электронная
108
печатная A5
294
12+
КӨҢІЛ ТОЛҚЫНЫ

Бесплатный фрагмент - КӨҢІЛ ТОЛҚЫНЫ

Өлеңдер жинағы

Объем:
24 стр.
Возрастное ограничение:
12+
ISBN:
978-5-0050-5670-2
электронная
от 108
печатная A5
от 294


АНА

Ана деген ең асыл жан əлемде,

Бізді əкелген аналар ғой əлемге.

Ілтипатпен махаббатпен жігіттер,

Сол анадан туғаныңды дəлелде.

Ана деген құдіретті киелі,

Әрбір адам анаға бас иеді.

Бауырына басып сені жабықсаң,

Ана ғана мейіріммен сүйеді.

Ана деген жаны таза жалғыз жан,

Əрбір үйдің отын көсеп жанғызған.

Ана адал, судан тұнық, кінəсіз,

Дəл осындай сенім күтем əр қыздан.

Ана деген өте тəтті шекер де,

Ана сүті ауызыңнан кетер ме?

Табанында жұмақ кілті ананың,

Деген сөзді айтпаған ғой бекерге.

Ана деген баға жетпес қазына,

Ана сөзі шексіз, шетсіз базына*.

Өтемеспіз ақ сүтінің борышын,

Апарсақта біз арқалап қажыға.

Ойланайық, оятайық сананы,

Сонда біздің жұлдызымыз жанады.

Қазақ деген текті халық біз едік,

Аялайық ардақтайық ананы.

Мына біздер болу үшін бағалы,

Ойланайық азаматтар шамалы.

Əлемді де тербеткен жан ана ғой,

Құрметтейік, қуантайық ананы.

Санамызда тұрсын ана есімі,

Тербетілсін əрбір үйдің бесігі.

Анамызды аяласақ, қуантсақ,

Жұмақтың да бізге ашық есігі.

Түсіндірме:

Базына* — жақын адамдардың бір-біріне асқан сыпайылықпен, көңіл аулаған сыңаймен көңілін жықпастай етіп өз ойын, тілегін жеткізуі. Бірақ бұл қолқа салу емес. Жастардың жеңгелеріне еркелеген әзілі де, құрдастар арасындағы жеңіл қалжың да Базынаға жатады. Мұндай сөз көңілге дақ салмайды, ешкімді ренжітпейді.

АНА ТІЛІ

Адаммын ана тілге бағынатын,

Ананың ақ сүтіндей табынатын.

Қазақпын, қазақ болып қала берем,

Өлсем де ана тілін сағынатын.

Ана тілін асыраған анам деп біл,

Ана тілін бесіктегі балам деп біл.

Сан ғасыр ана тілін сақтап келген,

Қазақты асқақ батыр бабам деп біл.

Ана тілмен асқақпын да, шалқақпын,

Ана тілім ұмытылса, қорқақпын.

Ана тілмен биікпін де, тектімін,

Ана тілсіз қалай адам болмақпын.

КЕШІРІМ

Тағдырыңның жапқанынша есігін,

Өкпелеуден тұрмау керек шешімің.

Айналаңа өту үшін тік қарап,

Бұл өмірде керек екен кешірім.

Кейде біреу тыжырайтып шекесін,

Әжуалап айтса-дағы кекесін.

Кешір оны, шамырқанба, шапшыма,

Сонда ғана мұратыңа жетесің.

Кешірім ет аяғыңнан шалғанда,

Жылы қара жұмбағы көп жалғанға.

Өзің кейде жасай салсаң қателік,

«Кешір» — деген сөзді айтуға арланба.

Талай пенде кектесіннен сорлаған,

Өшпендікпен өз тағдырын торлаған.

Мың кешірім сұрап тұрып Тәңірден,

Сен біреуді кешірмесең, сол жаман.

Өткен күннің сабыры екен — Кешірім,

Келер күннің рақымы екен — Кешірім.

Кешірімнің синонимі екен ғой,

Төрт әріпті АДАМ деген есімің.

ҚАРИЯНЫҢ ӘҢГІМЕСІ

Мен айтайын əңгіме дастанымды,

Жаратқан ашық етсін аспанымды.

Қартайсаңда қимайсың, қия алмайсың,

Өлуге əттең шіркін бос жаныңды.-

деп кария бастады əнгімесін,

Өмірдің арқау етіп ұлы көшін.

Алты жастан бергісі бəрі есімде,

Шөберем ертең атам айтты десін.

Ойын қуып, үй бетін көрмеуші едік,

Қас қараймай үйге біз келмеуші едік.

Бір үйдің баласындай тату-тəтті,

Ешкімді бөле-жара көрмеуші едік.

Ойыншық қазіргідей жоқ еді ғой,

Болмаса да көңіліміз тоқ еді ғой.

Қазіргілер бар нәрсені ойнамайды,

Білері интернет пен смартфон ғой.

Біздің ойын ақсүйек, жасырынбақ,

Алты бақан тебуші ек ақырындап.

Қартты көрсек қуана қасына кеп,

Отырушы ек əңгіме, ақыл тыңдап.

Ертегі айтып, ойнаушы ек асық атып,

Шахмет, дойбы ойнаушы ек тақылдап.

Қыс болса шана, шаңғы, ақ қала бар,

Балалық шақ білгенге нағыз бақыт.

Еске алып бал кундерін бала бастың,

Тай мініп, тайыншамен жағаластың.

Есейіп он бес жаста бала жігіт,

Қамын да ойламайсың қара бастың.

Осылайша тірлікпен араластың,

Басында үй ошағына қазан астың.

Бұл өмірден көретін бар қызығың,

Жар сүйіп, бауырыңа бала бастың.

Адамның жаны құрбан ұрпағына,

Жеткізу аман-есен нұр таңына.

Балаңды құтты орнына қондырғанша,

Көнесін бұл өмірдің бұлтағына.

Одан кейін боласың немерелі,

Адамсың ауыл басы, өнегелі.

Құдай берген ұрпақты болсаң болды,

Бесплатный фрагмент закончился.
Купите книгу, чтобы продолжить чтение.
электронная
от 108
печатная A5
от 294