор еңбегімен жасалынады. Кез келген материалды жасау әрдайым еңбекпен бірге жүреді. Тап осы жағдайда материал — автор жазған текст.

Электрондық кітап жасау үшін авторлық еңбекпен жасалынған ғана материал аз болады. Материалға кітапты цифрлау, иллюстрациялар жасау, электрондық үстеме жасау сияқты қосымша еңбектер қосылады.

Сонымен, қорытындылап келсек:

Материал + еңбек = электрондық кітап.

Мына заттардың құны неден тұратынын ойланып жауап бер

— Iphone. Жақсылап ойлан, неге Iphone онымен фунцкионалы бірдей басқа ұялы сымтетіктерге қарағанда қымбат тұрады?

— Сенің сүйікті онлайн ойынның?

— Нанның?

Тарау 5. Инфляция және дефляция. Бұл сөздердің сен үшін қандай мәні бар?

Өмірді бүгін сүр. Ертең қымбатқа түседі.

«Pan American» авиакомпаниясының жарнамасы

Алдыңғы тарауларда айтып кеткендей, ақша — бұл айырбас үшін арналған тауар. Ал кез келген тауардың, сонымен қатар ақшаның да өз құны бар. Ақшаның құны да кез келген тауардың құны сияқты өсу де төмендеу де мүмкін.

Инфляция — бұл ақшаның құнының төмендеуі. Дефляция — ақша құнының артуы.

Ақша қалай арзандауы мүмкін? Инфляция қалайша білінеді?

Мысал:

Сенде 200 теңге бар. 2016 жылдың жазында сен 200 теңгеге 2 батончик «Сникерс» ала аласың. 2017 жылдың қысында сен дүкенге бардың және енді сол 200 теңгеге сен тек 1 батончик «Сникерс» ала аласың. Қалай ойлайсың, не жағдай орын алды? Ақша арзандады, яғни инфляция орын алды.

Ақша құнының өзгеруі мемлекетте өндірілетін маңызды азық-түліктердің бағасына, халықтың мемлекетке төлеген салықтың соммасына және де басқа көптеген факторларға байланысты. Қаржы сауаты бар адам өз ақшасын сақтап қалу және табыстарын бақылау үшін әрдайым инфляцияны бақылап отырады. Әр түрлі дереккөздерде инфляция бойынша әр мемлекеттің болжамдары жарияланады.

Егер табыс көздерінің өсімі инфляцияға қарағанда аз болса, сен алған табыс оған дейін болған табысқа қарағанда аз деген сөз. Яғни шынайы табыс сен күткендегіден аз болады.

Мысал:

2017 жылдың басында сенің еңбекақың 100 000 теңге құрады.

2017 жылдың соңына қарай инфляция 10% құрады, ал сенің еңбекақың баяғыдай болып қалды. Бұл 2017 жылдың басында сенің еңбекақың 100 000 теңгеге тең болса, жылдың соңында сенің еңбегін10%-ға арзанырақ болып, яғни 90 000 теңге тең болады.

Қызықты дерек:

Тарихта болмаған инфляция Зимбабведе 2009 жылы болды. Жылдық инфляцияның пайызы 321 миллион құрады. Зимбваваде болған инфляцияның жалғыз артықшылығы ол мемлекет тұрғындары оңай триллионға дейін санап үйреніп алды, себебі мемлекет 100 триллион зимбабве долларлық купюрасын шығарды!

Есеп 1.

Сен Африкаға 2021 жылға саяхат жоспарлап қойдың, сапардың бағасы 1800 АҚШ долларға шығады. 1 АҚШ доллары 330 теңге тұрады. Бұл сомманы жинау үшін сен 3 жыл бойы ай сайын банкке 16000 теңгеден, яғни 50 АҚШ доллардан саламын деп шештің.

Жыл сайынғы инфляция 5% құрады және доллар бағамы авиабилет сатып алатын уақытқа келгенде 1 доллар 400 теңгеге тең болды. Теңге жиналған ақша саған Африкаға саяхатқа жете ма?

Есеп 2.

Сенің 120 000 теңге тұратын бір зат сатып алу арманың бар. Өзің не екенін ойлап тап. Сомма үлкен болғандықтан оны әке — шешеңмен бірге жинаймыз деп шештіңдер. Анаң саған ай сайын 10 000 теңгеден тәртіпті болғаның және үй шаруасында көмектескенің үшін беріп тұруға уәде берді. Бір жылда (12 айда) мемлекетте 10% инфляция болды. Қалай ойлайсың ынталанып жинаған 120 000 теңгеге армандаған затыңды ала аласың ба? Сен армандаған зат жылдың соңында қаншадан болады?

Тарау 6. Номиналды және нақты табыс. Табыс әр түрлі бола ала ма?

Сен өз ақшаңды басқарасың, не олардың жоқтығы сені басқарады

Дэйв Рэмси

Бесплатный фрагмент закончился.
Купите книгу, чтобы продолжить чтение.
электронная
от 72
печатная A5
от 417