Шығарма кейіпкері Қалтар қарияның немересі Самиян мен оның достары Райлан мен Файз құпия таяқшаның тылсым күшімен сиқырлар әлеміне тап болады. Көптеген таңғажайып оқиғаларды бастан кешіреді. Ақыр соңында Самиян мен достары Райлан мен Файз Самиянның жоғалып кеткен әкесі Райлдың жаны зұлым сиқырлы күш иелерінің әрекетімен таңғажайып автобусқа айналып кеткенін біледі. Бұл олар үшін күтпеген жағдай еді. Олар бар күштерін сиқырлы күш иелерінің шырмауында қалған әкелерінің жанын босатуға арнайды.
Книга публикуется в авторской орфографии и пунктуации
Курманаева Алтыншаш Жанарбековна — Қостанай обылысы, Әулиекөл ауданында дүниеге келген. Көкшетау қаласы, №14 орта мектебінің, Көкшетау қаласы, Балалар көркем сурет мектебінің және Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің филология бөлімінің түлегі. Қазіргі таңда білім саласына арналған Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті.