КҮЛГІН ҚЫЗ БЕН АЙЗЕРЕ
— Айзере, ай Айзере үйге қайт, кеш болды қызым. Ертең ойнайсыңдар.
Қаланың ортасындағы әдемі аулада ойнап жүрген балалар көп. Айзере де құрбыларымен үйшік-үйшік ойнап жүр.
— Қазір Әже, кішкене ойнай тұрайыншы.-Айзере төртінші қабаттағы Әжесінің даусын анық естіп тұрса да, ойынын қимай біраз қипақтап тұрып қалды.
АЙзере құрбысымен қоштасып, үйіне қарай бет алды. Қуыршағы қолында салбырап келеді. Бұтаның ар жағынан бір дыбысты естіп тұрып қалды. Қорқып кетті, қуыршағын қатты қысып құшақтап алды. Шегірткенің шырылы емес, торғайдың шықылығы емес, мысықтың мияуы да емес. Айзере бұрын мұндай дыбысты естіген емес. Қорқып тұрса да жақындап көргісі келді.
Бұтаның ар жағына мойнын созып еді, жылтыраған күлгін сәулені көрді. Дыбыс та сол жақтан шығып жатыр. Айзере аяғын жәй басып жақындай түсті. Бір кезде күлгін сәуле жап жарық болып өшіп-жанып, өшіп-жанып, дыбысын күшейтіп жіберді. Айзере қорқып кетті, артқа қарай жүремін деп шалынып құлады.
— Ай-ай аяғым- Айзеренің тізесі қанап кетті. Ол тізесін аузымен үрлеп отыр, көзінен мөлтілдеп жас тамшылайды.
Күлгін сәуле біртіндеп Айзереге жақындай түсті. Айзере басын көтеріп дәл қасында жанып тұрған сәулені көрді. Айзере қорқып кетті, жәйлап артқа шегіне берді. Айзере сәуленің ар жағынан өзін көрді. Ия, ия дәл өзі, бірақ шашы, қасы, кірпігі күлгін түсті. ОЛ Айзеренің қасына отырып, Айзеренің аяғын үрлей бастады. Міне қызық, қанап тұрған жарасының ізі де қалмады. Саусағымен Айзеренің көзінен аққан жасты сүртті. Саусағындағы тамшы жасқа қарап таң қалып тұрып қалды.
— Сен, сен кімсің- деді Айзере даусы дірілдеп. Орнынан тұрып үсті басын қақты.
— Мен Альфа 7- мін Күлгін планетасынан. ОЛ сәулесін өшіріп қойды.
Бесплатный фрагмент закончился.
Купите книгу, чтобы продолжить чтение.