
Кіріспе
— Бар жоғы отызақ-ақ адам ба? А неге жүз емес?! —
Алинаның ашуға булыққан, таңданысқа толы дауысы түскі саябақтың тыныштығын бұзып жіберді. Қастарынан өтіп бара жатқан, бірдей түсті спорттық киім киген жұп, арттарына бұрылып жалт қарады. Бірақ теңіздің таңғы қамыстың басындағы шықындай көз жасына булыққан қызбен, брендті көзілдірік таққан жігіттен басқа қызық ештеңе көрмей, «жай ұрысып қалған жұп шығар» деп ойлап, өз жөндеріне кете берді.
Алина алдын да әңгімелесіп отырған ауқатты жігітке сенімсіздікпен қарады. Оның есімі Арыстанбек сияқты меді, әзер есіне түсіріп, жүзіне білдіртпей қарай берді. Арыстан болса алдындары Алинаның алдынан қызыл кабриолетімен желдей, музыкасын бақыртып өткен. Жанындағы құрбыларына «Анау жігіт кім?» десе «Байдың баласы — Арыстанбек!» дейтін. Өзі бойшаң, әрі арық таза етті келген, үстіндегі жейдесі оның жылдық стипендиясының құнындай болатын, бірақ шашы салақтықпен қойылған, жас сері жігіт иығын қиқаң еткізді. Отырған орындығынан тұрып.
— Жақсы, қаламасаң — өз еркің. Мен ешкімді мәжбүрлеген емеспін. Туған күніңді өз үйіңде қарсы аларсың! — деді ол; даусы жұмсақ та әрі ызалы естілді.
— Жо-жоқ, тоқта! — деді Алина. Сәтсіз өткен күннің ызасы мен кекке деген беймәлім құлшыныс санасын тұмшалап алғанын сезді. Ол жігіттің жеңінен ұстай беріп, саусақтарының астында жұмсақ жібек матасын таныды. Биік жартастан теңізге бірінші рет секірер алдындағыдай ауыр күрсінді.
— Ммм, жарайды, келістік! — деді Алина еркелей қолын созып. Арыстанбек жымиып күлді, күлкісі көлік жүргізу мәнеріндей жеңіл, шуақты әрі қорқынышты сенімді болатын.
— Тамаша! Отызына дейін отыз адамды бақытты етсең, мен сенің ең асыл арманыңды орындаймын. «Арман» деп отырғаны — бір мың доллар болатын.
1-тарау (Сәтсіз күн)
Оның есімі Алина, және сіздің көз алдыңызда ол өміріндегі ең ақымақ бәсекелесті. Бәлкім ақмақта емес шығар? Себебі: бұл бәс оны жақсылық жасауға үйреткен еді.
Арыстанбек — Джин де, сиқыршы да емес. Ол — қаланың жартысына билік ететін ата-анасының қамқорлығын да өскен үйінің жалғыз ұлы еді. Өзіне сенімді, кейде қызғаншақ әрі қырсық жас жігіт. Оның мінезі — кейде таңғалуға, кейде ренжуге мәжбүрлейтін ерекше қырлары бар.
Алина үшін дәл сол күн — өміріндегі ең ауыр, ең қиналған сәттердің бірі болатын. Сәәәтсіііздііік… Сессиясы сәтсіз өтті. Үздік оқитын, талай сынақтан өткен Алина басты емтиханға жіберілмеді. Бір жағынан жарты жыл бойы бірге жүрген, өміріндегі ең маңызды адам санайтын Арсен деген жігіті тастап кетіп, оны Аружан деген ескі қарсылас құрбысымен жүріп кетіпті. Ең қорқыныштысы — ата-анасы еді. Оның жоғары білімге құштарлығымен, мінсіз бейнесін дәріптейтін әке-шешесі. Егер ол сүйікті анасының жүрек талмасына әкелетін сессиядағы жаңалығын үйге әкелмеуі әлдеқайда дұрыс болар еді…
2-тарау (Саябақтағы оқиға)
Университеттің есігінен шыққан сәтін де не сезінгенін білсеңіз ғой… Жанының қиналғаны сондай — соңғы үш жыл бойы азаптана ұстанған диетасын бұзуға бел буды. Ол диета оның мақтанышы, әрі басына біткен тауқыметі болатын. Ол ең майлы, соусы аққан бургерді сатып алды да, өзін нағыз қылмыскердей сезініп, парктегі орындыққа жайғасты. Бірден ыңырсып жылап, жей бастады. Соус ернінен, бетіне дейін ағып жатты. Сол бургер оның өміріндегі ең тамаша, өзі тыйым салған, әрі жұбаныш беретін жалғыз нәсесі еді.
«Сенбейсіз бе? Бірнеше жыл бойы балдыр мен көк шөптерді дәмді деп, шайнап көріңізші! Есесіне белім қылдай, терім нәзік, әдемімін!» — деп ойлады, ет пен жаңа піскен балғын нанынан ләззат ала отырып.
Көп ойланбастан ең жақын құрбысы Дианаға телефон соқты.
— Мен парктемін… — тамағына тығылған жас пен аузындағы майлы бургер оның дауысын дірілдетіп жіберді. — Бургер жеп отырмын. Арсен мені Аружанмен сатып кетті де ана ақымақ ректор емтиханнан қағып тастадыыы…
Тұтқаның арғы жағынан Диананың ащы әрі зәресі ұшқан дауысы естілді:
— Алиина, тоқташы! Соңғы бес келіден арылу үшін қаншама тер төккеніңді ұмыттың ба? Енді сол бір өткінші оқу мен сендей сұлудың қадірін білмеген оңбаған жігіт үшін қайтадан семірмекшісің бе?!
Шіркін-ай… Диананың айтқанының жаны бар. Алина ең тар джинсы шалбарына емін-еркін сыйып, Арсенге және бүкіл әлемге өзінің мінсіз екенін дәлелдеу үшін өзін әбден титықтатып қыйнап біткен болатын. Оның сыртқы әдемі келбеті — өмірдің соққыларынан қорғайтын жалғыз сауыты іспетті еді. Енді осы бір сәтсіздік үшін бәрін тәрк етіп, қайтадан сол «масқара» S өлшеміне орала ма? Жоқ, бұлай бола қоймасс…
Сәл жымиып — Сенікі дұрыс, Диана. Рахмееет көп-көп. Сен нағыз доссың!
Ол бетіндегі мінсіз макияжын бұзып, сорғалап аққан жасын сүртіп тастады. Сосын қолындағы бургерге соңғы рет қарап, кенет көңілі айнып жегісі келмей, оны жиіркене бұталардың арасына лақтырып жіберді де, өз-өзіне шабыттандырушы сөздер айта бастады:
— Мен мықтымын, менің қолымнан бәрі келеді, әлі-ақ бәрін дұрыстаймын!
— Ал менің шаш үлгімді ше? Оны да дұрыстай аласың ба? — деген ренішті дауыстан ол орнынан қалай атып тұрғанын байқамай қалды.
Жалт бұрылып қараса, артында ұзын бойлы, арықша келген жігіт тұр. Оның басында, бейне бір күлкілі тәж секілді, жартылай желінген бургер «қонақтап» қалыпты, ал мұқият сәнделген шашынан кетчуп сорғалап ағып жатыр.
Бұл «бақытты» жігітті бірден таныды — бұл Арыстанбек болатын. Ол өзінің қып-қызыл, айғайлап тұрған кабриолетімен қасынан талай рет зулап өтіп, Алинаның жүйкесіне тиетін.
«Ой, құрыдым… Бұл әлгі жартас жақтағы зәулім үйдің иесі. Қазір ашулы күзетшілері қаптап келетін шығар. Одан кейін не боларын ойлағым да келмейді…» — деп, үрейден тамағына өксік тығылды.
— Кешіріңізші, өтінемін… Мен әдейі істеген жоқпын… — Күзетшілерден қорыққаны мен сәтсіздікке толы күннің ауырлығы қабаттасып, ол енді шынымен еңіреп жылап жіберді.
Алайда, жігіт басынан бургерді қағып тастады. Кетчуп мінсіз күтілген көгалдың үстіне қып-қызыл дақ болып түсті. Достары сияқты киінген күзетшілеріне сол жерді жинауды қолын сілтеп бұйырды, ал итшабарлары лезде жылан жалағандай жинап алды. Ол Алинаның жылағанына мысықтың жылағанындай қарағандай ғана мән беріп, қасына жігіті сияқты жұбата жайғасты, ал жабыққан Алина қарсылық білдірмеді де. Сонда Арыстан:
— Қойшы енді, несіне жылайсың? Шаш үлгімді стилисім ретке келтіріп береді. Қазір қоңырау шалсам, керек болса тікұшақпен ұшып кетеді. Сосын күндегіше думан сауық кеш жасаймын!
— Ал менің өмірімді сенің стилисің түзей алмайды! Онда нағыз алай-дүлей болып жатыр! — деп жіберді Алина.
Кенеттен, өзі де күтпеген жерден, ол бұл «мажорға» ішіндегі бар мұңын төгіп салды: күл-талқаны шыққан жоспарлары, Арсеннің опасыздығы, ата-анасының алдындағы қорқынышы… Оны тегін психотерапевт ретінде пайдаланып, ішіндегі барын ақтарып, жылады. Ең бастысы — үш аптадан кейін оның туған күні. Ал ол бұл күнді ешқандай сыйлықсыз, жігітсіз және ата-анасы демалысқа уәде еткен мың долларсыз қарсы алмақ.
Жігіт мырс етіп күлді. Оның күлкісі оғаш еді — зұлымдық емес, қызығушылық пен зерттеушілік байқалады.
— Сессиядан құлағаныңа қарағанда, демалып шаршайтындай ештеңе істемеген сияқтысың ғой, — деді ол. Алина одан әрмен бетіп басып жылай жөнелді.
— Жарайды, жарайды, мен жай қалжыңдадым, — деді ол қызды тезірек сабырға шақыруға тырысып. — Тыңдашы, егер мен саған сол мың долларды берсем ше?
— Қалайша бересің? — Алина күдіктене қабақ шытты. Бұл ұсыныстың астарында бір шикілік барын іштей сезді.
— Мен үшін бұл ақша емес, диванның астында қалып қоятын ұсақ-түйек қана. Бірақ сенің менің тапсырмамды қалай орындайтыныңды тамашалау мен үшін нағыз ермек болмақ. Қосымша егер орындай алмасаң маған бір жүз доллор бересің! Бірақ біздің бәс жайлы ешкімге тіс шармайсың, шарсаң да ешкім сене қоймас…
— Нннееее! Қандай тапсырма? — Ол әңгіменің қайда кетіп бара жатқанын түсінбей, жаман ойлап мазалап, бір адым отырыс артқа жылжып, қолын иығынан алып тастады. Бойына қайтадан сенімсіздік пен сақтық оралды.
Сол сәтте «мажор» өз шарттарын айтты: егер ол туған күніне дейін отыз адамды бақытты етсе, одан мың доллар алады. Қыла алмаса ол оған жүз доллор қарыз болады…
Бұл ақылға қонымсыз, тіпті күлкілі көрінді. Бірақ Алинаның есіл дерті саяхат болғандықтан, көз алдына бірден мынадай сурет келді: аппақ құм, көгілдір теңіз, жаңа бикини киген мінсіз өзі, әдемі мінсіз пішіні және іштей бармағын тістеп, өкініп тұрған Арсен.
Бесплатный фрагмент закончился.
Купите книгу, чтобы продолжить чтение.