электронная
108
печатная A5
261
12+
Сырдар

Бесплатный фрагмент - Сырдар

Объем:
32 стр.
Возрастное ограничение:
12+
ISBN:
978-5-4496-2529-8
электронная
от 108
печатная A5
от 261

Астана!… Құрметті қонақтар, ұшақ Астана әуежайына қонды. Шығуға дайын болыңыздар! Ұшақтан әже мен жас қыз қол ұстасып түсті. Әуежайда келіп кетіп жатқан адам өте көп!

Қыз ұшақтан түсе сала жан-жағына қарайды.

— Жүрегім шыдамай, қатты соғып тұр. Үйеме оралғандай болдым! — деп Айсұлу әже қуанышын білдірді.

— Әжетай-ау, осы күнді соңғы он жыл күттіңіз. Мықты болыңыз! — деп, немересі көзілдірігін шешіп, айналаға қарап, қаланың ауасын терең жұтып, біраз демалып тұрды.

Жиырма жастағы орта бойлы, қара шашты, беті жүдеу келген, үстінде жеңіл пальтесі бар арудың есімі Күміс екен.

— Такси! Такси!

Бойы ұзын, жас такси жүргізушісі қастарына тоқтап:

— Қайда барасыздар? — деп сұрайды. Күміс қолындағы қағазды такси жүргізушіге бере салды. Машинадан шығып, сөмкелерін алып, машинаға қарай апарады.

— Отырыңыздар. Малиновка ауданы ма? Бір сағаттай жол жүреміз.

Айсұлу әже айналасына қарап:

— Алла тағалаға шүкір, Құдайға мың да бір шүкір, — деп қайталай береді. Белін қолымен ұстап, немересі екеуі такси жүргізушінің артынан ерді. Жүргізуші артқы есікті ашып, әжеге отыруға көмектесті.

Такси қозғалды. Әже терезеге қарап ойланып, өзін бір басқа әлемде жүргендей сезінді. Бұны байқаған немересі:

— Әжетайым, бәрі жақсы ма? — деп қолынан ұстайды.

— Бәрі де жақсы, балапаным.

— Сіз алыстан келген сияқтысыз? — деп такси жүргізуші сұрады.

— Түркиядан, балам, — деді әже.

Такси жүргізуші алдыңғы айнаға қарап: — Бәсе, біз жақтың қазақтарына ұқсамайсыздар. Бірақ та нағыз қазақ екендеріңіз, көздеріңізден-ақ көрініп тұр!

— Е, — деп әже басын шайқайды, — Туған жерімізге енді келіп тұрмыз, бір ғасырдай уақыт өтті, өмір деген қамшының сабындай ғой! — тағы да терезеден далаға қарап, ойланып қалады.

— Әжетай, бәрі жақсы ма? — немересі қолын ұстап, қайта-қайта әжесінен көзін алмай, уайымдап, сұрады.

— Жақсы, балапаным, уайымдама, сенің әжең мықты!

Машина бір сағаттай Астана көшелерімен жүрді.

— Әжетай, қараңызшы, сіздің туған жеріңіз қандай әдемі! Жаңа үйлер, биік ғимараттар салынып, бәрі де теледидардағыдай… Жаңа жас қала жарқырап тұр!

— Балам-ау, туған жерінен қымбат жылу жоқ қой!

Біраз уақыт жол жүрген соң, жүргізуші үлкен қоршауы бар аулаға кіріп, тоқтайды.

— Келіп қалдық па? — деп әже терезеге қарады.

Күміс әжесіне машинадан түсуге көмектесті. Белі қисайған әже жан-жаққа қарап, біраз үндемей тұрып қалады.

— Сіздерді күте тұрайын ба? — деп жігіт сұрады.

— Күтсеңіз, күтіңіз, — деп жауап берді әже.

Алдында үлкен әріппен «АЛЖИР» деген жазу көрінді. Әже басын көтергенде, екі қолымен бетін ұстап, көзі бұлдырлап кетеді. Аулаға кіріп келгенде, әженің бүкіл өмірі көз алдынан өте шығады. Вагон ішіндегі макеттерге қарап, жүрегі қатты соғып кетеді. Бұрынғы өміріне оралып, өзінің анасын көргендей болады.

— Әжетай, бәрі дұрыс па? — немересі сұрайды. Ал әжесі болса, басы айналып, бір нүктеге қадалып, көзін алмай тұрып қалды.

Еске түсіру

— Қаламқас, тез балаларды тық! — деп үйге кіріп келген Нәсіп айқайлай салады.

Қаламқас биік тұрған төсектің артындағы, киіздің шетін көтеріп, тесіктен балаларын далаға шығарып жібереді.

— Көрші үйге жүгіріңдер. Айсұлуды тастама! — деп Қаламқас Сырдарға тапсырады. Сырдар кішкентай сіңлісін қолынан ұстап, қатты қорыққаннан жүгірді. Үйге үш адам кіріп келді. Қаламқас кірген адамдарды жақтыртпай, бір орында тұрып қалады.

— Нәсіп, қалың қалай? — деп сұрайды. Екі қолын артына салып алған, белінде қылышы бар НКВД адамы екен.

Нәсіпке жақындап, мойнына қылышты тақап: — Тығып қойған малың бар ма? — деп сұрайды.

— Малдың бәрін айдап кеткен жоқ па едіңдер?!

— Үйің тап-таза екен, әйелің де сұлу! Ал балаларың қайда?

— Үкімет малдың бәрін жойып жатыр, аштан қатырғанша, халықтың қамын ойламайсыңдар ма? — деп Нәсіп айта салады.

Ашуланған НКВД адамы: — Сенің жұмысың болмасын!

Есік алдында қолдарында мылтықтары бар НКВД-ның тағы екі жігіті тұрды.

— Көп сөйлесең, үкіметке қарсы шықсаң, қамап тастаймын, — деп кеудесінен алып, қорқытты. Қаламқастың оларды жапқтыртпағанын көріп, Нәсіптің кеудесін жібере салады. — Әлі емес! Уақытың келеді… — деп сөйлеп, үйден шығып, екі қызыл армияның адамы соңынан еріп, атқа отырып шауып кетеді.

Қаламқас тез арада далаға жүгіріп шығады: — Сырдар!… Сырдар! — деп айғайлап, балаларын шақырды. Сырдар болса көрші үйдің артынан Айсұлуды қолынан жетектеп шығады. Анасы жүгіріп, екеуін қатты құшақтап алады:

— Менің жандарым!

— Әжетайым, Әжетайым? — деген дауыс құлағына келіп, әжесі өз-өзіне келгендей болды.

— Жаным, Күмісім, менің әжем, сенің атаңнын анасы соңғы күндерді осында өткізді, — деп макеттерден көзін алмай, айтады. Күмістің артынан такси жүргізуші жақындады. Әжесінің есіне кішкентай кезгі өмірі көз алдына қайта-қайта келе берді. Анасының құшағының жылуын сезгендей, көңілі жадырап қалады.

— Қорықпаңдар, балапандарым… — деп қызын қолына көтеріп, ұлын қолынан ұстап, үйге кіреді. — Қарыңдарың ашқан шығар, — қолдарына құрт ұстатады.

Қара шашты бала Сырдар ол кезде сегіз жаста, ал түрі әкесінен аумаған Айсұлу алтыда еді. Нәсіптің мазасы кетіп, бір орнында тұра алмай, әрі-бері жүрді. Қаламқас қасына жақындап:

— Енді не болады бізбен, Нәсіп, не істейміз? Сүрленген етті кеше астым, құрттан басқа ештеңе қалмады, оның өзі де аз ғана. Отыршы, Нәсіп, қайта-қайта жүргеннен басым айналып кетті ғой!

Нәсіп қасына барып, отырады.

— Білесің бе, Жанәбілді де малымен бірге алып кетіпті, үйіне әлі қайтпапты, — деп бастады Нәсіп.

— Не сұмдық болып кетті! Балалар үшін қорқамын.

Күн бата бастады. Қаламқас Нәсіпті қатты құшақтап, жатады.

— Егер сені алып кетсе ше? — деп сұрады.

— Жоқ, ондай болмайды, — Қаламқасты құшағына алып, екеуі ұйықтап қалады.

Таңғы бестерде, күн әлі шықпай тұрғанда, Нәсіп шиқ-шиқ еткен бір арбаның келе жатқан дыбысын естіді, ақырын тұрып, далаға шықса, үйдің қасында бес адамды көреді. Түрлері өте нашар, шаршап қалған. Екеуі арба ұстап тұр. Нәсіптің артынан Қаламқас та еріп шығады.

— Су… Су бар ма?

Нәсіп тез арада құдықтан шелекті суға толтырып, әкеліп береді. Жол жүрген адамдар екен. Қатты шөлдеп қалғандары көрініп тұрды, қолдарынан арбаны тастап, бірінен соң бірі су іше бастады. Ыдыстарына да су толтырып алды.

— Бұл менің отбасым, жұмыскерлерім. Малым көп болды. НКВД адамдары малымызды үкіметке бер деген кезде, қарсылық білдіргем, содан қызыл армия адамдары келді де, түгімізді қалдырмай, бәрін тартып алды. Ал бізді ауылдан қуып шықты. Аштықтан қашып, поезд жүретін жолға бара жатырмыз, — деп арасынан біреуі жайын айтты. Нәсіп пен Қаламқас бір-біріне қарап, әңгімелерін тыңдап тұрды.

Арбаны екі ер жігіт екі жақтан ұстап, тау жаққа жүріп кетеді. Соңынан әйелдері де еріп, кетіп қалады. Күннің көзі көтеріліп, дала ыси бастады. Нәсіп пен Қаламқас біраз тұрып, үйге кіріп кетеді.

Бір кезде Нәсіп орнынан тұрып, отбасының халі әлсіреп бара жатқанын ойлап: — Мен әке-шешемнің жағдайларын біліп қайтайын, — деп айтып, жаяу көрші ауылға шығады. Үйге жақындаған сайын қатты дауыстардың шыққаны естілді. Асығып, жүгіреді. Үйде жылап отырған анасы мен қасында көрші әйелді көреді. Алдынан Қуандық інісі атып шығып:

— Аға, ағатайым, әкемізді алып кетті! Үй ішіміздің ойранын шығарып, құран кітабын тауып алды. Әкемізді «сатқын» деп, ұрып, алып кетті! — деп жылап, болған оқиғаны жайып салады.

— Не болдық енді, не болдық, қайттық енді? Құдайым-ау, құдайым-ау! … — деп анасы еңіреді. Нәсіп анасына жақындап, не істерін білмей, біраз отырады.

Ойын жинақтап: — Бізбен жүр, анашым! Бірге болайық!… — дейді.

— Қайда барамыз, балам? Мен бара алмаймын.

— Анашым, қызыл армия әкеткен адамдардан біреуі де әлі артқа қайтқан жоқ. Отбасылары болса аш, енді қалғанда аштықтан бәрі қырылып, өліп қалады.

— Қайтейін енді, балам-ау, не істесек екен? Әкелеріңді қайдан іздейміз? — деп зарлап жылай берді.

Нәсіптің ұсынысын естіген Қуандық, тез арада киімдерін жинай бастады.

— Ештеңе алма, тамақты алсаң болды, — деп Нәсіп айтады. Анасы орнынан тұрып, бірнеше таба нан мен құртты орамалға орап, дорбаға салып қояды.

— Төсек орнымызды қалай тастап кетем-ау, — деп ойлағанда, есік алдында оны екі ұлдың тосып тұрғанын көреді.

Солай Нәсіп анасы мен інісін өзімен бірге алып кетеді.

Сырдар мен Айсұлу терезеден әжесінің келе жатқанын көріп, алдынан жүгіріп шығады.

— Ата, ата да келді ме? — деп әжесін құшақтаған Сырдар сұрады. Әжелерін сонша қатты сағынған екі немересі аяқтарына жабысып, үйге кіреді.

— Балапандарым менің!… — деп, дорбадағы орамалын ашып, наннан үзіп береді.

Күміс әженің қолынан ұстап, мұражайға барады. Такси жүргізуші де соңдарынан ереді. Мұражайға кірген бетте оларды туристік гид қарсы алды.

— Сәлеметсіздер ме? Көмегім қажет болса, мен біраз экскурсия жүргізейін.

Ал Айсұлу ешкімді көрмей, естімей, макеттерге кигізілген қызыл армия костюмдеріне қарап, бір орында тоқтап қалады.

— Балам, — дейді такси жүргізушіге қарап, — кішкене отыра тұрайықшы.

— Әрине отырыңыз, — ішіне қарай барып, орындыққа отырғызады. Сол жерде Айсұлуға бала кезі тағы есіне түсіп, ол үндемей, терең ойға батып кетеді.

Күн ысып кетті. Нәсіп інісімен үйге кірді. Қаламқас үстел жасап, әжесі әкелген нанмен бәрі отырып, шай ішеді. Балалар әжесінің келгеніне қуанып, үстел басында ойнап, тырқ-тырқ күліп отырады.

— Әже, ана адамдар әкеммен ұрсысып, неге біздің малымызды тартып алды? — деп бір кезде Сырдар сұрады. Үстел басында отырғандар бір-бірлеріңе қарап, не айтарын білмей, үндемей қалады. — Атамыз қашан келеді? — деп Сырдар жалғастыра береді. Әжесі балаларға білдіртпей, қолындағы орамалмен көзін сүртіп, жылап қалады.

Күн батқасын, Қаламқас көрпелерді төрге жайып, төсек салады. Сырдар мен Айсұлу әжесінің қасына жатып, ұйықтайды. Қаламқас пен Нәсіп құшақтасып жатады.

Түн. Терезеден жарқыраған айдың жарығы үйге түседі.

— Қарашы, ай туды! Баяғыда атамыз айтатын, ай туғанда, ойымызды таза ұстасақ, мақсатымыз орындалады. Балалар үшін қатты қорқамын, — деп сөйледі Қаламқас. Нәсіптің ұйқысы қашып, көзін ашып жатады. Аспандағы жұлдыздар бірінен соң бірі жана бастайды.

Бір кезде аттың шауып келе жатқаны естілді. Нәсіп жатқан орнынан атып тұрып, Қаламқас әжесінің жанына жүгіріп, балаларын құштап алады.

НКВД адамдары үйге кіре сала, әр бұрышты тіміскілеп, көрпе астарын қопара бастайды.

— Не іздедіңдер? Малды төсек астына тығып қойды дейсіңдер ме? — деп Нісіп айқай салады.

НКВД адамы Нәсіпке жақындап: — Сен білесің бе үйіге кімді кіргізгеніңді? Қолындағы қамшысымен анасына көрсетіп, — бұның шалы, үкіметтің сатқыны, үйінде құран кітабын таптық! — деп айғайға басып, ашуланып кетеді.

— Адамның таза жүргеніне несі бар?… Ол тек қана намаз оқитын еді ғой! Қайда, ол қайда? Қайда? — деп анасы Нәсіпке қосылып, қатты айғайлады.

— Әәә, бәрің бір жерден шыққансыңдар! Мынау сенің кенже балаң ба? — дейді де Қуандыққа жақындап келіп, пышақпен мойнын кереді.

— Тиіспе оған, ол әлі бала! Керек болса, мені ал! — деп Нәсіп алдына тұра қалады.

Шыдамы шыққан Қаламқас шыңғырып, алдына шығып, Ңәсіптің аяғын құшақтайды.

— Ай…, — деп НКВД адамы қолын сілкіп, — жарайды, түк тапқан жоқпыз, — деп басын шайқап, адамдарын алып, шығып кетеді.

Нәсіп мазасызданып, «бұлай болмайды, азанда жиналып, кету керек, енді келсе, бірінен соң бірімізді әкетеді» деп ішінен ойланып, уайымдағаннан еқі қолыменен басын қысып, жерді бір соғады. Солай түні бойы ойланып, ұйықтай алмайды.

Таң атты. … Қаламқас тұрса, Нәсіп жоқ! Далаға шығып қараса, ыдыстарды суға толтырып, арбаны дайындап жатыр екен. Қаламқас бәрін бірден түсініп, шаңырағына қарап, үйімен іштей қоштаса бастады. Үйге кіріп, сандықтан киімдерін шығарып, басындағы орамалын ауыстыру үшін кішкентай айнаны алып, үлкен қара көзі мен жүдеп қалған екі бетіне біраз қарап отырады. Дорбасындағы білезіктері мен сырғаларын алады да, сандықты жапты.

Әжесі балаларға құрт ұстатып, үшеуі арба үстіне мініп отырды. Нәсіп інісі екеуі арбаны екі жақтан сүйреп, Қаламқас олардың артынан еріп, үйді қимай, қайта-қайта артына қарай берді.

Бесплатный фрагмент закончился.
Купите книгу, чтобы продолжить чтение.
электронная
от 108
печатная A5
от 261