6+
Екі лақ

Электронная книга - 800 ₽

Объем: 6 бумажных стр.

Формат: epub, fb2, pdfRead, mobi

Подробнее
О книгеотзывыОглавлениеУ этой книги нет оглавленияЧитать фрагмент

Ертеде қойлармен жәйіліп жүрген екі лақ адасып кетеді. Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы — қалың шілік, ана жағы — қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.

— Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! – деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады.

Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың — ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә! Мына жердің шөбін қара-а!» — деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр:

— Ақ лақ — ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! — деп, зекіреді Қара лақ тағы да.

Бесплатный фрагмент закончился.

Купите книгу, чтобы продолжить чтение.